Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының кадрмен қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасы нәтижелерін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 458 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 қыркүйекте № 24473 болып тіркелді

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының кадрмен қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасы нәтижелерін бағалау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 458 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының кадрмен қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасы нәтижелерін бағалау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының кадрмен қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасы нәтижелерін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында (бұдан әрі – МӨҚҚО) кадрмен қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасы бойынша шаралардың тиімділігін анықтауға арналған.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ТЖМ) қарамағындағы ведомстволардың, аумақтық бөлімшелер және оның ведомствосына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің, ҚР ТЖМ жоғарғы оқу орынының (бұдан әрі – МӨҚҚО аумақтық бөлімшелері) бірінші басшылары және бірінші басшының орынбасарлары МӨҚҚО кадр саясатының субъектілері болып табылады.

      3. МӨҚҚО аумақтық бөлімшелері кадр саясатының субъектілерін бағалау объектілері болып табылады.

      4. МӨҚҚО кадрмен қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасы нәтижелерін бағалауды (бұдан әрі – Кадр саясаты субъектілерін бағалау) ҚР ТЖМ кадр қызметі (бұдан әрі – кадр қызметі) жүзеге асырады.

      5. Кадр саясаты субъектілерін бағалау күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.

      6. Кадр саясатының субъектілерін бағалау:

      1) адам ресурстарын пайдалану тиімділігі;

      2) МӨҚҚО қызметкерлерін оқыту;

      3) тәртіпті, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлық профилактикасы бойынша жұмыстың тиімділігі;

      4) кәсіби даярлық деңгейі өлшемшарттары бойынша жүзеге асырылады.

      7. Осы Әдістеме "азаматтық қорғау" арнайы атағы берілген МӨҚҚО қызметкерлеріне қатысты қолданылады.

2-тарау. "Адам ресурстарын пайдалану тиімділігі" өлшемшарты

      8. Осы өлшемшарт бойынша бағалау осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МӨҚҚО аумақтық бөлімшелері ұсынатын осы МӨҚҚО аумақтық бөлімшесіндегі басқа аумақтық бөлімшелерге, құқық қорғау органдарына және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына іссапарға жіберу тәртібінде жұмыстан шығарылған және кеткен басшы буын қызметкерлері туралы ақпараты, осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы МӨҚҚО аумақтық бөлімшесіндегі қызметкерлер қатарынан осы МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің жоғары тұрған басшы лауазымына тағайындалған қызметкерлердің жоғарылуы туралы ақпараты, осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басқа аумақтық бөлімшелерден, құқық қорғау органдарынан және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа әскерлерінен және әскери құрылымдарынан іссапарға жіберу тәртібінде осы МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына тағайындалған қызметкерлер туралы ақпараты, осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын уақтылы беру туралы ақпараты негізінде жүргізіледі.

      9. Бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:

      К1 = Р1 + Р2 + Р3 +Р4

      мұнда К1 – осы өлшемшарт бойынша МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің бағасы;

      Р1 – "кадрлардың тұрақтамау деңгейі" көрсеткіші;

      Р2 – "штаттық лауазымдардың жасақталмау деңгейі" көрсеткіші;

      Р3 – "МӨҚҚО аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің жоғарылауы" көрсеткіші;

      Р4 – "еңбек демалысын уақтылы беру" көрсеткіші.

      Осы өлшемшарт бойынша ең жоғарғы мән 25 балды құрайды.

      10. "Кадрлардың тұрақтамау деңгейі" көрсеткіші бойынша бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:

      Р1 = k * (1 – а / 0,07 * b)

      мұнда k – алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіруге арналған коэффициент (6,25-ке тең);

      a – есеп беру кезеңіндегі жұмыстан шығарылған, кеткен (іссапарға жіберілген) МӨҚҚО аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің саны;

      b – МӨҚҚО аумақтық бөлімше қызметкерлерінің нақты саны.

      Ауысу бойынша бағалауды есептеу кезінде мынадай:

      зейнетке шығуына байланысты;

      МӨҚҚО қайта құрылуына немесе штаттың қысқаруына байланысты;

      сырқаты бойынша, қайтыс болуына байланысты;

      саяси лауазымға тағайындалуына байланысты жұмыстан шығарылған қызметкерлер ескерілмейді.

      МӨҚҚО аумақтық бөлімшесі басшысының ауысуына байланысты келесі 3 ай ішінде 3 % астам басшы буын қызметкері өз қалауы бойынша жұмыстан босатылған, басқа бөлімшелерге, оның ішінде құқық қорғау органдарына және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына іссапарға жіберілген жағдайда 3 балл алынады.

      Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мән 6,25 балды құрайды.

      11. "Штаттық лауазымдардың жасақталмау деңгейі" көрсеткіші бойынша бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:

      Р2 = k * (1 – а / 0,1 * b)

      мұнда k – алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіруге арналған коэффициент (6,25-ке тең);

      a – МӨҚҚО аумақтық бөлімшесіндегі бос штаттық лауазымдар саны (жасақталмау);

      b – МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің штаттық кестесіне сәйкес лауазымдардың орташа саны (штат саны).

      Лауазымдардың орташа саны бірінші тоқсаннан бастап төртінші тоқсанды қоса алғанда МӨҚҚО аумақтық бөлімшесі лауазымдар саны жиынтығының орташа мәні ретінде анықталады.

      Егер алынған нәтиже минус белгісімен шықса, онда МӨҚҚО аумақтық бөлімшесіне осы көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады.

      Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мән 6,25 балды құрайды.

      12. "МӨҚҚО аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің жоғарылауы" көрсеткіші бойынша бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:

      Р3 = k * а / b

      мұнда k – алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіруге арналған коэффициент (6,25-ке тең);

      a – осы аумақтық бөлімшенің қызметкерлері қатарынан осы МӨҚҚО аумақтық бөлімшедегі жоғары тұрған лауазымға тағайындалған қызметкерлердің саны;

      b – басқа аумақтық бөлімшелерден, құқық қорғау органдарынан және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа әскерлерінен және әскери құрылымдарынан іссапарға жіберу тәртібінде кадр резервінен жоғарылатуға МӨҚҚО аумақтық бөлімшесіндегі жоғары тұрған басшы лауазымдарға тағайындалған қызметкерлердің жалпы саны.

      Егер жоғары тұрған бос лауазымдардың болмауына байланысты МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінде жоғары тұрған лауазымдарға тағайындаулар болмаған жағдайда МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінде осы көрсеткіш бойынша 3 балл қойылады.

      Егер МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінде осы бөлімшенің кадр резервінен жоғары тұрған лауазымдарға тағайындаулар болған және басқа аумақтық бөлімшелерден, құқық қорғау органдарынан және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа әскерлерінен және әскери құрылымдарынан іссапарға жіберу тәртібінде лауазымдарға тағайындаулар болмаған жағдайда МӨҚҚО осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мән қойылады.

      Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мән 6,25 балды құрайды.

      13. "Еңбек демалысын уақтылы беру" көрсеткіші бойынша бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:

      Р4 = k * а / b

      мұнда k – алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіруге арналған коэффициент (6,25-ке тең);

      a – есептік кезеңде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы толық көлемде берілген МӨҚҚО аумақтық бөлімшесі қызметкерлер саны;

      b – МӨҚҚО аумақтық бөлімшесі қызметкерлерінің нақты саны.

      Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мән 6,25 балды құрайды.

3-тарау. "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерін оқыту" өлшемшарты

      14. Осы өлшемшарт бойынша бағалау осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МӨҚҚО аумақтық бөлімшелері ұсынатын біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өтуге жататын және өткен қызметкерлер туралы ақпарат және осы Әдістемеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өтуге жататын және өткен қызметкерлер туралы ақпарат негізінде жүргізіледі.

      15. Бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:

      K2 = Р1 + Р2

      мұнда K2 – МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің осы өлшемшарт бойынша бағасы;

      Р1 – "МӨҚҚО қызметкерлерінің біліктілігін арттыру" көрсеткіші;

      Р2 – "МӨҚҚО қызметкерлерін қайта даярлау" көрсеткіші.

      Осы өлшемшарт бойынша ең жоғарғы мән 25 балды құрайды.

      16. "МӨҚҚО қызметкерлерінің біліктілігін арттыру" көрсеткіші бойынша бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:

      Р1 = k * a / b

      мұнда k – алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіруге арналған коэффициент (17,5-ке тең);

      a – есеп беру кезеңінде МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің біліктілігін арттырудан өтуге жататын қызметкерлер қатарынан біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлер саны;

      b – есептік кезеңде МӨҚҚО аумақтық бөлімшелерінің біліктілігін арттырудан өтуге жататын қызметкерлерінің саны.

      Осы өлшемшарт бойынша ең жоғарғы мән 17,5 балды құрайды.

      17. "МӨҚҚО қызметкерлерін қайта даярлау" көрсеткіші бойынша бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:

      Р1 = k * c / d

      мұнда k – алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіруге арналған коэффициент (7,5-ге тең);

      c – есептік кезеңде МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің қайта даярлауға жататын қызметкерінің қатарынан қайта даярлаудан өткен қызметкерлерінің саны;

      d – есептік кезеңде МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің қайта даярлаудан өтуге жататын қызметкерлерінің саны.

      Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мән 7,5 балды құрайды.

4-тарау. "Тәртіпті, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлық профилактикасы жөніндегі жұмыстың тиімділігі" өлшемшарты

      18. Бағалау МӨҚҚО аумақтық бөлімшесі ұсынатын сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін сотталған, әкімшілік және тәртіптік теріс қылық жасаған, теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған қызметкерлер туралы ақпарат негізінде жүргізіледі.

      административные или дисциплинарные проступки

      19. Бағалауды жүргізу кезінде аумақтық МӨҚҚО жеке құрамының 1000 бірлігіне есептегенде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған, әкімшілік және тәртіптік теріс қылық жасаған, теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған қызметкерлердің саны ескеріледі.

      20. "Тәртіпті, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлық профилактикасы жөніндегі жұмыстың тиімділігі" өлшемшарты бойынша бағалау осы Әдістемеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қойылады.

      21. Бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:

      К3 = Р1 + Р2 + Р3

      мұнда К3 – МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің осы өлшемшарт бойынша бағасы;

      Р1 – "сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған, оның ішінде қылмыс жасау сәтінде осы МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің қызметкері болып табылатын қызметкерлердің саны" көрсеткіші;

      Р2 – "әкімшілік және тәртіптік теріс қылық жасаған, оның ішінде құқық бұзушылықты жасау сәтінде осы МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің қызметкері болып табылатын қызметкерлердің саны" көрсеткіші;

      Р3 – "теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған, оның ішінде жұмыстан шығару сәтінде осы МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің қызметкері болып табылатын қызметкерлердің саны" көрсеткіші.

      Осы өлшемшарт бойынша ең жоғарғы мән 25 балды құрайды.

      22. "Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған, оның ішінде қылмыс жасау сәтінде осы МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің қызметкері болып табылатын қызметкерлердің саны" көрсеткіші бойынша бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:

      Р2 = 1000 * (а / b)

      a – МӨҚҚО өзі анықтаған, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған қызметкерлердің санын қоспағанда, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған қызметкерлердің, оның ішінде қылмыс жасау сәтінде осы МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің болып табылған қызметкерлердің саны;

      b – МӨҚҚО аумақтық бөлімшесі қызметкерлерінің нақты саны.

      Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мән 15 балды құрайды.

      23. "Әкімшілік және тәртіптік теріс қылық жасаған, оның ішінде құқық бұзушылықты жасау сәтінде осы МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің қызметкері болып табылатын қызметкерлердің саны" көрсеткіші бойынша бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:

      Р2 = 1000 * (а / b)

      a – МӨҚҚО өзі анықтаған әкімшілік және тәртіптік теріс қылық жасаған қызметкерлердің санын қоспағанда, әкімшілік және тәртіптік теріс қылық жасаған, оның ішінде құқық бұзушылықты жасау сәтінде осы МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің қызметкері болып табылатын қызметкерлердің саны;

      b – МӨҚҚО аумақтық бөлімшесі қызметкерлерінің нақты саны.

      Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мән 6 балды құрайды.

      24. "Теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған қызметкерлердің, оның ішінде жұмыстан шығару сәтінде осы МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің қызметкері болып табылатын қызметкерлердің саны" көрсеткіші бойынша бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:

      Р1 = 1000 * (а / b)

      a – әкімшілік және тәртіптік теріс қылық жасаған, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған қызметкерлердің санын қоспағанда, теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған, оның ішінде жұмыстан шығару сәтінде осы МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің қызметкері болып табылған қызметкерлердің саны;

      b – МӨҚҚО аумақтық бөлімшесі қызметкерлерінің нақты саны.

      Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мән 4 балды құрайды.

5-тарау. "Кәсіби даярлық деңгейі" өлшемшарты

      25. Осы өлшемшарт бойынша бағалау осы Әдістемеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МӨҚҚО аумақтық бөлімшелері ұсынатын біліктілік беруге жататын және біліктілік берілген қызметкерлер туралы ақпараты және осы Әдістемеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МӨҚҚО аумақтық бөлімшесі оқу-материалдық базасының жабдықталуы туралы ақпараты негізінде жүргізіледі.

      26. "Кәсіби даярлық деңгейі" көрсеткіші бойынша бағалауды жүргізу кезінде жыл сайын кадр қызметіне беретін есептік кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кадрдың жай-күйіне жүргізілген мониторинг бойынша МӨҚҚО аумақтық бөлімшесі есептерінің тиісті деректері ескеріледі.

      27. Бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:

      К4 = Р1 + Р2

      мұнда K4 – МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің осы өлшемшарты бойынша бағасы;

      Р1 – "сыныптық біліктілік беру" көрсеткіші;

      Р2 – "МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің оқу-материалдық базасы" көрсеткіші.

      Осы өлшемшарт бойынша ең жоғарғы мән 25 балды құрайды.

      28. "Сыныптық біліктілік беру" көрсеткіші бойынша бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:

      Р1 = k1 * a / b

      k1 – алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіруге арналған коэффициент (16-ға тең);

      a – қызметтік және құқықтық даярлық бойынша тестілеу, дене шынықтыру және өрт-құтқару сынақтар тапсыру қорытындылары бойынша сыныптық біліктілік берілген МӨҚҚО аумақтық бөлімшесі қызметкерлерінің саны;

      b – МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің сыныптық біліктілікті беруге жататын қызметкерлерінің саны.

      Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мән 16 балды құрайды.

      29. "МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің оқу-материалдық базасы" көрсеткіші бойынша бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:

      Р2 = c + d + е

      с – спорт ғимаратының бар-жоғы;

      d – оқу мұнарасының бар-жоғы;

      е – оқу-әдістемелік кабинетінің бар-жоғы.

      С, d және е-нің біреуі болған жағдайда МӨҚҚО аумақтық бөлімшесіне жарақталуына байланысты әрқайсысы үшін 3 балға дейін қосылады.

      С, d, және е-нің біреуі болмаған жағдайда МӨҚҚО аумақтық бөлімшесіне жарақталуына және оқу сабақтарын өткізу үшін жасалған жағдайына байланысты 0,5 балға дейін қосылады.

      Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мән 9 балды құрайды.

6-тарау. Кадр саясатының субъектілерін қорытынды бағалау

      30. Кадр саясатының субъектілерін қорытынды бағалау барлық өлшемшарттар бойынша есептердің алынған нәтижелерін қосу арқылы анықталады:

      О = К1 + К2 + К3 + К4

      мұнда О – кадрмен қамтамасыз ету және жұмыс сапасының нәтижелері бойынша МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің қорытынды бағасы;

      К1 – "адам ресурстарын пайдалану тиімділігі" өлшемшарты бойынша МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің бағасы;

      К2 – "МӨҚҚО қызметкерлерін оқыту" өлшемшарты бойынша МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің бағасы;

      К3 – "тәртіпті, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлық профилактикасы бойынша жұмыс тиімділігі" өлшемшарты бойынша МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің бағасы;

      К4 – "кәсіби даярлық деңгейі" өлшемшарты бойынша МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің бағасы.

      31. Кадрмен қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасы нәтижелерін бағалау туралы қорытындыны осы Әдістемеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр қызметі дайындайды.

      32. Балдар осы Әдістемеге 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрмен қамтамасыз ету және МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің жұмыс сапасы нәтижелерін бағалауға арналған өлшемшарттар мен көрсеткіштер бойынша қойылады.

      33. Алынған бағалау нәтижесіне сәйкес МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің қызметі тиімділігінің дәрежесі анықталады. Ақаматтық қорғау органының аумақтық бөлімшесі тиімділігінің жоғары дәрежесі 80-нен бастап 100 балға дейін, орта дәрежесі 60-тан бастап 79,99 балға дейін, төмен дәрежесі 50-ден бастап 59,99 балға дейін бағалау көрсеткішіне сәйкес келеді. Бағалау нәтижелері бойынша 49,99 балдан төмен алған МӨҚҚО аумақтық бөлімшесінің қызметі тиімсіз болып танылады.

  Мемлекеттік өртке қарсы
қызмет органдарының
кадрмен қамтамасыз ету және
кадр саясаты субъектілерінің
жұмыс сапасы нәтижелерін
бағалау әдістемесіне
1-қосымша

      Нысан

Осы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының аумақтық бөлімшесіндегі басқа аумақтық бөлімшелерге, құқық қорғау органдарына және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына іссапарға жіберу тәртібінде жұмыстан шығарылған және кеткен басшы буын қызметкерлері туралы ақпарат

Жұмыстан шығарылған не іссапарға жіберілген басшы буын қызметкерінің атағы, тегі, аты, әкесінің атын (бар болған жағдайда), бұрын атқарған лауазымының толық атауы

Кету себебі (жұмыстан шығару бабы, қайда іссапарға жіберілді)

Жұмыстан шығару, іссапарға жіберу күні; бұйрықтың нөмірі

Ескертпе

1.





      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет

      органы аумақтық бөлімшесінің басшысы ________ ____________________

      (қолы) (қойылған қолды ашып жазу)

      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының

      аумақтық бөлімшесі кадр қызметінің басшысы ________ ____________________

      (қолы) (қойылған қолды ашып жазу)

      20___ жылғы "____" ______________

  Мемлекеттік өртке қарсы
қызмет органдарының
кадрмен қамтамасыз ету және
кадр саясаты субъектілерінің
жұмыс сапасы нәтижелерін
бағалау әдістемесіне
2-қосымша

      Нысан

Осы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының аумақтық бөлімшесіндегі қызметкерлер қатарынан осы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының аумақтық бөлімшесінің жоғары тұрған басшы лауазымына тағайындалған қызметкерлердің жоғарылуы туралы ақпараты

Жоғары тұрған лауазымға тағайындалған адамның атағы, тегі, аты, әкесінің атын (бар болған жағдайда)

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы аумақтық бөлімшесінің штаттық кестесіне сәйкес құрылымдық бөлімшенің (бөлім, басқарма, департамент) толық атауын көрсете отырып, атқаратын лауазымының толық атауы

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы аумақтық бөлімшесінің штаттық кестесіне сәйкес құрылымдық бөлімшенің (бөлім, басқарма, департамент) толық атауын көрсете отырып, бұрын атқарған лауазымының толық атауы

Лауазымға тағайындау күні, тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі






      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы

      аумақтық бөлімшесінің басшысы ________ ____________________

      (қолы) (қойылған қолды ашып жазу)

      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының

      аумақтық бөлімшесі кадр қызметінің басшысы ________ _____________________

      (қолы) (қойылған қолды ашып жазу)

      20___ жылғы "____" ______________

  Мемлекеттік өртке қарсы
қызмет органдарының
кадрмен қамтамасыз ету және
кадр саясаты субъектілерінің
жұмыс сапасы нәтижелерін
бағалау әдістемесіне
3-қосымша

      Нысан

Басқа аумақтық бөлімшелерден, құқық қорғау органдарынан және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа әскерлерінен және әскери құрылымдарынан іссапарға жіберу тәртібінде осы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының аумақтық бөлімшесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына тағайындалған қызметкерлер туралы ақпараты

Жоғары тұрған лауазымға тағайындалған адамның атағы, тегі, аты, әкесінің атын (бар болған жағдайда)

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы аумақтық бөлімшесінің штаттық кестесіне сәйкес құрылымдық бөлімшенің (бөлім, басқарма, департамент) толық атауын көрсете отырып, атқаратын лауазымының толық атауы

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы аумақтық бөлімшесінің штаттық кестесіне сәйкес құрылымдық бөлімшенің (бөлім, басқарма, департамент) толық атауын көрсете отырып, бұрын атқарған лауазымының толық атауы

Лауазымға тағайындау күні, тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі






      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы

      аумақтық бөлімшесінің басшысы ________ ____________________

      (қолы) (қойылған қолды ашып жазу)

      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының

      аумақтық бөлімшесі кадр қызметінің басшысы ________ ____________________

      (қолы) (қойылған қолды ашып жазу)

      20___ жылғы "____" ______________

  Мемлекеттік өртке қарсы
қызмет органдарының
кадрмен қамтамасыз ету және
кадр саясаты субъектілерінің
жұмыс сапасы нәтижелерін
бағалау әдістемесіне
4-қосымша

      Нысан

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстың уақтылы берілуі туралы ақпарат

Атауы

Қызметкерлердің нақты саны

Бағаланатын жылы жыл сайынғы еңбек демалысы толық көлемде берілген қызметкерлердің саны

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының аумақтық бөлімшесіндегі жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы күндерінің орташа саны

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының аумақтық бөлімшесі




      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы

      аумақтық бөлімшесінің басшысы ________ ____________________

      (қолы) (қойылған қолды ашып жазу)

      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының

      аумақтық бөлімшесі кадр қызметінің басшысы ________ ___________________

      (қолы) (қойылған қолды ашып жазу)

      20___ жылғы "____" ______________

  Мемлекеттік өртке қарсы
қызмет органдарының
кадрмен қамтамасыз ету және
кадр саясаты субъектілерінің
жұмыс сапасы нәтижелерін
бағалау әдістемесіне
5-қосымша

      Нысан

Біліктілігін арттырудан өтуге жататын және өткен қызметкерлер туралы ақпарат

Атауы

Біліктілігін арттырудан өтуге жататын қызметкерлердің саны

Біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлердің саны

Біліктілігін арттырудан өтпеген қызметкерлердің саны

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының аумақтық бөлімшесі




      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы

      аумақтық бөлімшесінің басшысы ________ ____________________

      (қолы) (қойылған қолды ашып жазу)

      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының

      аумақтық бөлімшесі кадр қызметінің басшысы ________ ____________________

      (қолы) (қойылған қолды ашып жазу)

      20___ жылғы "____" ______________

  Мемлекеттік өртке қарсы
қызмет органдарының
кадрмен қамтамасыз ету және
кадр саясаты субъектілерінің
жұмыс сапасы нәтижелерін
бағалау әдістемесіне
6-қосымша

      Нысан

Қайта даярлаудан өтуге жататын және өткен қызметкерлер туралы ақпарат

Атауы

Қайта даярлаудан өтуге жататын қызметкерлердің саны

Қайта даярлаудан өткен қызметкерлердің саны

Қайта даярлаудан өтпеген қызметкерлердің саны

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының аумақтық бөлімшесі




      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы

      аумақтық бөлімшесінің басшысы ________ ____________________

      (қолы) (қойылған қолды ашып жазу)

      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының

      аумақтық бөлімшесі кадр қызметінің басшысы ________ ____________________

      (қолы) (қойылған қолды ашып жазу)

      20___ жылғы "____" ______________

  Мемлекеттік өртке қарсы
қызмет органдарының
кадрмен қамтамасыз ету және
кадр саясаты субъектілерінің
жұмыс сапасы нәтижелерін
бағалау әдістемесіне
7-қосымша

      Нысан

      1-кесте

Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған, оның ішінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы өзі анықтаған сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған қызметкерлерді қоспағанда, жеке құрамның 1000 бірлігіне қылмыс жасау сәтінде осы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы аумақтық бөлімшесінің қызметкері болып табылатын қызметкерлердің саны.

Балл

0

15

0-ден жоғары 1,12-ге дейін

14

0,13-тен 0,24-ке дейін

13

0,25-тен 0,36-ға дейін

12

0,37-ден 0,48-ге дейін

11

0,49-дан 0,6-ға дейін

10

0,61-ден 0,72-ге дейін

9

0,73-тен 0,84-ке дейін

8

0,85-тен 0,96-ға дейін

7

0,97-ден 1,08-ге дейін

6

1,09-дан 1,2-ге дейін

5

1,21-ден 1,32-ге дейін

4

1,33-тен 1,44-ке дейін

3

1,45-тен 1,56-ға дейін

2

1,57-ден 1,68-ге дейін

1

1,68-ден жоғары

0

      2-кесте

Әкімшілік және тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін сотталған, оның ішінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы өзі анықтаған әкімшілік және тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін сотталған қызметкерлерді қоспағанда, жеке құрамның 1000 бірлігіне құқық бұзушылық жасау сәтінде осы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы аумақтық бөлімшесінің қызметкері болып табылатын қызметкерлердің саны.

Балл

0

6

0-ден жоғары 0,30-ға дейін

5

0,31-ден 0,60-қа дейін

4

0,61-ден 0,90-ға дейін

3

0,91-ден 1,20-ға дейін

2

1,21-ден 1,50-ге дейін

1

1,50-ден жоғары

0

      3-кесте

Теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны, әкімшілік және тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін сотталған қызметкерлердің санын қоспағанда, жеке құрамның 1000 бірлігіне жұмыстан шығару сәтінде осы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы аумақтық бөлімшесінің қызметкері болып табылатын қызметкерлердің саны

Балл

0

4

0-ден жоғары 0,80-ге дейін

3

0,81-ден 1,60-қа дейін

2

1,61-ден 2,40-қа дейін

1

2,40-тан жоғары

0

  Мемлекеттік өртке қарсы
қызмет органдарының
кадрмен қамтамасыз ету және
кадр саясаты субъектілерінің
жұмыс сапасы нәтижелерін
бағалау әдістемесіне
8-қосымша

      Нысан

Біліктілік беруге жататын және біліктілік берілген қызметкерлер туралы ақпарат

Атауы

Сыныптық біліктілік беруге жататын аумақтық бөлімшенің қызметкерлер саны

Қызметтік және құқықтық даярлық бойынша тестілеу, дене шынықтыру және өрт-құтқару сынақтар тапсыру қорытындылары бойынша сыныптық біліктілік берілген мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының аумақтық бөлімшесі қызметкерлерінің саны

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының аумақтық бөлімшесі



      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы

      аумақтық бөлімшесінің басшысы ________ ____________________

      (қолы) (қойылған қолды ашып жазу)

      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының

      аумақтық бөлімшесі кадр қызметінің басшысы ________ ____________________

      (қолы) (қойылған қолды ашып жазу)

      20___ жылғы "____" ______________

  Мемлекеттік өртке қарсы
қызмет органдарының
кадрмен қамтамасыз ету және
кадр саясаты субъектілерінің
жұмыс сапасы нәтижелерін
бағалау әдістемесіне
9-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының аумақтық бөлімшесі оқу-материалдық базасының жарақталуы туралы ақпарат

Атауы

Спорт ғимаратының бар-жоғы

Оқу мұнарасының бар-жоғы

Оқу-әдістемелік кабинетінің бар-жоғы

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының, ведомствоның аумақтық бөлімшесі




      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы

      аумақтық бөлімшесінің басшысы ________ ____________________

      (қолы) (қойылған қолды ашып жазу)

      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының

      аумақтық бөлімшесі кадр қызметінің басшысы ________ ____________________

      (қолы) (қойылған қолды ашып жазу)

      20___ жылғы "____" ______________

  Мемлекеттік өртке қарсы
қызмет органдарының
кадрмен қамтамасыз ету және
кадр саясаты субъектілерінің
жұмыс сапасы нәтижелерін
бағалау әдістемесіне
10-қосымша

      Нысан

Кадрмен қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасы нәтижелерін бағалау туралы қорытынды _________________________________________________________ (аумақтық мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының атауы) ________________ (есептік кезең)

Бағалау өлшемшарттары

Әрбір өлшемшарттың бағалау балы

1

Адам ресурстарын пайдалану тиімділігі

25

2

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерін оқыту

25

3

Тәртіпті, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлық профилактикасы жөніндегі жұмыстың тиімділігі

25

4

Кәсіби даярлық деңгейі

25

Жалпы бағалау:

100

Жалпы бағалаудың мәні:

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы аумақтық бөлімшесінің қызметі тиімділігінің жоғары дәрежесі

      Бағалау өлшемшарттары бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының

      аумақтық бөлімшесін кадрмен қамтамасыз ету және оның жұмыс сапасы нәтижелерін

      талдау: ___________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Қорытындылар мен ұсынымдар: ____________________________________

      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет

      органының аумақтық бөлімшесі

      басшысының бірінші орынбасары ________ ____________________

      (қолы) (қойылған қолды ашып жазу)

      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының

      аумақтық бөлімшесі кадр қызметінің басшысы ________ ___________________

      (қолы) (қойылған қолды ашып жазу)

      20___ жылғы "____" ______________

  Мемлекеттік өртке қарсы
қызмет органдарының
кадрмен қамтамасыз ету және
кадр саясаты субъектілерінің
жұмыс сапасы нәтижелерін
бағалау әдістемесіне
11-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы аумақтық бөлімшесінің кадрмен қамтамасыз ету және жұмыс сапасы нәтижелерін бағалауға арналған өлшемшарттар мен көрсеткіштер

Өлшемшарттың/көрсеткіштің атауы

Балдар

1

Адам ресурстарын пайдалану тиімділігі

25

1.1

Кадрлардың тұрақтамау деңгейі

6,25

1.2

Штаттық лауазымдардың жасақталмау деңгейі

6,25

1.3

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін жоғарылату

6,25

1.4

Еңбек демалысын уақтылы беру

6,25

2

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерін оқыту

25

2.1

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

17,5

2.2

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерін қайта даярлау

7,5

3

Тәртіпті, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлық профилактикасы жөніндегі жұмыстың тиімділігі

25

3.1

Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған, оның ішінде қылмыс жасау сәтінде осы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы аумақтық бөлімшесінің қызметкері болып табылатын қызметкерлердің саны

15

3.2

Әкімшілік және тәртіптік теріс қылық жасаған, оның ішінде құқық бұзушылықты жасау сәтінде осы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы аумақтық бөлімшесінің қызметкері болып табылатын қызметкерлердің саны

6

3.3

Теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған, оның ішінде жұмыстан шығару сәтінде осы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы аумақтық бөлімшесінің қызметкері болып табылатын қызметкерлердің саны

4

4

Кәсіби даярлық деңгейі

25

4.1

Сыныптық біліктілік беру

16

4.2

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы аумақтық бөлімшесінің оқу-материалдық базасы

9


Барлығы:

100


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады