"Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 4 қарашадағы № ҚР ДСМ-108 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 қарашада № 25066 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10404 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Тізімнің II, III, IV кестелеріндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарды тағайындау бір реттік дозасы, қабылдау (енгізу) тәсілі мен жиілігі, емдеу курсының ұзақтығы, сондай-ақ құрамында есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарды тағайындаудың негіздемесі көрсетіле отырып, оның нысандары "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі –№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген науқастың медициналық құжаттарында белгіленеді.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Тізімнің III, IV кестелеріндегі құрамында есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттардың рецептілері № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі рецептілік бланктерде жазылып беріледі.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Жоғарыда сонамаланған талаптарға сәйкес келмейтін рецепті жарамсыз болып табылады және "Рецепт жарамсыз" мөртабанымен жабылады, "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21229 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша, нөмірленген, тігілген және дәріхана, дәріхана пункті басшысының қолымен және мөрімен (бар болса) бекітілген дұрыс жазылмаған рецептілерді есепке алу журналында тіркеледі.

      Дұрыс жазыл берілмеген рецептілер туралы ақпарат тиісті медициналық ұйымның басшысына және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың тиісті жергілікті органдарына мәлімет үшін беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
М. Шоранов

      "БЕКІТІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      _________________

      _________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады