"Қазақстан Республикасының Су кодексіне ауыз сумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдар арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 25 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №19-3/297 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11332 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерінің тізбесін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерінің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
С. Брекешев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерінің тізбесі
№ Облыстар бойынша объектілердің атауы
Ақмола облысы
1. "Дамса-Научный-Степное" топтық су құбыры
2. "Ижевск" топтық су құбыры
3. "Койтас-Ажы" топтық су құбыры
4. "Көкшетау" топтық су құбыры
5. "Нұра" топтық су құбыры
6. "Оразақ" топтық су құбыры
7. "Торғай-Төменгі Торғай-Қайғарлы" топтық су құбыры
8. "Шантөбе" топтық су құбыры
Ақтөбе облысы
9. "Айке-Тереңсай" топтық су құбыры
10. "Айырқызыл-Ақши-Ырғыз" топтық су құбыры
11. "Қарабұтақ-Еңбекту" топтық су құбыры
12. "Нұра-Мамыр" топтық су құбыры
Алматы облысы
13. "Бозой" топтық су құбыры
14. "Шенгелді" топтық су құбыры
Атырау облысы
15. "Атырау-Мақат" топтық су құбыры
16. "Индер-Миялы" топтық су құбыры
17. "Қоянды" топтық су құбыры
18. "Құлсары-Тұрғызба-Шоқпартоғай-Аққызтоғай" топтық су құбыры
19. "Миялы-Жангелдин-Жасқайрат" топтық су құбыры
20. "Мұздыбұлақ-Қарабау" топтық су құбыры
Батыс Қазақстан облысы
21. "Жалпақтал" топтық су құбыры
22. "Жалпақтал-Қараөзен" топтық су құбыры
23. "Жаңақала" топтық су құбыры
24. "Каменский" топтық су құбыры
25. "Қазталов-Әжбай" топтық су құбыры
26. "Орда" топтық су құбыры
27. "Пугачев-Аралтал" топтық су құбыры
28. "Сырым" топтық су құбыры
29. "Ұялы-Саралжын" топтық су құбыры
30. "Шыңғырлау" топтық су құбыры
Жамбыл облысы
31. "Ынтымақ" топтық су құбыры
Қарағанды облысы
32. "Төменгі Тоқырау кен орны" топтық су құбыры
33. Қаныш Сәтпаев атындағы канал
Қостанай облысы
34. "Ашутасты-Родина" топтық су құбыры
35. "Владыкин" топтық су құбыры
36. "Волгоград" топтық су құбыры
37. "Есіл" топтық су құбыры
38. "Железнодорожный" топтық су құбыры
39. "Лихачев" топтық су құбыры
40. "Свердлов" топтық су құбыры
41. "Смирнов" топтық су құбыры
42. "Терісаққан" топтық су құбыры
43. "Ұзынкөл" топтық су құбыры
Қызылорда облысы
44. "Арал-Сарыбұлақ" топтық су құбыры
45. "Жиделі" топтық су құбыры
46. "Октябрь" топтық су құбыры
Маңғыстау облысы
47. "Ақжігіт-Майлы" топтық су құбыры
48. "Ақшұқыр-Саин" топтық су құбыры
49. "Бесқұдық-Бекін" топтық су құбыры
50. "Жетеш-Тұщықұдық-Шебір" топтық су құбыры
51. "Қазба-Ақшымырау-Қызан" топтық су құбыры
Павлодар облысы
52. "Беловод" топтық су құбыры
53. Қаныш Сәтпаев атындағы канал
Солтүстік Қазақстан облысы
54. "Булаев" топтық су құбыры
55. "Екатеринов-Матросов-Сәбит-Святодухов-Зеленная Роща-Светлое-Чапаев" топтық су құбыры
56. "Есіл" топтық су құбыры
57. "Көкшетау" топтық су құбыры
58. "Краснознаменск" топтық су құбыры
59. "Қарақамыс-Озерное-Бауман-Ақбалық-Жалтырша" топтық су құбыры
60. "Преснов" топтық су құбыры
61. "Пресноредуть-Песчанка-Макарьев-Западное" топтық су құбыры
62. "Сергеев" топтық су құбыры
63. "Соколов" топтық су құбыры
Түркістан облысы
64. "Арыс" топтық су құбыры
65. "Дарбаза" топтық су құбыры
66. "Жетісай" топтық су құбыры
67. "Кентау-Түркістан" топтық су құбыры
68. "Қажымұқан-Қараспан" топтық су құбыры
69. "Сарыағаш" топтық су құбыры
70. "Тасты-Шу" топтық су құбыры
71. "Шәуілдір" топтық су құбыры
Шығыс Қазақстан облысы
72. "Ақбұзау-Қаражал-Салқынтөбе" топтық су құбыры
73. "Белағаш" топтық су құбыры