Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.05.2024 № 332 (08.06.2024 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 102 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14914 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-5) тармақшасы мен "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік корпорация арқылы өтінімді қабылдау қызметті алушының тіркелген жері бойынша "электрондық" кезек тәртібінде жеделдетілмеген қызмет көрсету түрінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті брондауға болады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы өтінімді ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға өтінімнің қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Мемлекеттік корпорация қабылданған өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге курьер қызметі арқылы жолдайды. Сонымен бірге Мемлекеттік корпорациямен қағаз түрінде өтінімді қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттар түскен күні қабылдауды, және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері өтінімдер түскен күні олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.
Құжаттарды өңдеуге жауапты қызметкер "Акцизделетін тауарлар мен жекелеген мұнай өнімдерінің түрлерін өндіру және айналымына бақылау жасау" ақпараттық жүйесіне өтінімдерді енгізеді және құжат алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өңдейді, нәтижесі бойынша ДСН-код береді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қалыптастырады.
ДСН-кодтарды беруді темекі өнімдерінің дербес сәйкестендіру нөмірлер-кодтарының тізілімге енгізу арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілін) және (немесе) "Цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжаттарды қалыптастыру, тексеру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 352/НҚ бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21329 болып тіркелген) қалыптастырылатын цифрлық құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация құжаттардың 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.";
1, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 1190 Бұйрыққа 1-қосымша |
|
Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Темекі өніміне (-деріне) ДСН-кодын (-тарын) беруге арналған өтінім
Көрсетілетін қызметті алушының атауы: _______________________
Көрсетілетін қызметті алушының жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі:
________________________________________________
Өтініш берушінің типі (өндіруші және (немесе) импорттаушы):
_____________________________________________________
№ | Темекі өнімінің таңбасы | Темекі өнімінің атауы (сигареттер, папиростар, сигаралар, сигариллалар, қыздырылатын темекісі бар бұйымдар, кальянға арналған темекі, темекі және темекіден жасалған өзге де өнімдер, құрамында никотин бар сұйықтық) | Қораптағы темекі өнімінің бірлік саны (дана, грамм, миллилитр) | Сүзгінің бар-жоғы, (бар/жоқ) |
1. | ||||
2. |
Басшы _______________________________________ ________________
(Тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған кезде) (қолы)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 1190 Бұйрыққа 2-қосымша |
|
Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидаларына 3-қосымша |
Темекі өнімдерінің дербес сәйкестендіру нөмірлер-кодтарының тізілімі
№ | Өтініш берушінің атауы | Жеке/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Өтініш берушінің заңды мекежайы | Темекі өнімінің таңбасы | Темекі өнімінің атауы (сигареттер, папиростар, сигаралар, сигариллалар, қыздырылатын темекісі бар бұйымдар, кальянға арналған темекі, темекі және темекіден жасалған өзге де өнімдер, құрамында никотин бар сұйықтық) | Қораптағы темекі өнімінің бірлік саны (дана, грамм, миллилитр) | Сүзгінің бар-жоғы (бар/жоқ) | ДСН-коды |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 1190 Бұйрыққа 3-қосымша |
|
Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы
ДСН-кодтарының құрылымы мынадай сызбада ұсынылған:
Бірінші фасет (бірінші топ төрт цифрдан) – темекі өнімдерін өндіретін және (немесе) импорттайтын заңды (жеке) тұлғаның коды.
Екінші фасет (екінші топ екі саннан) – тауарлар тобы (сүзгісі бар сигареттер – 01; сүзгісі жоқ сигареттер – 02; папиростар – 03; сигаралар – 04; сигариллалар – 05; қыздырылатын темекісі бар бұйымдар – 06; кальянға арналған темекі – 07; темекі және темекіден жасалған өзге де бұйымдар – 08; құрамында никотин бар сұйықтық– 09).
Үшінші фасет (үшінші топ төрт цифрдан) – темекі өнімінің таңбасы.
Төртінші фасет (төртінші топ екі саннан) – қораптағы немесе бумадағы темекі өнімінің саны.