Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Қылмыстық жазаларды орындаудың және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 104 бұйрығының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 21 қазандағы № 137 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 қазанда № 24884 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына және "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Қылмыстық жазаларды орындаудың және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 104 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15840 болып тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, прокуратураның ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымының басшыларына, облыстар, аудандар прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға мәлімет үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Казақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Г. Нурдаулетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады