ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11234 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Кәсіби дипломды немесе кәсіби дипломның телнұсқасың алу үшін жеке тұлға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы мынадай құжаттарды:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
кәсіби дипломды алу үшін:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
жоғары немесе орта білімнен кейінгі бiлiмі туралы құжатты (дипломды);
жүзу өтiлiн растайтын құжатты;
кемедегi жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысын ("Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 086/е нысандағы медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – 083/е нысандағы медициналық анықтама);
3,5х4,5 сантиметр өлшеміндегі екі фотосуретті;
кәсіби дипломның телнұсқасын алу үшін:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiшті;
жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3,5х4,5 сантиметр өлшеміндегі бір фотосуретті;
2) порталға:
кәсіби дипломды алу үшін:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
жоғары немесе орта білімнен кейінгі бiлiм туралы құжаттардың (дипломның) электрондық көшірмесін;
жүзу өтiлiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесін;
083/е нысандағы медициналық анықтаманың электрондық көшірмесін;
3,5х4,5 сантиметр өлшеміндегі екі фотосуретті (көрсетілетін қызметті берушіге емтихан тапсырған күні ұсынылады);
кәсіби дипломның телнұсқасын алу үшін:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
электрондық құжат түріндегі 3,5х4,5 сантиметр өлшеміндегі бір фотосуретті жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – стандарт) жазылған.";
3-қосымшада:
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
|
1) Мемлекеттік корпорацияға:
кәсіби дипломды алу үшін:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
жоғары немесе орта білімнен кейінгі бiлiм туралы құжат (диплом);
жүзу өтiлiн растайтын құжат;
кемедегi жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысы ("Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 086/е нысандағы медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – 083/е нысандағы медициналық анықтама);
3,5х4,5 сантиметр өлшемдегі екі фотосурет;
кәсіби дипломның телнұсқасын алу үшін:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3,5х4,5 сантиметр өлшемдегі бір фотосурет;
2) порталға:
кәсіби дипломды алу үшін:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жоғары немесе орта білімнен кейінгі бiлiм туралы құжаттардың (дипломның) электрондық көшірмесі;
жүзу өтiлiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
083/е нысандағы медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;
3,5х4,5 сантиметр өлшеміндегі екі фотосурет (көрсетілетін қызметті берушіге емтихан тапсырған күні ұсынылады);
кәсіби дипломның телнұсқасын алу үшін:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
электрондық құжат түріндегі 3,5х4,5 сантиметр өлшеміндегі бір фотосурет.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады".
|
";
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
10
|
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
|
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметі, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
|
".
2) "Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11528 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларында:
1-1 – қосымшада:
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
|
Мемлекеттік корпорацияға:
1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы диплом не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлік (анықтама)*.
ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде есепте тұрған ұйымдар берген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін жарамды болып табылады;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 083/е нысаны бойынша медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – 083/е нысандағы медициналық анықтама);
2,5х3,5 сантиметр өлшемiндегi екi фотосурет;
жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
2) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын алу үшін:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі бір фотосурет;
жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті алу үшін:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік;
№ 083/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;
2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі екі фотосурет;
жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
порталға:
4) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы электрондық өтініш;
кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын аяқталған туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтаманың) электрондық көшірмесі;
№ 083/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі ;
2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі екі фотосурет (емтиханды сәтті тапсырған жағдайда Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);
5) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын алу үшін:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы электрондық өтініш;
2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі бір фотосурет (Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды порталға жіберген күні ұсынылады);
6) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті алу үшін:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы электрондық өтініш;
бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқа Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);
№ 083/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;
2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі екі түрлі-түсті фотосурет (Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды порталға жіберген күні ұсынылады).
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады".
|
;
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
110
|
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет анықтама бюросы, күтуге арналған креслолар және мүмкіндігі шектеулі өтініш берушілерге қызмет көрсетуге арналған пандустар көзделген ғимаратта көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметі, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
|
".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
|
Б. Атамкулов
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, иновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі