ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
"Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 4-4) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларын, Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 23 қарашадағы № 108 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21731 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ішінде ұсынылған құжаттарды олардың Қағидалардың 4 және 5-тармақтарының, Стандарттың 8-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларының талаптарына сәйкес болу мәніне қарайды, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы бұйрықтың жобасын не микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны беруден дәлелді бас тартуды дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қарауына жібереді.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін лицензия беруден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы бұйрықтың жобасына немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруден дәлелді бас тартуға қол қояды.";
мынадай мазмұндағы 8-1 тармақпен толықтырылсын:
"Жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы тиісті шешімді қабылдаған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетілетін қызметті алушыға микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиямен қоса, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы хабарламаны не микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруден дәлелді бас тартуды жібереді.
Порталда лицензияның электрондық көшірмесімен қоса микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру туралы хабарлама не микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруден дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі − ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Лицензияны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішпен (бұдан әрі – лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш) не жарғылық капиталды ұлғайтуға әкеп соғатын орналасқан жері өзгерген, қызмет түрінің өзгеруіне, көрсетілетін қызметті алушының қайта ұйымдастырылуына байланысты атауы өзгерген жағдайларда, Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішпен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз тасымалдағышпен не портал арқылы электрондық түрде жүгінеді.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталғаннан кейін жауапты бөлімше мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ішінде құжаттарды олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеуден дәлелді бас тарту туралы бұйрықтың жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамына қарауға жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу туралы бұйрықтың жобасына немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуға қол қояды.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыны лицензияны қайта ресімдеуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеуден бас тарту үшін негіздер болған кезде лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті қарау мерзімі лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті дұрыс қарау үшін мәні бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттілігіне байланысты көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ 2 (екі) айға дейінгі мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы өтініш беруші мерзім ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабының 3-тармағына сәйкес хабардар етіледі.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Лицензияның қолданысын тоқтату туралы өтінішке көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз тасымалдағышта не портал арқылы электрондық түрде мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органының микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтату туралы көрсетілетін қызметті берушіге ерікті түрде өтініш жасауы туралы шешімі;
2) барлық міндеттеменің орындалғанын растау туралы хат;
3) лицензияның қолданысын тоқтату туралы өтініш жіберілген күннің алдындағы соңғы жұмыс күнгі жағдай бойынша жасалған бухгалтерлік баланс және оған түсіндірме жазба. Бухгалтерлік балансқа түсіндірме жазбада кредиторлық берешек сомасын және оның туындау негіздерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының кредиторлары (олар бар болса) туралы ақпарат жария етіледі;
4) Қағидалардың 23-тармағы талаптарының орындалғанын растайтын ақпарат.";
1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жазылсын;
2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жазылсын;
4-1-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру бойынша біліктілік талаптарында және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде:
8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8. | Басшы қызметкерлердің және ірі қатысушылардың (ірі акционерлердің) жеке басын куәландыратын құжаттардың болуы (шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін) | Басшы қызметкерлер мен ірі қатысушылардың (ірі акционерлердің) жеке басын куәландыратын құжаттар (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін). |
"; |
11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
11. |
1. Мынадай тұлға микроқаржы ұйымының ірі қатысушысы болып табылмайды, егер ол: |
Ірі қатысушыларда (ірі акционерлерде) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауын растайтын құжаттар (шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін). |
". |
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 91 Қаулыға 1-қосымша Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларына 1-қосымша |
"Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал), көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген күннен бастап: |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) және қағаз түрінде |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі | Лицензияны, лицензияның телнұсқасын беру, лицензияны қайта ресімдеу туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері |
Лицензиялық алымдар: |
7. | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі - Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін порталға жүгінген кезде: |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Лицензия беруден бас тарту үшін негіздері: |
10. | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. |
Қаулыға 2-қосымша Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларына 2-қосымша Нысан ____________________________ (қызметті берушінің толық атауы) ____________________________ (қызметті алушының атауы) |
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініш
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді сұраймын: ________________________________________________ . (микроқаржылық қызметтің түрі) Қызметті алушы туралы мәліметтер:
1. Атауы, орналасқан жері және нақты мекенжайы __________________________________________________________________ (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй, офис нөмірі) __________________________________________________________________ (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса) __________________________________________________________________ . (телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық пошта адресі, интернет-ресурс)
2. Жарияланған акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күні (акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалар үшін) және қызметті алушының жарғылық капиталының мөлшері
__________________________________________________________________ ______________________________________________________________.
3. Қызметті алушының ірі қатысушылары (ірі акционерлері) туралы мәліметтер:
1)____________________________________________________________(ірі жеке тұлға – ірі қатысушының (ірі акционердің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болса), заңды тұлға – ірі қатысушының (ірі акционердің) атауы, сондай-ақ бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
2) жеке тұлғаның өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы туралы мәліметтер
_____________________________________________________________;
3) тіркелуі, тұрғылықты тұратын жері немесе орналасқан жері туралы мәліметтер
_____________________________________________________________; (елі, индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй, офис нөмірі)
4) тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген, "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысымен белгіленген офшорлық аймақтарда тіркеуі, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бар болса
_____________________________________________________________ иә (жоқ)
5) көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушы бұрын, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұйымдарды "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде микроқаржы ұйымының, кредиттік серіктестіктің, ломбардтың құрылтайшысы (қатысушысы) не бірінші басшысы болып табылған заңды тұлға болып табылатыны не табылмайтыны туралы мәліметтер
_________________________________________________________; иә (жоқ)
6) қызметті алушының ірі қатысушысы (ірі акционері) дауыс беруші акциялардың он немесе одан көп пайызына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) тура және (немесе) жанама иелік ететін заңды тұлғалар туралы мәліметтер:
__________________________________________________ (атауы, орналасқан жері, қызметінің түрі және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы деректер)
_____________________________________________________________ (иелік ету: тура және (немесе) жанама, заңды тұлғаның қатысушыға (акционерге) тиесілі дауыс беруші акциялары санының ұйымның дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы немесе заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі)
7) көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері бұрын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган банкті төлем жасау қабілеті жоқ банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, оны таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға әкелген қаржы ұйымының лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейінгі не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде атқарушы органның басшысы, басқару органының мүшесі (атқарушы органның және оның орынбасарының функцияларын жеке өзі жүзеге асыратын тұлға), қаржы ұйымының бас бухгалтері, жеке тұлға – ірі қатысушы, қаржы ұйымының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының (банк, сақтандыру холдингінің) басшысы болғандығы туралы мәліметтер _________________________________________________________________;
4. Қызметті алушының басшы қызметкерлері туралы мәліметтер
1)___________________________________________________________ ; (тегі, аты, әкесінің аты (ол болса), лауазымы)
2) жалпы мәліметтер:
Туған күні және жері | |
Азаматтығы | |
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі |
; |
3) білімі:
№ | Оқу орнының атауы | Түскен жылы – аяқтаған жылы | Мамандығы | Білімі туралы дипломының деректемелері (күні және нөмірі (бар болса)) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
; |
4) жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інілері, әпке-сіңлілері, балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інілері, әпке-сіңлілері, балалары) туралы мәліметтер (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы микроқаржы ұйымдарының, ломбардтардың басшы қызметкерлері бойынша толтырылмайды):
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) | Туған жылы | Туыстық қатынастары | Жұмыс орны және лауазымы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
; |
5) қызметті алушының басшы қызметкерінің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы немесе акцияларына иелік етуі туралы мәліметтер:
№ | Заңды тұлғаның атауы және орналасқан орны | Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері | Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе қызметті алушының басшы қызметкеріне тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының санына арақатынасы (пайызбен) |
1 | 2 | 3 | 4 |
; |
6) еңбек қызметі туралы мәліметтер (қаржы ұйымындағы, банк және (немесе) сақтандыру холдингіндегі лауазымды, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері ретінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезеңді көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің бүкіл еңбек қызметі (сондай-ақ басқару органындағы мүшелігі), оның ішінде жоғары оқу орнын аяқтаған сәттен бастап көрсетіледі):
№ | Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы) | Жұмыс Орны | Лауазымы | Жұмыстан шығарылу, лауазымынан босатылу себептері | Жетекшілік ететін бөлімшелер, негізгі функционалдық міндеттер |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
; |
7) көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері бұрын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган банкті төлем жасау қабілеті жоқ банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, оны таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға әкелген қаржы ұйымының лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейінгі не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде атқарушы органның басшысы, басқару органының мүшесі (атқарушы органның және оның орынбасарының функцияларын жеке өзі жүзеге асыратын тұлға), қаржы ұйымының бас бухгалтері, жеке тұлға – ірі қатысушы, қаржы ұйымының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының (банк, сақтандыру холдингінің) басшысы болғандығы туралы мәліметтер
________________________________________________________________ (қаржы ұйымының атауы, лауазымы, _____________________________________________________________ жұмыс кезеңі)
8) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім қайтарып алынған
_____________________________________________________________________________; иә (жоқ)
9) қызметті алушының басшы қызметкері тағайындалған (сайланған) күнге дейін сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін жауапкершілікке және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаға тартылған-тартылмағандығы
___________________________________________________ иә (жоқ) ____________________________________________________________________________ жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып, _________________________________________________________________ құқық бұзушылықтың, қылмыстың, сот шешімінің қысқаша сипаттамасы;
10) көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері бұрын қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не өзі бойынша дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысының (ірі акционерінің) - заңды тұлғасының - эмитенттің ірі қатысушы (ірі акционері) - жеке тұлғасы, басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болып табылғаны не табылмағаны туралы мәліметтер
_______________________________________________________________ (иә (жоқ), заңды тұлғаның атауын, _______________________________________________________________; лауазымын, жұмыс істеген кезеңін көрсету)
11) өтелмеген немесе алынбаған соттылығының бар екендігі туралы мәліметтер ________________________________________________________ ;
12) басшы қызметкерге қатысты қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымына орналасу және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің бар екендігі туралы мәліметтер
_________________________________________________________________ __________________________________________________________________.
5. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйеге қосылу туралы талап орындалды ма
__________________________________________________________________ иә (жоқ)
6. Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйенің болуы
_____________________________________________________________________________ . иә (жоқ)
7. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар және парақтар саны:
__________________________________________________________________ __________________________________________________________________.
Қызметті алушы өтінішке қоса берілетін құжаттар мен ақпараттың дәйектілігін және толықтығын растайды.
Қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органы басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (растайтын құжаттарды қоса бере отырып).
__________________________________________ _________________ (қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңба) (күні)
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын _____________________________________________________. (лицензияны қайта ресімдеу себебі көрсетілсін)
1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия туралы деректер __________________________________________________________________. (нөмірі, берілген күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:
2. Атауы, орналасқан жері және нақты мекенжайы
________________________________________________________________ (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй, офис нөмірі, _____________________________________________________________ бизнес- сәйкестендіру нөмірі (бар болса) _________________________________________________________________. (телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық пошта адресі, интернет-ресурс)
3. Жарияланған акциялар шығарылым мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күні (акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалар үшін) және көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталының мөлшері
____________________________________________________________________.
4. Көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушылары (ірі акционерлері) туралы мәліметтер:
1) ____________________________________________________________; (жеке тұлға – ірі қатысушының (ірі акционердің) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), заңды тұлға – ірі қатысушының (ірі акционердің) атауы, сондай-ақ бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
2) өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы туралы мәліметтер __________________________________________________________;
3) тіркелуі, тұрғылықты тұратын жері немесе орналасқан жері туралы мәліметтер
_________________________________________________________________; (елі, индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй, офис нөмірі)
4) тізбесі "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысымен белгіленген тіркелуінің, тұрғылықты тұратын жерінің немесе офшорлық аймақтарда орналасқан жерінің болуы туралы мәліметтер (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген)
_____________________________________________________________; иә (жоқ)
5) көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушы бұрын, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұйымдарды "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде микроқаржы ұйымының, кредиттік серіктестіктің, ломбардтың құрылтайшысы (қатысушысы) не бірінші басшысы болып табылған заңды тұлға болып табылатыны не табылмайтыны туралы мәліметтер ________________________
_____________________________________________________________; иә (жоқ)
6) көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы (ірі акционері) дауыс беруші акциялардың он немесе одан көп пайызына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) тікелей және (немесе) жанама иелік ететін заңды тұлғалар туралы мәліметтер:
__________________________________________________________________ (атауы, орналасқан жері, қызметінің түрі және заңды тұлғаны __________________________________________________________________ мемлекеттік тіркеу туралы деректер) _________________________________________________________________ ; (иелік ету: тікелей және (немесе) жанама, заңды тұлғаның қатысушыға (акционерге) тиесілі дауыс беруші акциялары санының ұйымның дауыс беруші акцияларының жалпы санына пайыздық арақатынасы немесе заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі)
7) бұрын, уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын, төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға не соттың қаржы ұйымын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енгізілгенге не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда соттың Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енгізілгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының жеке тұлға – ірі қатысушысы не заңды тұлға – ірі қатысушысының бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшысы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары болғаны не болып табылатындығы туралы мәліметтер
_________________________________________________________________.
5. Көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлері туралы мәліметтер:
1) __________________________________________________________; (тегі, аты, әкесінің аты (ол болса), лауазымы)
2) жалпы мәліметтер:
Туған күні және жері | |
Азаматтығы | |
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі |
; |
3) білімі:
№ | Оқу орнының атауы | Түскен жылы – аяқтаған жылы | Мамандығы | Білімі туралы дипломының деректемелері (күні және нөмірі (бар болса)) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
; |
4) жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інілері, әпке-сіңлілері, балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інілері, әпке-сіңлілері, балалары) туралы мәліметтер (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы микроқаржы ұйымдарының, ломбардтардың басшы қызметкерлері бойынша толтырылмайды):
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) | Туған жылы | Туыстық қатынастары | Жұмыс орны және лауазымы |
" | 2 | 3 | 4 | 5 |
; |
5) көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы немесе акцияларына иелік етуі туралы мәліметтер:
№ | Заңды тұлғаның атауы және орналасқан орны | Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері | Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкеріне тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен) |
1 | 2 | 3 | 4 |
; |
6) еңбек қызметі туралы мәліметтер (қаржы ұйымындағы, банк және (немесе) сақтандыру холдингіндегі лауазымды, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері ретінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезеңді көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің бүкіл еңбек қызметі (сондай-ақ басқару органындағы мүшелігі), оның ішінде жоғары оқу орнын аяқтаған сәттен бастап көрсетіледі):
№ | Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы) |
Жұмыс | Лауазымы | Жұмыстан шығарылу, лауазымынан босатылу себептері | Жетекшілік ететін бөлімшелер, негізгі функционалдық міндеттер |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
; |
7) бұрын, уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын, төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға не соттың қаржы ұйымын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енгізілгенге не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда соттың Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енгізілгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басшысы, басқару органының мүшесі, атқарушы органының басшысы, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары, қаржы ұйымының жеке тұлға – ірі қатысушысы, заңды тұлға – ірі қатысушысының (банк холдингінің) басшысы болып табылғандығы туралы мәліметтер
________________________________________________ (қаржы ұйымының атауы, лауазымы, _____________________________________________________________; жұмыс кезеңі)
8) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім қайтарып алынған
______________________________________________; иә (жоқ)
9) тағайындалған (сайланған) күнге дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған жеке тұлға басшы қызметкер бола алмайды
_____________; иә (жоқ)
жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып
_________________________________________________________________;
құқық бұзушылықтың, қылмыстың, сот шешімінің қысқаша сипаттамасы
10) көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері бұрын қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не өзі бойынша дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысының (ірі акционерінің) - заңды тұлғасының - эмитенттің ірі қатысушы (ірі акционері) - жеке тұлғасы, басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болып табылғаны не табылмағаны туралы мәліметтер
______________________________________________ иә (жоқ), (заңды тұлғаның атауы, _______________________________________________________________; лауазымы, жұмыс кезеңі)
11) өтелмеген немесе алынбаған соттылығының бар екендігі туралы мәліметтер_______________________________________________________;
12) басшы қызметкерге қатысты қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымына орналасу және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің бар екендігі туралы мәліметтер
__________________________________________________________________
______________________________________________________________.
6. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйеге қосылу туралы талап орындалды ма
_________________________________________________________________________ иә (жоқ)
7. Бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді автоматтандыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйені белгілеу бойынша талап орындалды ма
_________________________________________________________________________ иә (жоқ)
8. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар және парақтар саны:
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса берілетін құжаттар мен ақпараттың дәйектілігін және толықтығын растайды.
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органы басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (растайтын құжаттарды қоса бере отырып).
__________________________________________ _________________
(қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңба) (күні)