"Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдармаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 149 бұйрығына өзгірістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 388 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 желтоқсанда № 25722 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдармаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22682 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдармаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Порталда қол жеткізу шектелген ақпаратты қамтымайтын бюджеттік есептілік, шоғырландырылған қаржылық есептілік, азаматтық бюджет, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері орналастырылады.

      Ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Кодекстің 118-бабында көрсетілген шоғырландырылған қаржылық есептілікті есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Порталда орналастырады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Порталға сыртқы аудит растаған нысан бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің жылдық есебін бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде орналастырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады