Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 17.09.2021 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-41) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шарт бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 17.09.2021 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
К. Ускенбаев |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 157 бұйрығымен бекітілген |
Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шарт
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 17.09.2021 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нұр-Сұлтан қаласы 2020 жылғы "_______"________
________________________ бұдан әрі "Уәкілетті орган" деп аталатын ____________ негізінде әрекет ететін ____________ бірінші тарап және ________________________ бұдан әрі "Тасымалдаушы" деп аталатын ____________ негізінде әрекет ететін ____________ екінші тарап, бірлесе отырып "Тараптар" деп атала отырып, Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін бюджеттік қаражаттар есебінен субсидиялауға арналған өтінімдерді қарау қорытындылары туралы 2020 жылғы "_______"________ хаттамаға сәйкес, төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.
1-тарау Шарттың мәні
1. Субсидиялауға тасымалдаушының магистральдық теміржол желісін және темір жол көлігінің жылжымалы құрамын 11,5% мөлшерлеме бойынша дамыту мақсатында 2019 жылы шығарылған 307 194 406,15 мың теңге сомасына облигациялар бойынша купондық сыйақы ставкасының бір бөлігін төлеу жөніндегі шығыстарын жүзеге асырады. Субсидиялау мынадай шарттарда жүзеге асырылады:
1) субсидиялау мөлшерлемесінің көлемі көлік жөніндегі кеңестің ұсынымы бойынша айқындалады;
2) облигацияларды өтеу мерзімі- Проспект шарттарына сәйкес.
2. Субсидиялау сомасы "Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерін субсидиялау" республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Субсидиялау) бойынша көзделуге тиіс.
Тасымалдаушының купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін төлеуге арналған шығыстары тасымалдаушының қаржылық жағдайын ескере отырып, жыл сайын қайта қаралады және тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген сома шегінде субсидияланады.
Шарттың талаптарына сәйкес субсидиялар көлемдерін тиісті жылға арналған тиісті бюджетте көзделген қаражат шегінде қайта қарауға жол беріледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 17.09.2021 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Тасымалдаушы осы Шартпен және облигацияларды шығару проспектісімен көзделген міндеттемелерді орындауға міндеттенеді.
2-тарау Тараптардың құқықтары мен міндеттемелері
4. Уәкілетті орган "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-40) тармақшаларына сәйкес бекітілген Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес субсидиялауды жүзеге асырады.
5. Уәкілетті орган:
1) осы Шартта және облигациялар шығару проспектісінде белгіленген тасымалдаушының міндеттемелерін орындау мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
2) Тасымалдаушымен ұсынылатын құжаттардың негізінде облигацияларды шығарудан түсетін қаржылардың мақсатты түрде пайдаланылуына кем дегенде жылына бір рет мониторинг жүргізуге;
3) Тасымалдаушыдан ақпаратты, соның ішінде магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамытуға қатысты қаржылық-шаруашылық қызмет құжаттарын сұратуға және алуға;
4) облигациялар шығару проспектісі бойынша мерзімі өткен берешек фактілері анықталған жағдайда, тасымалдаушы міндеттемелерді орындағанға дейін субсидиялауды тоқтата тұруға.
6. Тасымалдаушы міндетті:
1) өз міндеттемелерін уақтылы әрі толық көлемде орындауға, соның ішінде өтеу графигіне сәйкес облигациялардың купондық сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін ұстаушыларға купондық сыйақы төлемін жүргізуге;
2) Уәкілетті органға оның жазбаша сұрау салуы бойынша ақпаратты, соның ішінде магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамытуға қатысты қаржылық-шаруашылық қызмет құжаттарын ашуға;
3) Уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға осы Шарттың талаптары және іске асырылуы туралы ақпаратты бермеуге және ашпауға;
4) осы Шартқа қосымша келісім жасай отырып, купондық сыйақы ставкасын ұлғайтуға қатысты облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді уәкілетті органмен келісуге;
5) купондық сыйақы мөлшерлемесін ұлғайтуға қатысты облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік тіркелген жағдайда үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға растау құжаттарын ұсынуға;
6) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін уәкілетті органға субсидияларды пайдалану туралы ақпарат ұсынуға;
7) он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға басшылардың құрамындағы, атауы, деректемелері, заңды және нақты мекенжайлардағы өзгерістер туралы хабарлауға.
7. Тасымалдаушы құқылы:
1) уәкілетті органнан осы Шарттың талаптарымен субсидияларды уақтылы төлеуді талап етуге;
2) субсидиялау жөніндегі уәкілетті органның міндеттемелерін орындау шеңберінде санамаланған субсидиялар көлемі туралы ақпарат алуға.
3-тарау. Өзара есеп айырысу тәртібі
8. Республикалық бюджеттен субсидиялар төлеу төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізіледі және купондық сыйақыны төлеу кестесі осы Шарттың қосымшасына сәйкес жүргізіледі.
9. Тасымалдаушы купондық сыйақыны төлегенге дейін жиырма жұмыс күні бұрын төлем кестесіне сәйкес уәкілетті органның мекенжайына Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тасымалдаушының есеп айырысу шотына республикалық бюджеттен қаражат аударуға арналған өтінімді (бұдан әрі-аударуға арналған өтінім) ұсынады.
10. Аударуға берілген өтініммен келіспеген жағдайда Тараптар аударуға өтінім берілген күннен кейінгі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде деректерді нақтылауды жүргізеді.
11. Уәкілетті орган аударуға өтінім берілген күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей осы Шартқа сәйкес тасымалдаушыға субсидиялар сомасын аударуды жүзеге асырады.
12. Тасымалдаушыға субсидиялар сомасын аударуды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджеттік бағдарлама бойынша магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған ведомость қалыптастырады.
13. Тасымалдаушыға субсидияларды аудару үшін уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсынады.
4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
14. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
15. Тасымалдаушы осы Шартқа қол қою арқылы уәкілетті органға осы Шартқа қол қоюға келісім береді:
1) субсидиялау жүзеге асырылатын облигациялар бойынша осы Шарт шеңберінде алынған ақпарат пен құжаттарды, оның ішінде банктік және коммерциялық құпияны мүдделі үшінші тұлғаларға беруге;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында тасымалдаушының атауын, жоба іске асырылатын өңірдің атауын, тасымалдаушы жобасының, сондай-ақ саланың атауы мен сипаттамасын жариялауға.
5-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
16. Егер орындаудың мүмкін еместігі еңсерілмейтін күш жағдайлардың салдары болып табылса, Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
17. Еңсерілмейтін күш жағдайлар туындаған кезде осы Шарт бойынша оның міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған тарап туындаған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде осындай жағдайлар туралы екінші Тарапқа уақтылы хабарлайды. Бұл ретте еңсерілмейтін күш жағдайлардың сипаты, қолданылу кезеңі, басталу фактісі уәкілетті органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.
18. Еңсерілмейтін күш жағдайлардың туындауы осы Шарттың орындалу мерзімін олардың қолданылу кезеңіне ұлғайтуды тудырады.
19. Егер мұндай жағдайлар қатарынан 3 айға созылатын болса, онда Тараптардың кез келгенінің осы Шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқығы бар.
6-тарау. Қорытынды ережелер
20. Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
21. Шарт тараптардың өзара келісімі бойынша немесе Тараптардың бірінің талап етуі бойынша екінші Тарап міндеттемелерін орындамаған жағдайда бұзылуы мүмкін.
22. Шартты орындаудан біржақты бас тарту немесе шартты біржақты бұзу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
23. Шартты мерзімінен бұрын бұзу кезінде бұзуға бастамашы тарап бұл туралы шарт бұзылғанға дейін кемінде бір ай бұрын екінші Тарапты жазбаша хабардар етуге міндетті.
24 Тараптар келіспеушіліктерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған кезде туындаған даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешетін болады.
25. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жазбаша нысанда мемлекеттік және (немесе) орыс тілінде бірдей заңды күші бар Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі данада жасалады және екі тарап та қол қояды.
26. Осы Шарт Нұр-Сұлтан қаласында 20___ жылғы "____"________ заңды күші бірдей, Тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан екі данада жасалған.
7-тарау. Тараптардың деректемелері мен қолдары
Уәкілетті орган ___________________________ __________________ Мөр орны
Эмитент ___________________________ __________________ Мөр орны
Купондық сыйақы төлеу графигі
Жыл | Сыйақының жалпы мөлшерлемесі | Сыйақының жалпы сомасы | Субсидиялауға жататын сыйақы мөлшерлемесі | Уәкілетті орган субсидиялайтын сыйақы сомасы | Тасымалдаушының өтеуіне жататын сыйақы мөлшерлемесі |
Тасымалдаушының ақы сыйақы |
Уәкілетті орган |
Тасымалдаушы |