"Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 454 бұйрығына және "Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 485 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 174 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 сәуірде № 34310 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 454 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24508 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу Қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 485 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24574 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қауіпті өндірістік объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау Қағидалары осы бұйрыққа 2- қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
министрінің міндетін атқарушы
Б. Сыздыков

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
министрінің міндетін
атқарушы
2024 жылғы 26 сәуірдегі
№ 174 Бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
министрінің міндетін
атқарушының
2021 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 454 бұйрығымен
бекітілген

Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 105) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасымен (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) және қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу тәртібін және "Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын (бұдан әрі – жобалау құжаттамасы) келісу қабылданған жобалау шешімдерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін белгілеу мақсатында жүргізіледі.

      3. Екі және одан да көп облыстар, сондай-ақ стратегиялық объектілер шегінде орналастырылатын қауіпті өндірістік объектінің жобалау құжаттамасы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен (бұдан әрі – Комитет) келісіледі.

      Өзге де қауіпті өндірістік объектілердің жобалық құжаттамасы Комитеттің аумақтық департаменттерімен келісіледі.

      Әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті өндірістік объектілердің жобалық құжаттамасы аудандардың, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) келісіледі.

      4. Қауіпті өндірістік объектілердің жобалау құжаттамасын келісу "Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібімен жүзеге асырылады.

      5. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер ететін жоспарланған жұмыстардың түрлері, технологиялары, әдістері және (немесе) тәсілдері өзгерген жағдайда жобалау құжаттамасы осы Қағидаларға сәйкес тәртіппен кейіннен келісіле отырып, өзгертілуге тиіс.

      6. Жобалық құжаттаманы келісудің нәтижесі-келісу хаты.

2 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      7. "Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, Комитеттің аумақтық департаменттері және жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі –қызметті көрсетуші) көрсетеді.

      8. Мемлекеттік қызметті алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті тұтынушы) қызмет көрсетушіге www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жібереді.

      Процестің сипаттамаларын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі нысанында баяндалған.

      9. Портал өтінішті автоматты режимде қабылдауды жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті тұтынушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті тұтынушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті тұтынушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Ұсынылған құжаттар мен олардағы мәліметтердің дұрыстығына көрсетілетін қызметті алушы жауапты болады.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орнындағы адамға (көрсетілетін қызметті беруші белгілеген қызметтік міндеттерді бөлуге сәйкес) жібереді.

      11. Жауапты орындаушы ұсынылған құжаттар мен оларда көрсетілген мәліметтердің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін тексереді және осы Қағидаларға 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді.

      12. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 2-қосымшада баяндалған.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші тыңдау рәсімін Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР АППК) 73-бабына сәйкес жүзеге асырады.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады (көрсетілетін қызметті беруші белгілеген қызметтік міндеттерді бөлуге сәйкес) және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алады..

      Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      14. Осы Қағидаларда енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жібереді.

      15. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым қызметті көрсетушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

      Қызметті көрсетуші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте қызметті көрсетуші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      17. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2- тармағына сәйкес қызметті көрсетушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті тұтынушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      18. Қызметті көрсетушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды тұлға шағымды берген көрсетілетін қызметті тұтынушыға шағымды қарау мерзімі ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) ұзарту себептерін көрсете отырып шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабарлайды.

      19. Егер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағымдануға ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

  Қауіпті өндірістік объектіні
пайдаланатын ұйымдардың
қауіпті өндірістік объектіні
салуға, кеңейтуге,
реконструкциялауға,
жаңғыртуға, консервациялауға
және жоюға арналған жобалау
құжаттамасын келісу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

[Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]

  [Мемлекеттік органның атауы]
  басшысына

      Өтініш нөмірі: [нөмір]

      Өтініш күні: [күні]

Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісуге өтініш

      _____________________________________________________________

      (жеке немесе заңды тұлғаның атауы)

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 78-бабын

      Басшылыққа ала отырып, сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды

      және жобалық құжаттаманы келісуді сұрайды ____________________

      (жобалық құжаттаманың атауы)

      Қосымша: [мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі]

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәйексіз мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы растаймын.

  ____________________________
[Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар
болса), электрондық
цифрлық қолтаңба]



  Қауіпті өндірістік объектіні
пайдаланатын ұйымдардың
қауіпті өндірістік объектіні
салуға, кеңейтуге,
реконструкциялауға,
жаңғыртуға, консервациялауға
және жоюға арналған жобалау
құжаттамасын келісу
қағидаларына
2-қосымша

"Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – Комитет) – екі және одан да көп облыстар, сондай-ақ стратегиялық объектілер шегінде орналастырылатын қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы (бұдан әрі – жобалау құжаттамасы).
Комитеттің аумақтық департаменттері – өзге де қауіпті өндірістік объектілердің жобалық құжаттамасын келісу кезінде.
Аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары – әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті өндірістік объектілердің жобалық құжаттамасын келісу кезінде.

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" Веб-порталы www.egov.kz. (бұдан әрі – ортал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Келісу хаты немесе дәлелді бас тарту

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті тұтынушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Кодекске сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) өтініш;
2) қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасының электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) жеткіліксіздікті анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті тұтынушыға қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
4) көрсетілетін қызметті тұтынушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болса, оның негізінде көрсетілетін қызметті тұтынушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады;
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті тұтынушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) қызмет көрсетушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz. порталында.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: "1414", +7 (800) 080 7777.

  Қауіпті өндірістік объектіні
пайдаланатын ұйымдардың
қауіпті өндірістік объектіні
салуға, кеңейтуге,
реконструкциялауға,
жаңғыртуға, консервациялауға
және жоюға арналған жобалау
құжаттамасын келісу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

[Мемлекеттік органның атауы]



 

[Наименование государственного органа]




[Мемлекеттік органның деректемелері]


[Реквизиты государственного органа]




Нөмірі: [Құжат нөмірі]


[Жеке немесе заңды тұлғаның атауы]




Өтініш нөмірі: [нөмір]


[Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]




Берілген күні: [күні]



КЕЛІСУ ХАТЫ
[Мемлекеттік органның атауы] "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 78-бабына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін ескере отырып, жобалау құжаттамасын [жобалау құжаттамасының атауы] өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлігінде келіседі.
Жобалық құжаттаманы осы келісудің қолданылу шарты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді міндетті түрде сақтау болып табылады.
[Қол қоюшы лауазымы] [Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса), электрондық
цифрлық қолтаңба]
 


  Қауіпті өндірістік объектіні
пайдаланатын ұйымдардың
қауіпті өндірістік объектіні
салуға, кеңейтуге,
реконструкциялауға,
жаңғыртуға, консервациялауға
және жоюға арналған жобалау
құжаттамасын келісу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

[Мемлекеттік органның атауы]



 

[Наименование
государственного органа]




[Мемлекеттік органның деректемелері]


[Мемлекеттік органның деректемелері]




Күні: [берілген күні]


[Жеке немесе заңды тұлғаның атауы]




Нөмірі: [Құжат нөмірі]


[Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]

ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ
[Мемлекеттік органның атауы] сіздің өтінішіңізді [өтініштің күні] жылғы № [өтініштің нөмірі] және қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарап, мынаны хабарлайды:
[Бас тарту негіздемесі]
[Қол қоюшы лауазымы] [Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса), электрондық
цифрлық қолтаңба]
 

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 26 сәуірдегі
№ 174 Бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2021 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 485 бұйрығымен
бекітілген

Қауіпті өндірістік объектілерді және қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы қауіпті өндірістік объектілерді және қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 98) тармақшасына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – емлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару тәртібін және "Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Қауіпті өндірістік объектілерді есепке қоюды және есептен шығаруды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – аумақтық департаменттер) жүзеге асырады.

      3. Өнеркәсіптік объектілердегі қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды аумақтық департаменттер жүзеге асырады.

      Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды аудандардың, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

      4. Қауіпті өндірістік объектілерді есепке қоюға "Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 353 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10310 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен пайдалануға берілген және сәйкестендіруден өткен қауіпті өндірістік объектілер жатады (бұдан әрі – Сәйкестендіру ережелері).

      5. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюға "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 32-1) тармақшасында айқындалған қауіпті техникалық құрылғылар жатады.

      "Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығының 244 және 883-тармақтарында айқындалған қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюға жатпайды, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10303 болып тіркелген) және "Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығының 53-тармақтарында (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10332 болып тіркелген).

      6. Аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық департаменттері мен жергілікті атқарушы органдары қауіпті өндірістік объектілерді және (немесе) қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын тұлғалардың бұрын есепте тұрған жойылған немесе пайдаланудан шығарылған қауіпті өндірістік объектілерді және (немесе) қауіпті техникалық құрылғыларды есептен шығару туралы өтініш беру мүмкіндігі болмаған жағдайда дербес алып тастайды ескере отырып.

2 тарау. Қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою және есептен шығару тәртібі

      7. Қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою үшін қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға келісілген жобалық құжаттаманың күні мен нөмірі туралы сәйкестендіру жөніндегі ақпаратты қоса бере отырып, қауіпті өндірістік объект орналасқан жер учаскесінің кадастрлық нөмірі бойынша сәйкестендіру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымның басшысы аумақтық департаментке өтініш береді.

      Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымның басшысы қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою үшін ұсынылған ақпараттың дұрыстығына жауапты болады.

      8. Аумақтық департамент өтініш келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылған ақпаратты қарайды, оның толықтығын, сәйкестендірудің дұрыстығын, Заңның 70-бабында белгіленген қауіпті өндірістік объект белгілерінің бар-жоғын тексереді және өтініш берушіге қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою туралы хабарламаны немесе бар ескертулер мен кемшіліктерді жою қажеттігі туралы хабарламаны жібереді.

      9. Ұсынылған ақпаратты қарау нәтижелері бойынша Заңның 70-бабында белгіленген қауіпті өндірістік объектінің толықтығы, сәйкестендірудің дұрыстығы және белгілері болған жағдайда аумақтық департамент қауіпті өндірістік объект туралы мәліметтерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу журналына енгізеді және өтініш берушіге қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою туралы хабарлама жібереді.

      Ұсынылған ақпарат толық болмаған, дұрыс сәйкестендірілмеген, Заңның 70-бабында белгіленген қауіпті өндірістік объект белгілерінің болмаған жағдайда өтініш берушіге бар ескертулер мен кемшіліктерді жою қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі.

      Бар ескертулер мен кемшіліктер жойылғаннан кейін қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымның басшысы осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен аумақтық департаментке өтініш береді.

      10. Қауіпті өндірістік объектілерді есептен шығару үшін қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымның басшысы есептен шығару себебін көрсете отырып, аумақтық департаментке өтініш береді.

      Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымның басшысы қауіпті өндірістік объектілерді есептен шығару үшін ұсынылған ақпараттың дұрыстығына жауапты болады.

      11. Аумақтық департамент өтініш келіп түскен күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылған ақпаратты қарайды, қауіпті өндірістік объектіні алып тастау туралы мәліметтерді қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу журналына енгізеді және өтініш берушіге қауіпті өндірістік объектілерді есептен шығару туралы хабарлама жібереді.

3-тарау. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару тәртібі

      12. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару "Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібімен жүргізіледі.

      13. "Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес аудандардың, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық департаменттері мен жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жібереді www.egov.kz (бұдан әрі – портал) осы Қағидаларға 2 немесе 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.

      Процестің сипаттамаларын, көрсетілетін қызметтің нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі нысанында баяндалған.

      15. Портал өтінішті автоматты режимде қабылдауды жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Ұсынылған құжаттар мен олардағы мәліметтердің дұрыстығына көрсетілетін қызметті алушы жауапты болады.

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орнындағы адамға (көрсетілетін қызметті беруші белгілеген қызметтік міндеттерді бөлуге сәйкес) жібереді.

      17. Жауапты орындаушы ұсынылған құжаттар мен оларда көрсетілген мәліметтердің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін тексереді және осы Қағидаларға 5, 6 немесе 7-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдейді.

      18. Есепке қойылған немесе есептен шығарылған қауіпті техникалық құрылғылар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алу журналына енгізеді.

      19. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 4-қосымшада баяндалған.

      20. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады (көрсетілетін қызметті беруші белгілеген қызметтік міндеттерді бөлуге сәйкес) және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      21. Осы Қағидаларда енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жібереді.

      22. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

4-тарау. Әкімшілік органның (қызметті көрсетушінің) және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдану тәртібі

      23. Әкімшілік рәсімге қатысушы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 13-тарауында белгіленген тәртіппен қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою және есептен шығару мәселелері бойынша әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке), әкімшілік органға және (немесе) оның лауазымды адамдарына шағымдануға құқылы.

      24. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым қызмет көрсетушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

      Қызмет көрсетуші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте қызмет көрсетуші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      25. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қызмет көрсетушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті тұтынушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      26. Қызмет көрсетушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды тұлға шағымды берген көрсетілетін қызметті тұтынушыға шағымды қарау мерзімі ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) ұзарту себептерін көрсете отырып шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабарлайды.

      27. Егер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағымдануға ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

  Қауіпті өндірістік объектілерді
және қауіпті техникалық
құрылғыларды есепке
қою және есептен
шығару қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу журналы

Р/с №

Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын иесінің атауы

Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын иесінің Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын иесінің орналасқан орны (мекенжайы)

Қауіпті өндірістік объектінің атауы

Қауіпті өндірістік объектінің орналасқан орны (мекенжайы)

Өнеркәсіп саласы және қызмет түрі

Қауіпті өндірістік объектіні сәйкестендіру ерекшеліктері

Қауіпті өндірістік объектіні есепке қою күні мен нөмірі

Қауіпті өндірістік объектіні есептен шығару күні, нөмірі және себептері

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11























  Қауіпті өндірістік объектілерді
және қауіпті техникалық
құрылғыларды есепке қою
және есептен шығару
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

[Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]

  [Мемлекеттік органның атауы]
  басшысына

      Өтініш нөмірі: [нөмір]

      Өтініш күні: [күні]

      Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою туралы өтініш

      _____________________________________________________________

      (жеке немесе заңды тұлғаның атауы)

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабын басшылыққа ала отырып, сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды және есепке қоюды сұрайды:

      _______________________________________________________________

      (қауіпті техникалық құрылғының атауы, түрі, түрі)

      Зауыттық (сериялық) №________________________________________

      Өндірілген ________________________________________________

      (дайындалған күні мен жылы, дайындаушы зауыттың атауы, елі)

      Дайындаушы зауыт белгілеген қауіпті техникалық құрылғының

      Нормативтік қызмет мерзімі _______________________________

      (Нормативтік қызмет мерзімінің күні мен жылы)

      Қосымша: [мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі]

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәйексіз мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы растаймын.

  ____________________________
[Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса), электрондық
цифрлық қолтаңба]



  Қауіпті өндірістік объектілерді
және қауіпті техникалық
құрылғыларды есепке
қою және есептен шығару
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

[Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]

  Басшысына
  [Мемлекеттік органның атауы]

      Өтініш нөмірі: [нөмір]

      Өтініш күні: [күні]

Қауіпті техникалық құрылғыны есептен шығару туралы өтініш __________________________________________________________________ (жеке немесе заңды тұлғаның атауы)

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабын Басшылыққа ала отырып, сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды және есептен шығаруды сұрайды:

      _____________________________________________________________

      (есептен шығару себебі, қауіпті техникалық құрылғының атауы, түрі, түрі)

      Зауыттық (сериялық) №_______________________________________

      Өндірілген _______________________________________________

      (дайындалған күні мен жылы, дайындаушы зауыттың атауы, елі)

      Дайындаушы зауыт белгілеген қауіпті техникалық құрылғының

      Нормативтік қызмет мерзімі _______________________________

      (Нормативтік қызмет мерзімінің күні мен жылы)

      Қосымша: [мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі]

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәйексіз мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы растаймын.

  ____________________________
[Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса),
электрондық цифрлық
қолтаңба]



  Қауіпті өндірістік объектілерді
және қауіпті техникалық
құрылғыларды есепке қою
және есептен шығару
қағидаларына
4-қосымша

"Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою.
2. Қауіпті техникалық құрылғыларды есептен шығару.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттері – өнеркәсіптік объектілердегі қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару кезінде.
Аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары – әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару кезінде.

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz. (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Результат оказания государственной услуги

Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою туралы хабарлама, қауіпті техникалық құрылғыны есептен шығару туралы хабарлама не дәлелді бас тарту

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті тұтынушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде кодекске сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою үшін:
1) өтініш;
2) қауіпті техникалық құрылғы паспортының (паспорттың телнұсқасының) электрондық көшірмесі.
Нормативтік қызмет мерзімін өтеген қауіпті техникалық құрылғы есепке қойылған жағдайда оны одан әрі қауіпсіз пайдалану туралы сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесі қосымша ұсынылады.
Қауіпті техникалық құрылғыларды есептен шығару үшін:
1) өтініш;
2) қауіпті техникалық құрылғы паспортының (паспорттың телнұсқасының) электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) жеткіліксіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті тұтынушыға қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
4) көрсетілетін қызметті тұтынушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болса, оның негізінде көрсетілетін қызметті тұтынушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады;
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті тұтынушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) порталда www.egov.kz.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: "1414", +7 (800) 080 7777.

  Қауіпті өндірістік объектілерді
және қауіпті техникалық
құрылғыларды есепке
қою және есептен шығару
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

[Мемлекеттік органның атауы]



 

[Наименование
государственного органа]




[Мемлекеттік органның деректемелері]


[Реквизиты государственного органа]




Нөмірі: [Құжат нөмірі]


[Жеке немесе заңды тұлғаның атауы]




Өтініш нөмірі: [нөмір]


[Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]




Берілген күні: [күні]



 
Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою туралы хабарлама
[Мемлекеттік органның атауы], "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16 және 77-бабына және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы салалық Қағидалардың талаптарына сәйкес қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін, қауіпті техникалық құрылғыны [Техникалық құрылғының атауы] [Зауыттық (сериялық) №] [Дайындау күні] [Дайындаушы зауыттың атауы] [Дайындайтын ел] [Дайындаушы зауыт белгілеген қауіпті техникалық құрылғының нормативтік қызмет мерзімі] есепке қойылды.
Ескертпе: қосымшасы бар қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою туралы хабарламаны иеленуші қауіпті техникалық құрылғы есептен шығарылғанға дейін пайдаланудың барлық кезеңінде иеленуші дайындаушы зауыттың паспортымен сақталады.

[Қол қоюшы лауазымы]

[Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса), электрондық
цифрлық қолтаңба]

 


  Қауіпті өндірістік объектілерді
және қауіпті техникалық
құрылғыларды есепке қою
және есептен шығару
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

[Мемлекеттік органның атауы]



 

[Наименование государственного органа]




[Мемлекеттік органның деректемелері]


[Реквизиты государственного органа]




Нөмірі: [Құжат нөмірі]


[Жеке немесе заңды тұлғаның атауы]




Өтініш нөмірі: [нөмір]


[Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]




Берілген күні: [күні]



 
Қауіпті техникалық құрылғыны есептен шығару туралы хабарлама
[Мемлекеттік органның атауы], "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16 және 77-бабына сәйкес қауіпті техникалық құрылғы [Техникалық құрылғының атауы] [Зауыттық (сериялық)№] [Дайындалған күні] [Дайындаушы зауыттың атауы] [Дайындайтын ел] [Дайындаушы зауыт белгілеген қауіпті техникалық құрылғының нормативтік қызмет мерзімі] есептен алынды.
Ескертпе: қосымшасы бар қауіпті техникалық құрылғыны есептен шығару туралы хабарламаны қауіпті техникалық құрылғы есептен шығарылғанға дейін пайдаланудың бүкіл кезеңі ішінде иеленуші дайындаушы зауыттың паспортымен сақтайды.

[Қол қоюшы лауазымы]

[Тегі, Аты, Әкесінің аты
(бар болса), электрондық
цифрлық қолтаңба]

 


  Қауіпті өндірістік объектілерді
және қауіпті техникалық
құрылғыларды есепке
қою және есептен шығару
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

[Мемлекеттік органның атауы]



 

[Наименование
государственного органа]




[Мемлекеттік органның деректемелері]


[Реквизиты государственного органа]




Күні: [берілген күні]


[Жеке немесе заңды тұлғаның атауы]




Нөмірі: [Құжат нөмірі]


[Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]

ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ
[Мемлекеттік органның атауы], Сіздің өтінішіңізді [өтініш күні] жыл № [өтініш нөмірі] және қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі қарағаннан кейін мынаны хабарлайды:
[Бас тартудың негіздемесі]

[Қол қоюшы лауазымы]

[Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса), электрондық
цифрлық қолтаңба]

 


  Қауіпті өндірістік объектілерді
және қауіпті техникалық
құрылғыларды есепке қою
және есептен шығару
қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алу журналы

Р/с №

Қауіпті техникалық құрылғыны пайдаланатын иесінің атауы

Қауіпті техникалық құрылғыны пайдаланатын иесінің Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

Қауіпті техникалық құрылғыны пайдаланатын иесінің орналасқан жері (мекенжайы)

Қауіпті техникалық құрылғының атауы

Қауіпті техникалық құрылғының түрі, түрі

Зауыттық (сериялық) нөмірі, дайындалған күні мен жылы, қауіпті техникалық құрылғыны дайындаушы зауыттың атауы мен елі, дайындаушы зауыт белгілеген қауіпті техникалық құрылғының Нормативтік қызмет ету мерзімі

Қауіпті техникалық құрылғының орналасқан жері (мекенжайы)

Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою күні мен нөмірі

Қауіпті техникалық құрылғыны есептен шығару күні, нөмірі және себептері

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11
























Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады