ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 105) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағида бекітілсін.
2. "Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 189 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20371 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 16 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 2 маусымдағы № 256 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22938 болып тіркелген):
өзгерістер енгізілетін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесінде:
4-тармақ алып тасталсын.
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы |
И. Кульшимбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министірлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 454 бұйрығымен бекітілген |
Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 26.04.2024 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 105) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасымен (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) және қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу тәртібін және "Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
2. Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын (бұдан әрі – жобалау құжаттамасы) келісу қабылданған жобалау шешімдерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін белгілеу мақсатында жүргізіледі.
3. Екі және одан да көп облыстар, сондай-ақ стратегиялық объектілер шегінде орналастырылатын қауіпті өндірістік объектінің жобалау құжаттамасы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен (бұдан әрі – Комитет) келісіледі.
Өзге де қауіпті өндірістік объектілердің жобалық құжаттамасы Комитеттің аумақтық департаменттерімен келісіледі.
Әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті өндірістік объектілердің жобалық құжаттамасы аудандардың, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) келісіледі.
4. Қауіпті өндірістік объектілердің жобалау құжаттамасын келісу "Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібімен жүзеге асырылады.
5. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер ететін жоспарланған жұмыстардың түрлері, технологиялары, әдістері және (немесе) тәсілдері өзгерген жағдайда жобалау құжаттамасы осы Қағидаларға сәйкес тәртіппен кейіннен келісіле отырып, өзгертілуге тиіс.
6. Жобалық құжаттаманы келісудің нәтижесі-келісу хаты.
2 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
7. "Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, Комитеттің аумақтық департаменттері және жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі –қызметті көрсетуші) көрсетеді.
8. Мемлекеттік қызметті алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті тұтынушы) қызмет көрсетушіге www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жібереді.
Процестің сипаттамаларын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі нысанында баяндалған.
9. Портал өтінішті автоматты режимде қабылдауды жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті тұтынушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті тұтынушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті тұтынушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ұсынылған құжаттар мен олардағы мәліметтердің дұрыстығына көрсетілетін қызметті алушы жауапты болады.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орнындағы адамға (көрсетілетін қызметті беруші белгілеген қызметтік міндеттерді бөлуге сәйкес) жібереді.
11. Жауапты орындаушы ұсынылған құжаттар мен оларда көрсетілген мәліметтердің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін тексереді және осы Қағидаларға 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді.
12. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 2-қосымшада баяндалған.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші тыңдау рәсімін Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР АППК) 73-бабына сәйкес жүзеге асырады.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады (көрсетілетін қызметті беруші белгілеген қызметтік міндеттерді бөлуге сәйкес) және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алады..
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
14. Осы Қағидаларда енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жібереді.
15. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым қызметті көрсетушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
Қызметті көрсетуші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте қызметті көрсетуші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
17. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2- тармағына сәйкес қызметті көрсетушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті тұтынушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
18. Қызметті көрсетушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды тұлға шағымды берген көрсетілетін қызметті тұтынушыға шағымды қарау мерзімі ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) ұзарту себептерін көрсете отырып шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабарлайды.
19. Егер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағымдануға ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
[Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]
[Мемлекеттік органның атауы] | |
басшысына |
Өтініш нөмірі: [нөмір]
Өтініш күні: [күні]
Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісуге өтініш
_____________________________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның атауы)
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 78-бабын
Басшылыққа ала отырып, сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды
және жобалық құжаттаманы келісуді сұрайды ____________________
(жобалық құжаттаманың атауы)
Қосымша: [мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі]
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәйексіз мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы растаймын.
____________________________ [Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), электрондық цифрлық қолтаңба] |
"Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – Комитет) – екі және одан да көп облыстар, сондай-ақ стратегиялық объектілер шегінде орналастырылатын қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы (бұдан әрі – жобалау құжаттамасы). |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" Веб-порталы www.egov.kz. (бұдан әрі – ортал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 15 (он бес) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Келісу хаты немесе дәлелді бас тарту |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) жеткіліксіздікті анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
[Мемлекеттік органның атауы] | [Наименование государственного органа] | |
[Мемлекеттік органның деректемелері] | [Реквизиты государственного органа] | |
Нөмірі: [Құжат нөмірі] | [Жеке немесе заңды тұлғаның атауы] | |
Өтініш нөмірі: [нөмір] | [Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)] | |
Берілген күні: [күні] | ||
КЕЛІСУ ХАТЫ [Мемлекеттік органның атауы] "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 78-бабына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін ескере отырып, жобалау құжаттамасын [жобалау құжаттамасының атауы] өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлігінде келіседі. Жобалық құжаттаманы осы келісудің қолданылу шарты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді міндетті түрде сақтау болып табылады.
| ||
---|---|---|