"Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 375 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 379 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 желтоқсанда № 31250 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 375 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25724 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидаларында:

      2-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) маршрут түбіртегі – электрондық билеттің құрамдас бөлігі болып табылатын және қажетті деректерді (мысалы: жолаушының аты, маршруты, тарифі) хабарландырулар мен мәліметтерді қамтитын құжат (-тар);";

      мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) электрондық билет – жолаушының әуеде тасымалдау шарттарымен танысқанын және жолаушы мен авиакомпания әуеде тасымалдау шартын жасасқанын растайтын электрондық құжат.";

      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының азаматы немесе Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты бар азаматтығы жоқ тұлға болып табылатын кәмелетке толмаған жолаушыға (бұдан әрі – кәмелетке толмаған жолаушы) билеттің немесе электрондық билеттің, маршруттық түбіртектің және жолаушылар купонының немесе авиакомпания билетін пайдалану туралы растау-анықтамасының көшірмелері;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген құжаттар топтамасы толық болған жағдайда, Ұйым олар келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын қарайды және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес келген жағдайда ішкі туризм саласындағы туроператорға субсидия төлеу туралы;

      2) осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес келмеген жағдайда ішкі туризм саласындағы туроператорға субсидия төлеуден бас тарту туралы.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ұйым ішкі туризм саласындағы туроператорға субсидия төлеу туралы шешімнің негізінде жиырма бес жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген екінші деңгейдегі банкте ашылған ішкі туризм саласындағы туроператордың есеп шотына субсидия сомасын аударуды жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін атқарушы
С. Жарасбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады