"Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 691 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 313 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 қазанда № 24695 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 691 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12562 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және жүйелік оператордың қызметтер көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тәртібін айқындайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ұлттық электр торабы бойынша электр энергиясын беру қызметтері:

      1) электр энергиясын белгілі бір уақыт кезеңінде (апта, ай, тоқсан, жыл) жеткізіп, екіжақты сатып алу-сату мәмілелерін жасасқан көтерме сауда нарығының субъектілеріне;

      2) электр энергиясын Қазақстан БЭЖ-інен шектес мемлекеттер аумағы арқылы алатын көтерме сауда нарығының субъектілеріне көрсетіледі.

      Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді электр энергиясының көтерме сауда нарығының осы субъектілері алынған электр энергиясы көлемінде бір рет жүзеге асырады;

      3) авариялық істен шығатын қуаттарды алмастыру мақсатында электр энергиясын сатып алатын көтерме сауда нарығының субъектілеріне (энергия өндіруші ұйымдарға) көрсетіледі.

      Осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді шарттық тұтынушыларға өңірлік деңгейдегі желілер арқылы ғана беруді жүзеге асыратын авариялық алмастыратын тұтынушы алынған электр энергиясы көлемінде жүзеге асырады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Жедел диспетчерлік басқару субъектілері орталықтандырылған диспетчерлік басқару процесінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының белгіленген талаптарына сәйкес:

      1) орталықтандырылған диспетчерлік басқару жүйесі нормаларының сақталуын, екі тәуелсіз бағыт бойынша өңірлік диспетчерлік орталықпен байланыстың болуын;

      2) электрмен жабдықтауға жасалған шарттар бойынша жүйелік оператор белгілеген режимдердің сақталуын;

      3) жүйелік операторды электр энергиясының нақты теңгерімдерін жасау үшін қажетті дұрыс және уақтылы ақпаратпен;

      4) Заңға сәйкес жүйелік оператордың жедел басқаруындағы Қазақстан Республикасының электр станциялары жабдықтарын жөндеу кестелерінің сақталуын;

      5) жүйелік оператордың жедел басқаруындағы, иелігіндегі релелік қорғау, аварияға қарсы және режимдік автоматика құрылғылары жұмыс режимдерінің және схемаларының сақталуын;

      6) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы өкілетті орган белгілеген су қоймаларынан суды жіберуін орындау;

      7) аварияға қарсы автоматика жүйелері мен аспаптарын, автоматтандырылған диспетчерлік басқару жүйесі, релелік қорғау және автоматика құралдарын орналастыру және орнату жөнінде жүйелік оператордың нұсқауларының орындалуын және олардың тиісінше пайдаланылуын;

      8) диспетчерлік технологиялық басқару құралдарының, соның ішінде жүйелік оператордың жедел-ақпараттық кешенімен біріздендірілген жүйелік оператордың диспетчерлік орталықтарымен, диспетчерлік басқарудың жедел-ақпараттық кешенімен байланыс құралдарының болуын;

      9) берілудің тәуліктік кестелерін орындау үшін энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын қажетті көлемде сатып алуы арқылы авариялық істен шыққан қуаттарды алмастыруын қамтамасыз етеді.";

      38-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38-1. Энергия өндіруші ұйым жүйелік операторға жоспарлаудың тиісті тәуліктеріне берілген генерацияның жұмыс электр қуаттарының, энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпарат бойынша айқындалатын техникалық мүмкіндік шегінде тұтынушылардың өтінімдеріне сәйкес генерация режимін сағаттық жоспарлауды қамтамасыз етеді.

      Бұл ретте генерациялайтын қуат бір тәуліктен астам ұзақтыққа авариялық істен шыққан жағдайда, авариялық істен шыққан қуаты бар энергия өндіруші ұйым жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін авариялық істен шыққан қуаттың алмастырылуын ескере отырып, генерациялау режимін сағаттық жоспарлауды қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 38-2 және 38-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "38-2. Берілудің тәуліктік кестелерін орындау үшін электр энергиясын қажетті көлемде сатып алуы арқылы энергия өндіруші ұйымдардың авариялық істен шығатын қуаттарды алмастыруын жүйелік оператор бекітілген тәуліктік кестеге түзету ретінде ресімдейді және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы шеңберінде жүзеге асырады.

      38-3. Авариялық істен шыққан қуаты бар энергия өндіруші ұйым берілудің тәуліктік кестелерін орындау үшін қажетті көлемдегі авариялық істен шығатын қуаттарды алмастыруды 20 минут ішінде дербес қамтамасыз етпеген жағдайда, жүйелік оператор Заңның 5-бабының 39) тармақшасына сәйкес энергия өндіруші ұйымның авариялық істен шыққан қуаттары көлемінде тәуліктік кестені дербес түзетеді.

      Қазақстан БЭЖ-інде генерация резервтері жоқ болған кезде, авариялық істен шыққан қуаттардың көлемінде энергия өндіруші ұйымдар үшін шектес энергия жүйелерінен электр энергиясын жеткізу ресімделеді.";

      50 және 51-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы әрбір энергия өндіруші ұйым бойынша нақты теңгерімінде:

      1) түзетулерді есепке ала отырып, тәуліктік кестелерде мәлімделген электр энергиясын беру көлемін;

      2) энергия өндіруші ұйымның теңгерім тиесілігі шегінде коммерциялық есепке алу аспаптары тіркеген электр энергиясының нақты жеткізілген көлемін;

      3) басқа энергия өндіруші ұйымдардан (ұйымдарға) электр энергиясын сатып алу-сатудың мәлімделген және нақты көлемдерін;

      4) әрбір шарттық сатып алушыға электр энергиясын сатудың мәлімделген және нақты көлемдерін;

      5) орталықтандырылған сауда-саттыққа арналған мәмілелер бойынша электр энергиясын сату (сатып алу) көлемін;

      6) шарттан тыс (шарттық емес) электр энергиясын тұтынған сатып алушыны көрсете отырып, станцияның артық өндіруі, шарттық тұтынушылардың жетіспеушілігі, сондай-ақ Қазақстан БЭЖ-інің орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқармасы жанындағы жүйелік оператордың өкімдеріне сәйкес электр энергиясын өндіруді тәулікішілік реттеуді жүзеге асыру және қуат резервтерін іске қосу нәтижесінде қалыптасқан шарттан тыс (шарттық емес) сатылған электр энергиясының көлемін;

      7) энергия өндіруші ұйым теңгерім провайдері болып табылатын жағдай кезінде электр энергиясының теңгерімсіздіктерін сату (сатып алу) көлемдері;

      8) авариялық істен шығатын қуаттарды алмастыру кезінде қалыптасқан электр энергиясын сату (сатып алу) көлемдерін;

      9) жүйелік оператор шектес мемлекеттермен шекарадағы ауытқуларды реттеу кезінде қалыптасқан электр энергиясын сату (сатып алу) көлемдерін;

      10) қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және барлық шартты тұтынушыларға тасқын электр энергиясын сатуының мәлімделген және нақты көлемдері;

      11) алмастыру болмаған кездегі қуаттардың авариялық істен шығу нәтижесінде шектес энергия жүйесінен импортталған электр энергиясының көлемдерін көрсетеді.

      51. Әрбір тұтынушы бойынша нақты теңгерімде, оның ішінде энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдар бойынша жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы:

      1) шарттар бойынша электр энергиясын сатушылардың әрқайсысынан электр энергиясын сатып алудың мәлімделген және нақты көлемдерін;

      2) орталықтандырылған сауда-саттыққа арналған мәмілелер бойынша электр энергиясын сатып алу көлемдерін;

      3) шарттан тыс (шарттық емес) электр энергиясын сатқан сатып алушыны көрсете отырып, станцияның артық өндіруі, шарттық тұтынушылардың жетіспеушілігі, сондай-ақ Қазақстан БЭЖ-інің орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқармасы жанындағы жүйелік оператордың өкімдеріне сәйкес электр энергиясын өндіруді тәулікішілік реттеуді жүзеге асыру және қуат резервтерін іске қосу нәтижесінде қалыптасқан шарттан тыс (шарттық емес) тұтынылған электр энергиясының көлемін;

      4) сатып алушы теңгерім провайдері болып табылатын жағдай кезінде электр энергиясының теңгерімсіздіктерін сату (сатып алу) көлемдері;

      5) жүйелік оператор шектес мемлекеттермен шекарадағы ауытқуларды реттеу кезінде қалыптасқан электр энергиясын сату (сатып алу) көлемдерін көрсетеді.";

      мынадай мазмұндағы 51-1, 51-2 және 51-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "51-1. Егер энергия өндіруші ұйымда нақты берілген электр энергиясының көлемі электр энергиясы көлемінің түзетулері ескеріле отырып, оның ішінде авариялық жағдайлар, жоспардан тыс жөндеулер, теңгерімсіз өтінімдер беру, сондай-ақ Қазақстан БЭЖ-нің орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқармасы жанындағы жүйелік оператордың өкімдеріне сәйкес электр энергиясын өндіруді тәулікішілік реттеуді жүзеге асыру нәтижесінде тәуліктік кестелерде мәлімделген жеткізу көлемінен төмен болған жағдайда, жүйелік оператор электр энергиясының жетіспейтін көлемін артық электр энергиясы бар басқа энергия өндіруші компаниялардың шарттық сатып алушыларына бөледі.

      51-2. Егер өңірлік энергия өндіруші ұйымда нақты берілген электр энергиясының көлемі электр энергиясы көлемінің түзетулері ескеріле отырып, оның ішінде авариялық жағдайлар, жоспардан тыс жөндеулер, теңгерімсіз өтінімдер беру, сондай-ақ Қазақстан БЭЖ-нің орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқармасы жанындағы жүйелік оператордың өкімдеріне сәйкес электр энергиясын өндіруді тәулікішілік реттеуді жүзеге асыру нәтижесінде тәуліктік кестелерде мәлімделген жеткізу көлемінен төмен болған жағдайда, жүйелік оператор энергия өндіруші ұйым желіге берген электр энергиясының көлемін бекітілген тәуліктік кестеде мәлімделген электр энергиясын сатып алу (беру) көлемдеріне сүйене отырып, шарттық тұтынушылар арасында пропорционалды төмендетумен бөледі.

      51-3. Гидроэлектр станциялары (бұдан әрі – ГЭС) өндіретін электр энергиясын сату кезеңі суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңімен айқындалады.

      Су ағынының көлемі жөніндегі хаттаманың деректері негізінде ГЭС суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңінде электр энергиясын сатудың жоспарланған көлемін анықтайды. Табиғат қорғау мақсатында су ағызу кезеңінде ГЭС өндіретін және қаржы-есеп айырысу орталығына өткізілетін электр энергиясының көлемін жоспарлау кезінде ГЭС жүйелік оператордың өткен жылғы деректері бойынша орташа жылдық суды шығындау шеңберінде өндірілетін электр энергиясын қоспайды.

      Өнеркәсіптік кешен құрамына кіретін ГЭС табиғат қорғау мақсатында су ағызу кезеңінде қаржы-есеп айырысу орталығына өткізілетін электр энергиясының көлемін жоспарлау кезінде жүйелік оператордың өткен жылғы деректері бойынша орташа жылдық суды шығындау шеңберінде өндірілетін электр энергиясының көлемін және өнеркәсіптік кешеннің ішкі қажеттілігін жабуға арналған электр энергиясының көлемін қоспайды.

      Орташа жылдық суды шығындау шеңберінде өндірілетін көлемдерді, сондай-ақ өнеркәсіптік кешеннің ішкі қажеттілігін жабуға арналған электр энергиясының көлемдерін қоспағанда, табиғат қорғау мақсатында су ағызу кезеңінде ГЭС өндіретін электр энергиясының көлемдері қаржы-есеп айырысу орталығына сатуға жатады.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
М. Мирзагалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады