БҰЙЫРАМЫН:
1. "Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндітін атқарушының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 157 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20187 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шарт бекітілсін";
көрсетілген бекітілген бұйрықпен Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шарт";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Субсидиялау сомасы "Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерін субсидиялау" республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Субсидиялау) бойынша көзделуге тиіс.
Тасымалдаушының купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін төлеуге арналған шығыстары тасымалдаушының қаржылық жағдайын ескере отырып, жыл сайын қайта қаралады және тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген сома шегінде субсидияланады.
Шарттың талаптарына сәйкес субсидиялар көлемдерін тиісті жылға арналған тиісті бюджетте көзделген қаражат шегінде қайта қарауға жол беріледі.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрдің міндетін атқарушы |
Б. Камалиев |