БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 4) тармақшасына, 14-бабының 4-тармағына, 20-бабының 4 және 8-тармақтарына, 30-бабының 1, 2 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже (бұдан әрi – Ереже) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөнiндегi негiзгi мәселелердi регламенттейдi.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес, ал Кодекстің 140-бабы 3-тармағында көзделген жағдайларда, Кодекске және Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор Кодекстің 152-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21964 болып тіркелген) бекітілген Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту және күшін жою туралы қосымша актілерді, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және олардың нәтижелері туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларына сәйкес тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор "Нұсқама нысандарын, оларды жасау және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-07/333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8662 тіркелген) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама (бұдан әрі – нұсқама) жасайды, осы бұйрықпен бекітілген Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай мiндеттi түрде зарарсыздандыру (залалсыздандыру) және өңдеу қағидаларының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды алып қою туралы қаулыны және (немесе) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою туралы қаулыны шығарады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру нәтижелері бойынша "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 803 және 822-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы нұсқама, хаттама толтырады, белгіленген бұзушылықтардың сипатына қарай әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығарады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай мiндеттi түрде зарарсыздандыру (залалсыздандыру) және қайта өңдеу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын;
"Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай мiндеттi түрде зарарсыздандыру (залалсыздандыру) және өңдеу қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай мiндетті түрде зарарсыздандыру (залалсыздандыру) және өңдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 30-бабы 1-тармағына сәйкес әзiрленді және жануарлардың саулығы мен адам денсаулығына қауіп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою немесе алып қоймай мiндеттi түрде зарарсыздандыру (залалсыздандыру) және өңдеу тәртiбiн айқындайды.";
2-тармақ алып тасталсын;
4, 5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды алып қою туралы қаулыны Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық зертхана сараптамасының актісі (сынақ хаттамасы) негізінде алынған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қабылдайтын жануарлардың саулығы мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды алып қою туралы қаулы қабылданған күнінен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесіне және Заңның 11-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымға жеткізіледі.
5. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою туралы қаулыны қабылданған күнінен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ветеринариялық зертхана сараптамасының актісі (сынақ хаттамасы) негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қабылдайды.
6. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қоюға және жоюға байланысты мәселелерді шешу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ветеринария саласындағы уәкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесі басшысының (басшысы болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адамның) бұйрығымен жергілікті атқарушы органдардың, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның (жануарлар мен адамға ортақ аурулар кезінде келісу бойынша), мемлекеттік ветеринариялық ұйымның, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерінен, тиісті аумақтағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордан тұратын комиссия құрылады.
7. Тиiстi аумақтың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы комиссия мүшелерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты мiндеттi түрде алып қою туралы актiні (бұдан әрі – алып қою актісі) жасайды, оған комиссияның барлық мүшелерiнiң қолы қойылады және ветеринария саласындағы уәкiлетті орган ведомствосының аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшесінің мөрiмен бекiтiледі.
Алып қою актiсінiң бiрiншi данасы жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндіретiн жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың иесiне қолхат арқылы тапсырылады, екiншi данасы мемлекеттiк ветеринариялық ұйымның өкілiне берiледi, үшiншi данасы тиiстi аумақтың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторында қалады.
8. Тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы жануарлардың саулығы мен адам денсаулығына қауiп төндіретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты бір мезетте алып қою актісін жасай отыра, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алып қою туралы қаулы (бұдан әрi – қаулы) шығарады.";
13-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды орындауға байланысты барлық жұмыстарды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор мемлекеттік ветеринариялық ұйымның тиісті аумағын тікелей бақылай отыра және оларға бейнетіркеу жүргізе отыра, жүзеге асырады.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың өңдеуге тапсырылуы туралы актіге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеу жөніндегі ұйымның басшысы және жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың иесі қол қояды және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары белгілеген, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өңдеу жөніндегі ұйымның орналасқан жері бойынша ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекітіледі.";
көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай зарарсыздандырылған (залалсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жеке және заңды тұлғаларға жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай зарарсыздандырылған (залалсыздандырылған) және өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттары (бұдан әрi – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 30-бабы 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою және жою не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай зарарсыздандыру (залалсыздандыру) және өңдеу кезінде жеке және заңды тұлғаларға олардың құнын өтеудің тәртiбi мен шарттарын анықтайды.";
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың не алып қоймай зарарсыздандырылған (залалсыздандырылған) және өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың орташа айлық нарықтық құнын белгілеу туралы акт тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеуге мынадай құжаттар негіздеме болып табылады:
1) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы жергілікті атқарушы органның (аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің) шешімі;
2) осы бұйрықпен бекітілген Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай мiндеттi түрде зарарсыздандыру (залалсыздандыру) және қайта өңдеу қағидаларына (бұдан әрі – Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай мiндеттi түрде зарарсыздандыру (залалсыздандыру) және қайта өңдеу қағидалары) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою туралы акт;
3) Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай мiндеттi түрде зарарсыздандыру (залалсыздандыру) және қайта өңдеу қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты жою туралы акт (бұдан әрі – жою туралы акт).
Зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша осы бұйрықпен бекітілген Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларынан жануарлардың қырылуы расталған жағдайда, зертханалық зерттеулер нәтижелерінің расталуын алғанға дейін жасалған жою туралы акт олардың құнын өтеу үшін негіз болып табылады;
4) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің диагностикасы немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нәтижелері бойынша ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актісі (сынақ хаттамасы);
5) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың не алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың орташа айлық нарықтық құнын белгілеу туралы акт;
6) Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай мiндеттi түрде зарарсыздандыру (залалсыздандыру) және қайта өңдеу қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою туралы қаулы;
7) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына (бұдан әрі – Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары) сәйкес берілген ветеринариялық паспорт;
8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6321 тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидаларына (бұдан әрі – Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидалары) сәйкес берілген ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан алынған көшірме.";
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген негіздемелерге сәйкес келген кезде жеке және заңды тұлғаларға жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу оларды алып қойғаннан және жойғаннан кейін мемлекеттік ветеринариялық ұйым құжаттар жиналғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тиісті кезеңге арналған қаржыландыру жоспары бойынша бюджет қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған жағдайда, жеке және заңды тұлғаларға жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілген мақсаттарға қосымша бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылады.
14. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай міндетті түрде зарарсыздандыру (залалсыздандыру) және өңдеу кезінде құнын өтеуге мынадай құжаттар негіз болып табылады:
1) саламатты шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бруцеллезді қоспағанда, жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы жергілікті атқарушы органның (аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің) шешімі;
2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің диагностикасы немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нәтижелері бойынша ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актісі (сынақ хаттамасы);
3) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, азық пен азықтық қоспаларды зарарсыздандыру (залалсыздандыру), өңдеу туралы нұсқама;
4) Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай мiндеттi түрде зарарсыздандыру (залалсыздандыру) және қайта өңдеу қағидаларының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеуге тапсыру туралы акт;
5) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың не алып қоймай зарарсыздандырылған (залалсыздандырылған) және өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың орташа айлық нарықтық құнын белгілеу туралы акт;
6) Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес берілген ветеринариялық паспорт;
7) Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидаларына сәйкес берілген ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан алынған үзінді.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген негіздемелерге сәйкес келген кезде жеке және заңды тұлғаларға жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай зарарсыздандырылған (залалсыздандырылған) жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері тиісті кезеңге арналған қаржыландыру жоспары бойынша бюджет қаражаты болған жағдайда, құжаттар жиналғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тиісті кезеңге арналған қаржыландыру жоспары бойынша бюджет қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған жағдайда, жеке және заңды тұлғаларға жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай зарарсыздандырылған (залалсыздандырылған) және өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілген мақсаттарға қосымша қаражат бөлінген кезде жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын:
"6-тарау. Шағымдану тәртібі
17. Жеке және заңды тұлғаларға жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай зарарсыздандырылған (залалсыздандырылған) және өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу туралы қабылданған шешімге шағым жасау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 8-тармағына сәйкес әзiрлендi және ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. ВББ-ның мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы қадағаланбайтын жануарлардың республика аумағына өтуі анықталған жағдайда, көрсетілген жануарларды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданғанға дейін карантинге қою үшін оларды шекара маңындағы тиісті аумақта орналасқан ведомствоның бөлімшелеріне береді.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі
Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды алып қою туралы қаулы
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес
________________________________________________________________________________
(ветеринариялық зертхананың атауы)
____ жылғы "___" ________ № сараптама актiсi (сынақ хаттамасы) немесе
________________________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы орган (аудандық маңызы бар қаланың, кенттің,
ауылдың, ауылдық округтің әкімі)
____ жылғы "___" ________ №_________ карантинді белгілеу немесе шектеу іс-шаралары туралы шешімі негізінде жануарлар иелерінен жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндiретiн ______________________
________________________________________________________________________________
жануарларды (жануардың түрін көрсету)
________________________________________________________________________ себеппен
(алып қою себебін көрсету)
алып қою жүргізілсін.
Өзге де мәліметтер________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық инспекторы _________________________________ ________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Мөрдің орны
Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою туралы қаулы
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес
________________________________________________________________________________
(ветеринариялық зертхананың атауы)
____ жылғы "___" ________ № сараптама актiсi (сынақ хаттамасы) негізінде жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат иелерінен ____________________________________ ________________________________________________________________________ себеппен
(алып қою себебін көрсету)
________________________________________________________________________________
(жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат түрін көрсету)
жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою жүргізілсін.
Өзге де мәліметтер________________________________________________________________
Бас мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық инспектор ___________________________________ ________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Мөрдің орны
Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою туралы акт
Мынадай құрамдағы комиссия:___________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(комиссия мүшелерiнiң аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы)
_________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын жануардың, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзаттың иесі
__________________________________________________________________ қатысуымен
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы)
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы негiзiнде
20__ жылғы "__" ________диагноз бойынша _________________________________________
(аурудың атауы)
________________________________________________________________________________
(алынған жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың түрi, мөлшері) ________________________________________________________________________________
___________________________________________________ алып қоюды жүргізді.
Комиссия мүшелерiнiң қолдары:
1. ______________________________________________ _________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі), лауазымы) (қолы)
2. ______________________________________________ _________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі), лауазымы) (қолы)
3. ______________________________________________ _________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі), лауазымы) (қолы)
Mөрдің орны
Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық қадағалау және бақылау
объектiсi иесiнiң қолы _______________________________________ ______________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі), лауазымы) (қолы)
Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою туралы қаулы
А № 000000000 20__ жылғы "____" _________
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 1-тармағына сәйкес жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою актiсiнің және №______ 20__ жылғы "__" ________ветеринариялық зертхананың сараптама актісінің (сынақ хаттамасы) негізінде жеке немесе заңды тұлға
________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы)
мекенжайы ______________________________________________________________________
________________________________________________________________________ себеппен
(алып қоюдың себептерін көрсету керек)
________________________________________________________________________________
кейін жою үшін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты
_____________________________________________________________ алып қою жүргізілсін.
(жануардың түрі, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың атауы,
мөлшері көрсетілуі керек)
Жеке және заңды тұлғаларға жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою салдарынан келтірілген залал төленсін/төленбесін (керексізі сызып тасталсын)
Өзге де мәліметтер _______________________________________________________________
________________________________________________________________________________
___________________________________
(ауданның (қаланың) атауы)
Мемлекеттік ветеринариялық-
Санитариялық инспекторы _______________________________________ ______________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Мөрдің орны
Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлар өнiмдер мен шикiзатты жою туралы акт
Мынадай құрамдағы комиссия:_______________________________________________
(комиссия мүшелерiнiң аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымдары)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
_________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын жануардың,
жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзаттың иесі
_____________________________________________________________________ қатысуымен
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы)
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы негiзiнде
________________________________________________________________________________
(жойылған жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың түрi, мөлшері)
________________________________________________________________________________
20__ "___" _________ ____________________________________жойды.
(жойылу әдiсi көрсетiледi)
Комиссия мүшелерiнiң қолдары
1. ______________________________________________ _________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі), лауазымы) (қолы)
2. ______________________________________________ _________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі), лауазымы) (қолы)
3. ______________________________________________ _________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі), лауазымы) (қолы)
Mөрдің орны
Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық қадағалау және бақылау объектiсi иесiнiң қолы
_________________________________________ ________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы) (қолы)
Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеуге тапсыру туралы акт
Біз, _______________________________________________________________________
(тапсыруға қатысқандардың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымдары)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
және _________________________________________________________ мекенжайы бойынша
тұратын жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың иесі ___________________
________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы)
________________________________________________________________________________
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының негізінде
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(өңдеуге тапсырылған жануарлар, жануарлардан алынатын өнiм
________________________________________________________________________________
мен шикiзаттың түрi, мөлшері)
20__жылғы "____" __________ ________________________________________
(өңдеу мекемесінің атауы, орналасқан орны)
_________________________________________________ өңдеуге тапсырдық.
Комиссия мүшелерінің қолдары:
1. ______________________________________________ _________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі), лауазымы) (қолы)
2. ______________________________________________ _________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі), лауазымы) (қолы)
3. ______________________________________________ _________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі), лауазымы) (қолы)
Мөрдің орны
Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық қадағалау және бақылау объектiсi иесiнiң қолы
_________________________________________ ________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы) (қолы)