Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 375 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 желтоқсанда № 25724 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 375 Бұйрықпен
бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-11) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;

      2) жолаушы – экипаж құрамына кірмейтін және әуемен тасымалдау шартына сәйкес немесе өзге де заңды негіздерде әуе кемесімен тасымалданатын жеке адам;

      3) жолаушы билеті (бұдан әрі – билет) – жолаушыны тасымалдауға арналған құжат,авиакомпания не оның уәкілетті агенттері беретін, жолаушының әуе тасымалы шартының талаптарымен танысқанын және жолаушы мен авиакомпания арасында әуе тасымалы шартының жасалғанын растайтын құжат;

      4) жолаушы купоны – жолаушыны және оның жүгiн әуеде тасымалдау шартының жасалғанын куәландыратын, электрондық-цифрлық жазба түрінде немесе қағаз тасығышта (қатаң есептілік бланкі) ұсынылған билет бөлiгi;

      4-1) маршрут түбіртегі – электрондық билеттің құрамдас бөлігі болып табылатын және қажетті деректерді (мысалы: жолаушының аты, маршруты, тарифі) хабарландырулар мен мәліметтерді қамтитын құжат (-тар);

      5) туристерді орналастыру орындары – мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар;

      6) туристік көрсетілген қызметтер – туристің саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты ұсынылатын, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті көрсетілетін қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің (гид-аудармашылардың) көрсететін қызметтері) және сапар мақсатына қарай көрсетілетін, туристік қызмет көрсету шартында көзделген басқа да көрсетілетін қызметтер);

      7) туристік оператор (бұдан әрі – туроператор) – туристік операторлық қызметті, ішкі туризм, келу немесе шығу туризмі саласындағы туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      8) туристік өнім – саяхат кезінде туристің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті барлық қажетті туристік көрсетілетін қызметтер кешені;

      9) уәкілетті орган – туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) ішкі туризм саласындағы туристік операторлық қызмет – қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, оны Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын туристерге, оның ішінде турагенттер арқылы ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;

      11) электрондық билет – жолаушының әуеде тасымалдау шарттарымен танысқанын және жолаушы мен авиакомпания әуеде тасымалдау шартын жасасқанын растайтын электрондық құжат.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 22.12.2022 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау тәртібі

      3. Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялауды (бұдан әрі – субсидия) алу үшін ішкі туризм саласындағы туроператор "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 428 қаулысымен құрылған ұйымға (бұдан әрі – Ұйым) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алуға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) тиісті күнтізбелік жылдың бірінші жұмыс күнінен бастап 1 желтоқсанына дейін қағаз немесе электрондық нысанда пошта арқылы не қолма-қол мынадай құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып жолдайды:

      1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжатының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал туроператордың өкілі өтінім берген кезде туроператордың мүдделерін білдіруге нотариалды куәландырылған сенімхат қосымша ұсынылады;

      2) өтінім беру жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың бірінші күніне алынған есебі Мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектердің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

      3) Қазақстан Республикасының азаматы немесе Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты бар азаматтығы жоқ тұлға болып табылатын кәмелетке толмаған жолаушыға (бұдан әрі – кәмелетке толмаған жолаушы) билеттің немесе электрондық билеттің, маршруттық түбіртектің және жолаушылар купонының немесе авиакомпания билетін пайдалану туралы растау-анықтамасының көшірмелері;

      4) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттың көшірмесі (азаматтығы жоқ тұлға болып табылатын кәмелетке толмаған жолаушы үшін);

      5) нотариалды куәландырылған сенімхаттың көшірмесі (егер кәмелетке толмаған жолаушы жақын туысымен тасымалданған жағдайда);

      6) "Туристік қызмет көрсетуге арналған үлгілік шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 81 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10604 болып тіркелген) сәйкес жасалған туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың (бұдан әрі – Шарт) көшірмесі;

      7) келу және ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның көшірмесі;

      8) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмаған жолаушылар үшін туристік көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер.

      Ескерту. 3-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.04.2022 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 22.12.2022 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      4. Ұйым келіп түскен өтінімдер мен оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтерді (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) тіркеп, олар келіп түскен күннен кейін екі жұмыс күні ішінде олардың толықтығын қарайды.

      Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда Ұйым жетіспейтін құжаттар тізбесін көрсете отырып, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде оларды ішкі туризм саласындағы туроператорға жазбаша хабарламамен қайтарады.

      Қайтаруға негіз болған себептерді жойған кезде ішкі туризм саласындағы туроператор құжаттар топтамасын қайта ұсынады.

      5. Осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген құжаттар топтамасы толық болған жағдайда, Ұйым олар келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын қарайды және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес келген жағдайда ішкі туризм саласындағы туроператорға субсидия төлеу туралы;

      2) осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес келмеген жағдайда ішкі туризм саласындағы туроператорға субсидия төлеуден бас тарту туралы.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 22.12.2022 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-1. Ішкі туризм саласындағы туроператорға субсидия төлеуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде Ұйым ішкі туризм саласындағы туроператорға ішкі туризм саласындағы туроператорға субсидия төлеуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ішкі туризм саласындағы туроператордың ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес шешім қабылдағанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша Ұйым ішкі туризм саласындағы туроператорға субсидия төлеу туралы нәтиже немесе ішкі туризм саласындағы туроператорға субсидия төлеуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

      Ескерту. 2-тарау 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Туризм және спорт министрінің 29.12.2023 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Қабылданған шешім туралы ақпаратты Ұйым оны қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде интернет-ресурста орналастырады.

      7. Ұйым ішкі туризм саласындағы туроператорға субсидия төлеу туралы шешімнің негізінде жиырма бес жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген екінші деңгейдегі банкте ашылған ішкі туризм саласындағы туроператордың есеп шотына субсидия сомасын аударуды жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 22.12.2022 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Субсидия ішкі туризм саласындағы қызметті жүзеге асыратын туроператордан сатып алынған туристік өнімге қосылған кәмелетке толмаған жолаушыға билеттің құны үшін төленеді.

      9. Ұйым жыл сайын жиырмасыншы желтоқсаннан кешіктірмей уәкілетті органға тиісті қаржы жылы үшін төленген сомаларды көрсете отырып, бөлінген субсидия қаражатының пайдаланылуы туралы ақпарат береді.

      10. Субсидияны бақылау, мониторинг және іске асыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасының
аумағында кәмелетке толмаған
жолаушыларды әуемен
тасымалдау кезінде туристік
өнімге қосылған билет құнын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  кімге: ____________________________
(өтінімді қабылдайтын "Kazakh
Tourism" ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамын құру
туралы"
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2017 жылғы
14 шілдедегі № 428 қаулысымен
құрылған ұйымның атауы)
кімнен: _____________________
(ішкі туризм саласындағы
туроператордың атауы)

Субсидия алуға өтінім

      Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге енгізілген билеттің құнын субсидиялауға (бұдан әрі – субсидия) арналған өтінімді қарауды сұраймын.

      1. Туроператор туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға үшін:

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ____________________

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ______________

      нақты орналасқан мекенжайы _______________________

      телефон нөмірі __________________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) ___________

      жеке басты куәландыратын құжат:

      нөмірі _________________________________________________________

      кім берді _____________________________________________________

      берілген күні ____________________________________________________

      тұрғылықты мекенжайы _________________________

      телефон нөмірі _________________________________________________

      2. Туроператордың туроператорлық қызметі туралы мәліметтер:

      Лицензия № ____________________________кіші түрлері____________

      _________________________________________________________

      Лицензияны алған күні _______________________________________

      3. Екінші деңгейдегі банкте ашылған есеп айырысу шоты_____________

      4. Тиесілі субсидияны алдын ала есептеу ____________ (____________________) теңге.

      5. Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге енгізілген билеттің құнын субсидиялау қағидаларының 3-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1) _______________________________

      2) _______________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын, оның ішінде банкрот болмағанымды, "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпайтынымды растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.

      __________________________________

      (ішкі туризм саласындағы туроператор

      басшысының (өкілінің) қолы)

      Мөрдің орны (болған жағдайда)

      Өтінім берілген күн "____" __________ 20____ жыл

  Қазақстан Республикасының
аумағында кәмелетке толмаған
жолаушыларды әуемен
тасымалдау кезінде туристік
өнімге қосылған билет құнын
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  кімге: ______________________
(өтінімді қабылдайтын "Kazakh
Tourism" ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамын құру
туралы"
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2017 жылғы
14 шілдедегі № 428 қаулысымен
құрылған ұйымның атауы)
кімнен: ____________________
(ішкі туризм саласындағы
туроператордың атауы)

Кәмелетке толмаған жолаушылар үшін туристік көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер

      Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда): ______________

Туристік өнім шеңберінде кәмелетке толмаған жолаушы тұрған туристерді орналастыру орындарының атауы

Туристерді орналастыру орындарына кіру күні

Туристерді орналастыру орындарынан шығу күні

Жүзеге асырылған туристік өнім үшін төлем тапсырмасының (түбіртектің) №

Кәмелетке толмаған жолаушылар үшін билеттер сатып алуға арналған шығыстардың жалпы сомасы, теңге

Төлеуге берілетін сома, теңге

1








Барлығы






      __________________________________

      (ішкі туризм саласындағы туроператор

      басшысының (өкілінің) қолы)

      Мөрдің орны (болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады