"Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 16 қарашадағы № 594-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 408-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 17 желтоқсанда № 35479 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 16 қарашадағы № 594-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25228 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану қағидаларында:

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 882 "Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілетін тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін (бұдан әрі – БТД) қолдану тәртібін айқындайды.";

      6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "6. Уәкілетті орган жыл сайын 15 (он бесінші) наурыздан, 15 (он бесінші) маусымнан, 15 (он бесінші) қыркүйектен және 15 (он бесінші) желтоқсаннан кешіктірмей тауардың әрбір түріне БТД-ны есептейді және өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды.";

      8-тармақтың бірінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:

      "8. Уәкілетті орган жыл сайын 28 (жиырма сегізінші) ақпанға, 31 (отыз бірінші) мамырға, 31 (отыз бірінші) тамызға дейін және 30 (отызыншы) қарашаға дейін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан әрбір тауарға қатысты ақпарат ұсынылған айдың алдындағы 3 (үш) ай үшін тауарларға өндіруші-кәсіпорындардың орташа бағаларын сұратады.";

      9-тармақтың бірінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік кіріс органы жыл сайын 28 (жиырма сегізінші) ақпанға, 31 (отыз бірінші) мамырға, 31 (отыз бірінші) тамызға дейін және 30 (отызыншы) қарашаға дейін уәкілетті органға әрбір тауарға қатысты ақпаратты ұсыну айының алдындағы 3 (үш) ай ішінде Өтініштерде көрсетілген, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына әкелінген тауарлардың орташа құны туралы ақпаратты ұсынады.";

      10-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "10. БТД жыл сайын 1 (бірінші) қаңтар мен 31 (отыз бірінші) наурыз, 1 (бірінші) сәуір мен 30 (отызыншы) маусым, 1 (бірінші) шілде мен 30 (отызыншы) қыркүйек және 1 (бірінші) қазан мен 31 (отыз бірінші) желтоқсан аралығындағы кезеңде қолданылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
А. Шаккалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады