Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне ерікті және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің қызметін ерікті және мәжбүрлеп тарататын филиалдарының мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 93 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 қыркүйекте № 24502 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 69-бабының 4-тармағына, 74-бабының 1-тармағына, 74-4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 74-5-бабының 3, 5 және, 7-тармақтарына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер енгізілетін ерікті және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, қызметін ерікті және мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2021 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 93 қаулысына
қосымша

Өзгерістер енгізілетін ерікті және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, қызметін ерікті және мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Ерікті түрде таратылатын банктердің және қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 297 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18176 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 69-бабының 4-тармағына және 74-5-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ерікті түрде таратылатын банктердің және қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерінде:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Тарату комиссиясы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21834 тіркелген "Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларының есеп және қосымша ақпарат беру нысанын, мерзімдері мен кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 116 қаулысына сәйкес уәкілетті органға істелген жұмысы туралы есептерді және қосымша ақпаратты ұсынады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Тарату комиссиясы қолма-қол ақшаны және құндылықтарды сақтауды, сондай-ақ кассалық операциялар мен құжаттарды жүргізуді Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19680 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысымен бекітілген, Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген және банкке Қазақстан Республикасының бейрезиент-банктері филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтататын банкті ерікті түрде тарату процесіне сәйкес келетін бөлігінде қолданылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырады.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Кредиторлардың шағым-талап қоюы (өтініш беруі), оларды тарату комиссиясының қарауы және қабылдауы, сондай-ақ банктің аралық тарату балансын қалыптастыру мен бекіту Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21716 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 114 қаулысымен (бұдан әрі – № 114 қағидалар) бекітілген Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларының және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптардың 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 90, 91, 92 және 94-тармақтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. "Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларын және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 114 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21716 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 74-бабының 1-тармағына және 74-5-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларында және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарда:

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап мынадай іс-шараларды өткізеді:

      1) бірінші жұмыс күні ішінде:

      банктің басшылығын және (немесе) банктің уақытша әкiмшiлiгін (уақытша басқарушысын) тарату комиссиясына банкте тарату ісін жүргізу міндеттерін жүктеуді растайтын құжатпен қол қойғыза отырып, таныстырады;

      қабылдау-өткізу актілерін жасай отырып, банктің басшылығынан не банктің уақытша әкімшілігінен (уақытша басқарушысынан) банктің мөртабандарын, мөрлерін, электрондық ақпарат тасымалдағыштарын, бағдарламалық қамтамасыз етуін, бланкілері мен құрылтай құжаттарын талап етеді;

      банктің қассасына түгендеу жүргізеді;

      2) 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің қабылданғаны немесе уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиядан айыру туралы шешімінің қабылданғаны туралы және уәкілетті органның тарату комиссиясын тағайындағаны туралы, сондай-ақ Банктер туралы заңның 74-5-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату жөнінде соттың қабылдаған шешімі туралы хабарландыруды көрінетін жерге, сондай-ақ банктің интернет-ресурсына орналастырады;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және (немесе) таратылатын банктің банк шоттары бар екінші деңгейдегі банктерге Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларына (бұдан әрі – № 207 қағидалар) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қол қою үлгілері бар құжатты ұсынады;

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен мемлекеттік кірістер органдарын банкті мәжбүрлеп тарату туралы хабардар етеді;

      мүлікті және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын органдарды, "Қазақстан қор биржасы" (бұдан әрі – қор биржасы), "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" (бұдан әрі - орталық депозитарий) акционерлік қоғамдарын және кредиттік бюроларды банкті мәжбүрлеп тарату туралы, банктің тарату комиссиясының тағайындалғаны және банктің істерін аяқтау әрі оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктердің оған көшкендігі туралы хабардар етеді;

      орталық депозитарийден банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне ену күніндегі жағдай бойынша банктің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімін сұратады;

      тарату комиссиясын тағайындау күнгі жағдай бойынша электрондық түрде бар, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20474 болып тіркелген "Екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есепті немесе Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21278 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 107 қаулысымен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті ұсыну қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша активтер мен міндеттемелер туралы есепті автоматтандырылған есептік жүйенің немесе деректерді өңдеу орталығының (сервердің) деректерін жеке электрондық тасымалдағышқа көшіре отырып (резервтік көшірмелер) қағазға басып шығарады. Осы ақпарат электрондық түрде болмаған жағдайда қағаз тасымалдағыштағы ақпарат негізге алынады;

      толық материалдық жауапкершілік атқаратын, таратылатын банктің бухгалтерлік есебін жүргізу мен қаржылық және өзге де есептілігін өңдеудің электрондық жүйесіне немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтататын бухгалтерлік есеп және өзге де есептілік деректері бойынша есептілікке қол жеткізе алатын тұлғалар тобын айқындайды және олармен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасасады;

      3) 10 (он) жұмыс күні ішінде:

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде кредиторлардың шағымдарын беру тәртібін, мерзімдері мен мекенжайларын, филиалдар желісі болған кезде – кредиторлар өз талаптарын ұсынатын филиалдар мекенжайларын міндетті түрде көрсетіп, банкті мәжбүрлеп тарату туралы ақпаратты жариялайды;

      тарату шығыстарының сметасын қалыптастырады және оны келісу үшін уәкілетті органға ұсынады;

      банктің корреспонденттік шоттарын салыстырып тексереді, банктің корреспонденттік шоттарын жабады және № 207 қағидаларда көзделген тәртіппен таратылатын банктің теңгемен және, қажет болған кезде, шетел валютасымен ағымдағы шоттарын ашады;

      Банктер туралы заңның 73-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген іс-шараларды (таратылатын банк үшін) және Банктер туралы заңның 74-5-бабы 5-тармағының 2) тармақшасында бөлігінде көзделген іс-шараларды (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалы үшін) жүзеге асырады;

      кредиторлардың тізімін жасайды, автоматтандырылған банктік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректерді өңдеу орталығының (сервердің) қолда бар деректері бойынша олардың мекенжайларын белгілейді;

      4) банкті таратудың бүкіл кезеңі ішінде:

      таратылатын банктің мүлкін және құжаттарын сақтау жөнінде шаралар қабылдайды;

      таратылатын банктің активтерін анықтайды;

      таратылатын банктің активтеріне оны тарату мақсаттарына сәйкес иелік етеді;

      таратылатын банктің атынан талап қояды және сотта сөз сөйлейді;

      таратылатын банктің бағдарламалық қамтылымының және электрондық ақпарат тасымалдағыштарының, сондай-ақ басқа да ақпаратының сақталуын қамтамасыз етеді;

      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18539 болып тіркелген "Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 42 қаулысына сәйкес іс-шараларды жүзеге асырады;

      штаттық кестені жасайды;

      өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін жұмысқа қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерлермен еңбек шарттарын және өтеулі қызмет көрсету шарттарын жасайды;

      уәкілетті органға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21834 болып тіркелген "Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларының есеп және қосымша ақпарат беру нысанын, мерзімдері мен кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 116 қаулысымен белгіленген нысан бойынша және мерзімде атқарылған жұмыс туралы есептерді ұсынады;

      тоқсанның қорытындысы бойынша уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күніне дейін оның ресми интернет-ресурсында жариялау үшін тарату өндірісінің негізгі көрсеткіштері туралы ақпарат ұсынады;

      тарату комиссиясы кепілдік беруге жататын, бірақ уақытша әкімшіліктің (уақытша әкімшінің) есебіне енгізілмеген депозиттерді анықтаған, сондай-ақ есепте өзге де сәйкессіздіктер анықталған кезде тарату комиссиясы депозиттер бойынша өтеу есебіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді және депозиттер бойынша өтеу есебіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей кепілдік беру жөніндегі ұйымды хабардар етеді. Тарату комиссиясы депозиттер бойынша өтеу есебін есепті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші тоқсанында кепілдік беру жөніндегі ұйыммен салыстырып тексеруді жүргізеді және тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі данада ресімдейді;

      уәкілетті органның талап етуі бойынша тарату іс жүргізуіне қатысты мәліметтерді ұсынады;

      банкті тарату, тарату балансы туралы есеп жасайды және оларды уәкілетті органға келісуге жібереді. Тарату туралы есеп түпкілікті нысанда жасалғанға дейін тарату туралы есептің жобасы Тарату комиссиясының жұмыс жоспарында айқындалған мерзімде мәлімет үшін жыл сайынғы негізде уәкілетті органға ұсынылады;

      банктің бағалы қағаздар шығарылымдарының күшін жою мақсатында уәкілетті органға акциялар және (немесе) облигациялар шығарылымдарының күшін жою үшін құжаттарды ұсынады;

      банкті тарату аяқталғаннан кейін Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және жеке құрам бойынша құжаттарды ретке келтірілген түрде мұрағат ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша мемлекеттік мұрағатқа сақтауға береді және бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.";

      139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "139. Дебиторлық берешекті сот тәртібімен өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      3. "Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларының есеп және қосымша ақпарат беру нысанын, мерзімдері мен кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы №116 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21834 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 74-5-бабының 7-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 114 қаулысымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21716 болып тіркелген Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларының және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптардың 90-тармағында белгіленген аралық тарату балансын жасау мерзімі өткен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде оны есептілік нысандарымен және құжаттармен уәкілетті органға бекіту үшін, ал ерікті түрде таратылған кезде – таратылатын банк акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткенге дейін қарау үшін 2 (екі) данада ұсынады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады