Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 1 қарашадағы № 543 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 қарашада № 25284 болып тіркелді

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін және олардың орындалуы жөніндегі есептерді коммерцияландыру жобаларын мемлекеттік есепке алу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы Ш. Каринова

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрдің
міндетін атқарушысының
2021 жылғы 1 қарашадағы
№ 543 бұйрығына
қосымша

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін және олардың орындалуы жөніндегі есептерді коммерцияландыру жобаларын мемлекеттік есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5-3) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (бұдан әрі – ҒҒТҚН) коммерцияландыру жобаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасы (бұдан әрі – жоба) – табыс алуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен көрсетілетін қызметтерді нарыққа шығару мақсатында зияткерлік қызмет нәтижелерін қоса алғанда, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін практикада қолдануға бағытталған болжанатын жұмыстың мазмұнын қамтитын құжат;

      2) ҒҒТҚН коммерцияландыру бойынша есеп - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобасын іске асыру нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын құжат.

      3. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жобалар және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алуды (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҰҒТСО" АҚ) жүзеге асырады.

2-тарау. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу тәртібі

      4. Жобаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу үшін жеке және заңды тұлғалар электрондық нысанда ақпараттық жүйе www.is.ncste.kz арқылы ұсынады.

      5. Жобаны мемлекеттік есепке алу үшін жеке және заңды тұлғалар жобаны қаржыландыру басталған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде қазақ және орыс тілдеріндегі тіркеу карталарын осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес "ҰҒТСО" АҚ-на жібереді.

      6. Құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған және олар тиісті түрде рәсімделмеген жағдайда анықталған кемшіліктер толық жойылмайынша құжаттар тіркелмейді.

      7. Тіркелген жобаға түзетулер енгізу қажет болған кезде жеке және заңды тұлғалар 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде өзгерістер енгізу қажеттілігін негіздейтін ұйымның фирмалық бланкісіндегі хатты "ҰҒТСО" АҚ-на ұсынады.

      8. Тіркелген жобаны құпияландыру қажеттігі туындағанда, жеке және заңды тұлғалар 10 (он) жұмыс күні ішінде бұл туралы "ҰҒТСО" АҚ-ны жазбаша түрде хабардар етеді.

      9. Есептерді мемлекеттік есепке алу үшін жеке және заңды тұлғалар жоба бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде МЕМСТ 7.32-2017 "Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп" мемлекетаралық стандартына сәйкес ресімделген қазақ және орыс тілдерінде есеп пен ақпараттық картаны Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес жолдайды.

      10. "ҰҒТСО" АҚ жобаны тіркейді және 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу нөмірі бар осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес тіркеу картасын береді.

      11. "ҰҒТСО" АҚ есепті тіркейді және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес 5 (бес) жұмыс күні ішінде берілген тізімдеме нөмірі бар ақпараттық картаны береді.

  Мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырылатын ғылыми
және (немесе) ғылыми-
техникалық қызмет нәтижелерін
коммерцияландыру жобаларын
және олардың орындалуы
жөніндегі есептерді мемлекеттік
есепке алу қағидаларына
1-қосымша

      Тіркеу картасы

  Қайда: 050026, Алматы,
Бөгенбай батыр көшесі, 221.
"Ұлттық мемлекеттік
ғылыми-техникалық сараптама
орталығы" АҚ
т.+ 7 727 378 05 19, +7 727 378 05 20

шығыс №, хат күні нөмірі


Мемлекеттік тіркеудің



Жұмыстың орындалу мерзімдері


Басталуы

Аяқталуы





Жұмысты жүргізу үшін негіздеме

Күнтізбелік жылдар бойынша қаржыландыру көздері мен көлемі (теңге)

Барлығы

1-жыл

2-жыл

3-жыл

Отандық гранттар

Мембюджеттің қаражаты





Тапсырыс берушінің қаражаты





Өз қаражаты





Өзгелері











      Негізделген ұйымның мәліметтері

Телефон

Электрондық мекенжай

Қала




 
Министрліктің (ведомства) толық атауы


 
Қызмет алушының толық атауы




Қызмет алушының қысқартылған атауы





Ұйымның орналасқан жері (индекс, республика, облыс, қала, көше, үй)


 
Бірлесіп орындаушы ұйымдар


Тапсырыс беруші


Жұмыстың атауы


Күтілетін нәтижелер

Еркін нысанда зерттеу немесе әзірлеу объектісінің нақты жоспарланған сипаттамалары мен параметрлері көрсетіле отырып, тіркелетін жұмыстың күтілетін нәтижелері сипатталады.





Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда)

Ғылыми дәрежесі, ғылыми академиялық атағы

Ұйым басшысы



Жоба жетекшісі





ӘОЖ индекстері








Тақырыптық айдарлар кодтары





Түйін сөздер




  Мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырылатын
ғылыми және (немесе) ғылыми-
техникалық қызмет нәтижелерін
коммерцияландыру жобаларын
және олардың орындалуы
жөніндегі есептерді мемлекеттік
есепке алу қағидаларына
2-қосымша

      Ақпараттық карта

  Қайда: 050096, Алматы,
Бөгенбай батыр көшесі, 221
"ҰМҒТСО" АҚ
т. +7 727 3780520, +7 727 3780519


Есепті бекіту күні


шығыс № хат күні

Түгендеу №







      Мемтіркеудің нөмірі Құжат түрі Условия распростронения


Аяқталған тақырып бойынша есеп Өтеусіз
Аралық есеп Шарттық баға бойынша

Жарияланымдар барлығы

Отандық басылымдарда

Шетелдік басылымдарда

Оның ішінде:

Web of Science

Scopus

      Ендірулердің болуы

      құжат тілі



Ендірулер саны – ендірілген жоқ

      Көздері

Кітап саны
Жалпы беттердің саны



Қосымшалар
Патенттер



Суреттер
Кесте



Қаржыландыру көлемі, теңге



Жұмыстың атауы

Қаржыландыру көзі
Мемлекеттік бюджет қаражаты
Тапсырыс берушінің қаражаты
Өз қаражаты
Отандық гранттар
Басқалары

Сатуға ұсынылатын өнім
Технологиялық құжаттама
Әдістемелік құжаттама
Бағдарламалық құжаттама
Технологиясы
Әдісі, тәсілі
Моделі
Материалдар
Қосылыстар
Препараттар

А.ш. мәжениетінің сорттары а. х. дақылдар
Тұқымы с.
Жануарлар
Коллекциялар
Мәліметтер базасы, банктер
Карталар
Стандарттар, нормативтер
Үлгі техникасы
Автоматтандырылған жүйе
Сериялық өнім
Басқа (көрсетіңіз)

      Есеп авторлары


Өндірістен инженерлердің, магистранттардың, докторанттардың, шетелдік ғалымдардың саны -

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер

Телефон


е-mail



Қала







Министрліктің (ведомствоның) толық атауы)






      Көрсетілетін қызметті алушының толық атауы


Көрсетілетін қызметті алушының қысқартылған атауы



      Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы (индексі, республика, облыс, қала, көше, үй)


      Есептің атауы


      Реферат

(Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі. Жұмыстың мақсаты. Зерттеу әдістері. Алынған нәтижелер мен жаңалық. Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштер. Ендіру дәрежесі. Тиімділік. Қолдану саласы)



      Жіктеуішті іске асыруға әзірлеменің дайындығы



Пайдалануға

Тәжірибелі
апробация

Өнеркәсіптік
апробация



дайын

ӘОЖ индекстері


      Тақырыптық айдарлар кодтары






Түйін сөздер

Күні






Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда)

Ғылыми дәрежесі, ғылыми, академиялық атағы

Қолы

Мөр орны

Ұйым басшысы





Жұмыс жетекшісі





Жауапты жұмысты орындаушы






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады