"Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 218 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 863 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 желтоқсанда № 25875 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 218 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9527 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды:

      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы (бұдан әрі – Орталық);

      2) әскери бөлімдер мен мемлекеттік мекемелердің кадр бөлімшелері, жасақтау бөлімшелері, персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімшелері;

      3) жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады.";

      8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін қызметтен шығарылған әскери қызметшілер тұрғылықты жері бойынша әскери бөлімдер мен мемлекеттік мекемелердің кадр бөлімшелеріне, жасақтау бөлімшелеріне, персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімшелеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттарды қоса берумен зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш береді.

      1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 және одан көп еңбек сіңірген жылдары бар адамдар зейнетақы жинағының болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді қосымша ұсынады.

      9. Есепке алу құжаттарын жүргізу жөніндегі жұмыс жүктелген әскери бөлімдер мен мемлекеттік мекемелердің лауазымды адамдары (бұдан әрі – лауазымды адам) одан әрі Орталыққа жолдау үшін осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса берумен әскери қызметтен шығарылған әскери қызметшілердің зейнетақы істерін жинақтайды, сондай-ақ мынадай құжаттармен толықтырады:

      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 17 қаңтардағы № 27 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18216 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 1 – 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша Орталық жасаған зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарын есептеу түпнұсқасы;

      2) әскери қызметтен шығару туралы бұйрықтан үзінді;

      3) әскери бөлім командирінің (мемлекеттік мекеме басшысының) қызметтен шығарылуына байланысты жеке құрам тізімдерінен шығару туралы бұйрығынан үзінді;

      4) "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша әскери-дәрігерлік комиссия қорытындысының түпнұсқасы (әскери қызметші денсаулық жағдайы бойынша қызметтен шығарылған жағдайда);

      5) әскери қызметші ақшалай ризықта тұрған әскери бөлімнің қаржы бөлімшесі берген ақшалай аттестат (төлем санатын көрсетумен).

      Ақшалай аттестатта толық бір ай үшін ақшалай қамтылым айлықақысының мөлшері және әскери қызметші қай күнге дейін ақшалай ризықтың барлық түрлерімен қамтамасыз етілгені, сондай-ақ жүргізілген зейнетақы төлемдерінің болуы немесе болмауы туралы жазба көрсетіледі.

      10. Лауазымды адам қызметтен шығарылған әскери қызметшіні оның жасалған зейнетақы ісімен таныстырады және әскери қызметшіні бөлім жеке құрамының тізімдерінен шығарғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оны Орталыққа жолдайды.";

      11-тармақ алып тасталсын;

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қызметтен шығарылған әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін Орталық мынадай тәртіппен тағайындайды:

      1) зейнетақы істері осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы істерінің тізілімінде тіркеледі, ол бойынша зейнетақы ісіне нөмір беріледі;

      2) зейнетақы төлемдерін тағайындау осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы төлемдерін есептеу бойынша жүргізіледі;

      3) жүргізілген тағайындау деректері Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жеке іске тіркеу үшін бір данада 1-ҚК нысанынан үзіндіні жазып қалыптастырумен "Зейнетақы есебі" автоматтандырылған кіші жүйесіне енгізіледі;

      4) осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы куәлігі ресімделеді.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 1-тармағына сәйкес әскери қызметшіні әскери қызметтен шығару туралы лауазымды адамның бұйрығында көрсетілген әскери киім нысанын киіп жүру құқығы болған жағдайда зейнетақы куәлігінде тиісті белгі жасалады;

      5) осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы куәліктерін есепке алу және беру журналы бойынша осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы куәліктерін беру ведомосы ресімделеді.";

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. 1-ҚК нысанындағы үзінді "Зейнетақы есебі" автоматтандырылған кіші жүйесі арқылы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жолданады, ал үзінді қағаз түрінде жолданған жағдайда Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-ВЛ нысанының хабарламасы ресімделеді.

      17. Орталық осы Нұсқаулықтың 8-тармағында көрсетілген толық емес, нақты емес немесе қайшы келетін мәліметтерді қамтитын құжаттар келіп түскен жағдайда, сондай-ақ өтініш иесінде оған құқықтың болмауына байланысты зейнетақы төлемін тағайындаудан бас тартылған жағдайда Орталыққа келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтару себебін жазбаша түсіндірумен зейнетақы істері тізілімінде белгі жасай отырып, құжаттарды әскери бөлімдер мен мемлекеттік мекемелердің кадр бөлімшелеріне, жасақтау бөлімшелеріне, персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімшелеріне, жергілікті әскери басқару органдарына қайтарады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Алушы зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептету үшін Орталықтың мекенжайына бұдан бұрын әскери қызметшінің зейнетақы ісіне тіркелмеген оның еңбек қызметін немесе қызмет өткеруін, оның ішінде жеңілдік шарттарында қызмет өткеруін растайтын құжаттардың көшірмелерін, архивтік анықтамаларды ұсынған жағдайда зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу және қосымша ақы төлеу Орталыққа растайтын құжаттар келіп түскен күннен бастап өтініш жасаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.";

      22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Төлемді тоқтатуға негіз болған мән-жайлар өзгерген кезде зейнетақы төлемдерін қайта төлеу үшін Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы алушының өтініші негізінде Орталық тоқтатылған күннен бастап не қайта төлеу құқығы басталған сәттен бастап зейнетақы төлемін қайта бастайды.

      Төлемді тоқтатуға негіз болған мән-жайлар өзгерген кезде зейнетақы төлемдерін қайта төлеу үшін жаңа тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы төлемдерін қайта бастау туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты);

      3) банктік шоттың нөмірі туралы мәліметтер.

      23. Қазақстан Республикасы халықаралық келісімдер жасаған басқа елдерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген алушылардың қоныс аударуына байланысты зейнетақы төлемдерін қайта төлеу үшін жаңа тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы төлемдерін қайта бастау туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты);

      3) банктік шоттың нөмірі туралы мәліметтер;

      4) көлемі 3х4 см фотосурет (2 дана);

      5) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тоқтатылған күнін көрсетумен зейнетақы төлеу жөніндегі уәкілетті органнан анықтама.";

      мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:

      "23-1. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқығын тіркеген адамдар зейнетақы төлемдерін қайта бастау үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы төлемдерін қайта бастау туралы өтінішті;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты);

      3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға құқықты тіркеу туралы өтінішті;

      4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға құқықты тіркеу және оны тағайындау туралы анықтаманы, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға есепті, зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарының есебін;

      5) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға құқығы тіркелген сәтте ақшалай қамтылым туралы анықтаманы;

      6) банктік шоттың нөмірі туралы мәліметтерді;

      7) көлемі 3х4 см фотосуретті (2 дана).

      Осы санаттағы адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін төлеуді қайта бастау Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес зейнетақыны қайта төлеуге өтініш берілген күннен бастап жүзеге асырылады.";

      25, 26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Жергілікті әскери басқару органдары осы Нұсқаулықтың 23 және 23-1-тармақтарында көрсетілген құжаттарды және зейнетақы ісін алғаннан кейін олар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды Орталыққа жолдайды.

      26. Орталық зейнетақы төлемдерін қайта төлеуге немесе тоқтата тұруға құжаттарды алғаннан кейін мынадай құжаттарды ресімдейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды:

      1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 1-ҚК нысаны бойынша үзіндіні;

      2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1-ИУ нысаны бойынша үзіндіні;

      3) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес 1-ҚК/1-арттыру нысаны бойынша үзіндіні;

      4) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес 1-Б/ҚК нысаны бойынша хабарламаны;

      5) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес 1-Б/ҚК/2 нысаны бойынша хабарламаны.

      27. Алушылар қайтыс болған немесе басқа да себептер бойынша зейнетақы төлемдері тоқтатылған жағдайда "Зейнетақы есебі" автоматтандырылған кіші жүйесіне тиісті өзгерістер енгізіледі. Зейнетақы ісінде "Қайтыс болды", "Оқу аяқталды", "Мемлекеттік корпорацияға ауысты", "Анықтағанға дейін" деген белгілер қойылады және ол есепке алу және сақтау үшін Орталықтың архивіне беріледі.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Зейнетақы куәлігін және қосымша парақты жоғалтуға немесе жарамсыз болуына байланысты оны қайта алу немесе ауыстыру үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтінішті (еркін нысанда);

      2) жарамсыз болған құжатты, ол бар болған жағдайда;

      3) бұқаралық ақпарат құралдарына құжатты жоғалту және оны жарамсыз деп тану туралы хабарландыру беру туралы анықтаманы;

      4) көлемі 3х4 см фотосуретті (2 дана).";

      көрсетілген Нұсқаулыққа 6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
М. Бектанов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 863
қосымша
  Әскери қызметшілерге
зейнетақы төлемдерін
тағайындау және оларды жүзеге
асыру жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады