ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 444-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің м.а. |
Е. Казанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің м.а. 2021 жылғы 16 қарашадағы № 594-НҚ бұйрыққа қосымша |
Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) тізбесі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) 444-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысымен айқындалатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін (бұдан әрі – БТД) қолдану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) мемлекеттік кірістер органы – өз құзыреті шегінде бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;
3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган - өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнiмi.
3. ЕАЭО мүше-мемлекеттер аумағынан тауарларды әкелу кезінде импорттаушы "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 ақпанда № 16448 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша толтырылған тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштерде (бұдан әрі – Өтініш) БТД белгіленген өлшемінен төмен құн көрсетсе мемлекеттік кірістер органы қосылған құн салығын есептеу үшін БТД қолданады.
2-тарау. Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану тәртібі
4. Салық төлеуші (салық агенті) не оның заңды немесе уәкілетті өкілі (бұдан әрі – өкіл) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу кезінде мемлекеттік кірістер органдарына қағаз жеткізгіште (төрт данада) немесе тек электрондық нысанда, лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтініш береді.
5. ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС есептеу және төлеу тәртібі Кодекстің 456-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Егер импорттаушы мәлімдеген тауардың құны БТД-ның белгіленген мөлшерінен төмен болса, онда ҚҚС есептеу БТД-да көзделген құннан жүзеге асырылады.
6. Уәкілетті орган жыл сайын 15 (он бесінші) маусымнан және 15 (он бесінші) желтоқсаннан кешіктірмей тауардың әрбір түріне БТД есептейді және өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды.
7. БТД келесі формуламен есептеледі:
мында:
– өндіруші-кәсіпорындардың орташа бағасы;
– туралы өтініштерде көрсетілген, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына әкелінген тауарлардың орташа құны.
8. Уәкілетті орган жыл сайын жыл сайын 31 (отыз бірінші) мамырға дейін және 30 (отызыншы) қарашаға дейін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан әрбір тауарға қатысты ақпарат ұсынылған айдың алдындағы 6 (алты) ай үшін тауарларға өндіруші-кәсіпорындардың орташа бағаларын сұрайды.
Өндіруші-кәсіпорын орташа бағалары тауардың өлшем бірлігі үшін теңгемен ұсынылады.
9. Мемлекеттік кіріс органы жыл сайын 31 (отыз бірінші) мамырға дейін және 30 (отызыншы) қарашаға дейін уәкілетті органға әрбір тауарға қатысты ақпаратты ұсыну айының алдындағы 6 (алты) ай ішінде өтініштерде көрсетілген, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына әкелінген тауарлардың орташа құны туралы ақпаратты ұсынады.
Әкелінетін тауарлардың орташа құны туралы ақпарат тауардың әрбір түрі бойынша ЕАЭО СЭҚ ТН кодының 10 (он) белгісі деңгейінде құнын көрсете отырып, тауардың өлшем бірлігі үшін теңгемен ұсынылады.
10. БТД 1 (бірінші) шілде мен 31 (отыз бірінші) желтоқсан аралығындағы кезеңде және 1 (бірінші) қаңтар мен 30 (отызыншы) маусым аралығындағы кезеңде қолданылады.