"Ведомстволық жіктелімдерді жүргізудің үлгілік әдістемесін (ВЖЖҮӘ) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 17 қарашадағы № 31 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 қарашада № 25255 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2024 жылғы 3 желтоқсандағы № 3 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 03.12.2024 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ведомстволық жіктелімдерді жүргізудің үлгілік әдістемесін (ВЖЖҮӘ) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10779 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 12) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 23) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ведомстволық жіктелімдерді жүргізудің үлгілік әдістемесінде:

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ведомстволық жіктелімдерді жүргізудің үлгілік әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 12) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 23) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әдістемені қолданудың жалпы құқықтық мәселелері:

      1) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен;

      2) "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен;

      3) "Стандарттау. Терминдер мен анықтамалар" ҚР СТ 1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартымен;

      4) "Ұлттық стандарттардың және стандарттау жөніндегі ұсынымдардың құрылуына, жазылуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар" ҚР СТ 1.5 Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартымен;

      5) "Техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесі. Негізгі ережелер" ҚР СТ 5.0 Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартымен реттеледі.";

      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері – техникалық-экономикалық ақпарат объектiлерi жіктелімдік топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтықтарын білдіретін стандарттау жөніндегі құжаттар, бұларға ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері және шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері жатады;";

      6-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) мемлекетаралық жіктеуіш – стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық кеңес (бұдан әрі - МАК) қабылдаған, барлық кеңеске мүше-мемлекеттерге қолжетімді жіктеуіш (белгілі бір өңір елдерінің шеңберінде қолданылуға бағытталған). МАК ТМД елдерінде стандарттау және нормативтік құжаттама жөніндегі өңірлік ұйым болып табылады (Стандарттау жөніндегі Халықаралық Кеңестің 1995 жылғы 14 қыркүйектегі ISO 40/1995 шешіміне сәйкес).

      Халықаралық және мемлекетаралық жіктеуіштер, номенклатуралар негізгі болып табылады және статистика саласында техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерді олармен үйлестіру үшін негіз ретінде пайдаланылады;";

      6-тармақтың 16) тармақшасы алынып тасталсын;

      6-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) салалық (ведомстволық) жіктелімдер – министрліктер мен ведомстволардың белгілі саласында ресми статистикалық ақпаратты түзуде қолдану үшін белгіленген тәртіппен енгізілген жіктеуіш, номенклатура және анықтамалық.

      Салалық (ведомстволық) жіктеуіштер, номенклатуралар техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштеріне енгізілмеген ақпаратты қамтиды. Салалық (ведомстволық) жіктеуіштер, номенклатуралар оның құрамындағы айқындамаларды дезагрегациялау арқылы халықаралық, ұлттық жіктелімдердің негізінде әзірленуі мүмкін.";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Жіктеу және кодтау әдістері";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Жіктелімдерді әзірлеу және жүргізу";

      13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы жіктеуіш үшін базалық болып табылатын халықаралық, мемлекетаралық, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштеріне өзгерістер мен толықтырулар;";

      17-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жіктеуіш, номенклатура қағаз жеткізгіште және "КЛАСС" АЖ-да, анықтамалық Excel форматында және "КЛАСС" АЖ-да.";

      18-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Жіктелімдерді қайта қарау";

      5-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Жіктелімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу";

      6-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. "Жіктелімдерді КЛАСС" АЖ-да орналастыру";

      37-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Жіктелімнің нұсқасы" қосымша бетінде жауапты тұлға жіктелім бойынша жалпы ережелер (толық атауы, аббревиатурасы, санаты, құқықтық негіздемесі) көрсетілген ақпараттық карточканы мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырады, бұл ретте атауы және аббревиатура ағылшын тілінде көрсетіледі. Ақпарттық карточка 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.";

      7-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Жіктелімдердің күшін жою";

      39-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) соның негізінде жіктеуіштер, номенклатуралар және анықтамалықтар әзірленген техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштердің күшін жою.";

      8-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      10-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті Заң департаментімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына (Н.Ж Көшкімбаев) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Басшы Н. Айдапкелов
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму
министрлiгі
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлiгі
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлiгі
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлiгі
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлiгі
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлiгі
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгі
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлiгі
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлiгі
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгі
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлiгі
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлiгі
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлiгі
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлiгі
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлiгі

  Басшысының
2021 жылғы 17 қарашадағы
№ 31 бұйрығына
1-қосымша
Ведомстволық жіктелімдерді
жүргізудің үлгілік әдістемесіне
8-қосымша

Ақпараттық карточка

Қазақ тіліндегі атауы:


Орыс тіліндегі атауы:


Ағылшын тіліндегі атауы:


Жіктелім ID:


Жіктелімнің типі:


Тізілім коды:


Қысқаша атауы:


Орыс тіліндегі аббревиатурасы:


Ағылшын тіліндегі аббревиатурасы:


Әзірлеуші:


Әзірлеушінің мекенжайы:


Құқықтық негізі:


Санаты:


Мәртебесі:


Енгізілген күні:


Күші жойылған күні:


Өзектілендірілген күні:


Басқа жіктелімдермен өзара байланысы:


Статистикалық нысан:


  Басшысының
2021 жылғы 17 қарашадағы
№ 31 бұйрығына
2-қосымша
Ведомстволық жіктелімдерді
жүргізудің үлгілік әдістемесіне
10-қосымша

Жіктелімдер тізілімі

      Тізілім кестесі үш бөлімнен тұрады:

      1) сәйкестендіру;

      2) жіктелім объектісінің атауы.

      3) аббревиатуралар.

      "Сәйкестендіру" бөлімі код құрылымы туралы жазбадан тұрады. Тізілімде жіктелімнің фасетті әдісі және кодтың цифрлық әліпбиін пайдалана отырып кодтаудың параллельді әдісі қолданылады.

      "Жіктелім объектісінің атауы" бөлімі нақты жіктелімнің толық атауы жазбасынан тұрады.

      "Аббревиатура" бөлімі нақты жіктелімнің қысқаша атауынан тұрады.

      Сәйкестендіру коды бірінші мен екінші, төртінші мен бесінші, алтыншы мен жетінші, тоғызыншы мен оныншы, он бірінші мен он екінші белгілердің арасында нүктелері бар қарапайым он үш саннан тұрады. Сәйкестендіру коды "КЛАСС" АЖ-да қойылады.

      Ақпараттық кодтың құрылымында жіктелімнің мынадай белгілері болады:

      бірінші белгі – жіктелімнің санатын сәйкестендіретін бір мәнді код;

      екінші белгі – жіктелімді әзірлеген мемлекеттік органды сәйкестендіретін үш мәнді код. Әзірлеуші-мемлекеттік органның коды Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктеліміне сәйкес қойылады;

      үшінші белгі – статистика саласын белгілейтін екі мәнді код. Салаларды кодтау үшін статистикалық көрсеткіштер жіктеуіші қолданылады;

      төртінші белгі – жіктелімнің тіркеу нөмірін білдіретін үш мәнді код;

      бесінші белгі – жіктелімнің нұсқасын сәйкестендіретін екі мәнді код. Нұсқалылықта жіктелімді қайта қарау саны көрсетіледі;

      алтыншы белгі – жіктелімнің ішкі нұсқасын сәйкестендіретін екі мәнді код. Ішкі нұсқалылықта жіктелімге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар саны көрсетіледі.

Сәйкестендіру кодының белгілерін кодтау

Белгінің атауы

Белгінің мәні

Коды

1. Жіктелімдер санаты

Халықаралық жіктеуіш

1

Мемлекетаралық жіктеуіш

2

Техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіші

3

Ведомстволық жіктеуіш (номенклатура)

4

Анықтамалық

5

Топтама

6

Іріктеме

7

2. Әзірлеуші-мемлекеттік органның атауы

Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктеліміне сәйкес


3. Сала (статистика)

Статистикалық көрсеткіштер анықтамалығына сәйкес


4. Жіктелімнің тіркеу нөмірі


001-ден
999 дейін

5. Нұсқалылық


01-ден
99 дейін

6. Ішкі нұсқалылық


01-ден
99 дейін

Код құрылымының үлгісі Х.ХХХ.ХХ.ХХХ.ХХ.ХХ



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады