Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18512 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 59) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) 15-бабы екінші бөлігінің 59) тармақшасына, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заң) 5-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және резиденттер мен бейрезиденттердің Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Уәкілетті банк Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18544 болып тіркелген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің орталық аппаратына валюталық, оның ішінде клиенттің тапсырмасы бойынша жүргізілген, сомасы баламасында 50 000 (елу мың) АҚШ долларына тең немесе одан асатын операциялар бойынша, сондай-ақ клиенттің тапсырмасы бойынша шетел валютасын сатып алу және сату операциялары бойынша сомаға қарамастан, жүргізілген валюталық операциялар туралы есепті ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 18 (он сегізінші) күніне дейін (қоса алғанда) ұсынады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымын жүргізген кезде резидент немесе бейрезидент уәкілетті банкке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ЖСН қамтылған жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғалар үшін) немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы жеке басты растайтын (сәйкестендіретін) деректер.
Уәкілетті банк "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушы кабинетінен ұсынылған иеленушінің келісімі болған кезде, сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген иеленушінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру жолымен немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабар жіберу жолымен цифрлық құжаттар сервисінен деректерді пайдаланады;
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжат (бар болса) (жеке тұлға – шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам үшін);
3) Ұлттық Банктің банктік және өзге операцияларын жүргізуге лицензиясы (бар болса);
4) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын не олардың негізінде орындалуы қажетті құжаттардың көшірмелері;
5) валюталық шарт немесе оның көшірмесі. Есептік нөмірін алу талабы қолданылатын валюталық шарт немесе оның көшірмесі есептік нөмірді алғаны туралы белгімен ұсынылады (Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін есептік нөмір берілген валюталық шарт үшін);
6) тіркеу куәлігі немесе хабарлама туралы куәлік – Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін тіркеу куәлігі немесе хабарлама туралы куәлік алынған және есептік нөмір берілмеген капитал қозғалысы жөніндегі есептік тіркеуге жататын валюталық шарттар немесе шетелдік банктердегі шоттар үшін.
Валюталық шартты ұсыну мынадай жағдайларда:
егер валюталық операция бойынша ақша аударымы Қазақстан Республикасының шегінде резидент-жеке тұлғалар арасында немесе бейрезидент-жеке тұлғалар арасында жүзеге асырылса және өтеусіз болып табылса;
егер валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы баламасы он мың АҚШ долларынан аспайтын сомада жүзеге асырылса және төлемнің және (немесе) ақша аударымының жөнелтушісі немесе бенефициары жеке тұлға, шетелдік заңды тұлғаның филиалы және (немесе) өкілдігі немесе бейрезидент-заңды тұлға болып табылса;
егер валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы баламасы он мың АҚШ долларынан аспайтын сомада жүзеге асырылса және резидент-заңды тұлға (төлемнің және (немесе) ақша аударымының жөнелтушісі және (немесе) бенефициары) осындай төлемнің және (немесе) ақша аударымының есептік нөмір беру талап етілетін валюталық шартты орындауға байланысты емес екені туралы жазбаны жасаса немесе растаса;
егер валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жеке тұлға шетелдік банктегі өзінің банктік шотына (өзінің банктік шотынан) жүзеге асырса талап етілмейді.
Резидент-үшінші тұлға резиденттің және (немесе) бейрезиденттің міндеттемелерін орындау есебіне уәкілетті банк арқылы жүргізетін валюталық операция бойынша төлемге және (немесе) ақша аударымына осындай төлем және (немесе) ақша аударымы негізінде жүзеге асырылатын валюталық шарттан туындамаса, резидент-үшінші тұлға мен төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын тұлға арасындағы өзара міндеттемелердің сипатын айқындайтын шарт ұсынылған жағдайда жол беріледі. Егер валюталық шарттардың кез келгеніне есептік нөмір алу талабы қолданылатын болса, онда есептік нөмір беру туралы белгісі бар валюталық шарттың көшірмесі немесе тіркеу куәлігінің көшірмесі немесе хабарлама туралы куәліктің көшірмесі ұсынылады.
Егер валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын резидент-жеке тұлға жұбайының (зайыбының) немесе жақын туысының міндеттемелерін орындау есебіне жүзеге асырса, онда валюталық шарт ретінде ақша жөнелтуші міндеттемелерін орындау есебіне төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын жеке тұлғаның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы болып табылатынын растайтын құжат ұсынылады.";
1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.09.2023 № 79 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Төлем балансы департаменті (А.Б. Өскенбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Е. Досаев |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 113 Қаулысына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша |
Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
№ _______ бұзушылық бойынша карточка
Әкімшілік деректер нысанының индексі: KN1
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең: ________ жылғы ________ айға
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: уәкілетті банк
Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың соңғы күніне дейінгі мерзімде
Нысан |
Жол коды | Ақпарат түрі | Бұзушылық бойынша ақпарат |
10 | Банк клиентi бойынша ақпарат: | |
11 | атауы (заңды тұлғалар немесе заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері) үшiн), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке тұлғалар үшін) | |
12 | БСН (заңды тұлғалар немесе заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері) үшiн) | |
13 | ЖСН (жеке тұлғалар үшiн) | |
14 |
клиент белгісі: | |
15 | тұрақты тұратын (орналасқан) жері | |
16 | облыс коды | |
20 | Валюталық операция бойынша ақпарат: | |
21 | күні | |
22 | сомасы | |
23 | валютасы | |
30 | Бұзушылық жөнiндегi ақпарат: | |
31 | түрі | |
32 | бұзушылықтың сипаты | |
33 | валюталық шарттың нөмірі (бос орынсыз көрсетіледі) | |
34 | валюталық шарттың күні (ЖЖЖЖ/АА/КК форматында) | |
35 | есептік нөмірі (бар болса) | |
36 | валюталық шарт бойынша өзге ақпарат (бар болса) | |
37 | бұзушылық бойынша қосымша мәліметтер |
Атауы ______________________ Мекенжайы ________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы ____________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
______________________________________ ________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Күні 20__ жылғы "____" ______________
"Бұзушылық бойынша карточка" нысанына қосымша |
Бұзушылық бойынша карточка Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі – KN1, кезеңділігі – ай сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Бұзушылық бойынша карточка" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді.
2-тарау. Нысанды толтыру
3. Ақпарат Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген жағдайларда ұсынылады.
4. Коды 11-жолда жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); заңды тұлғаның немесе заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) атауы; ұйымдық-құқықтық нысаны (бар болса) көрсетіледі.
5. Коды 16-жолда "Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы" ҚР МС 11 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес облыс кодының алғашқы 2 цифры көрсетіледі.
6. Коды 21, 22 және 23-жолдар құжаттар немесе ақпарат беру мерзімдері бұзылған жағдайларда толтырылмайды.
7. Коды 21-жолда валюталық заңнаманы бұза отырып валюталық операция жүргізілген күн көрсетіледі.
8. Коды 22-жолда валюталық заңнаманы бұза отырып жүргiзiлген валюталық операцияның сомасы операция валютасының мың бiрлiгiмен көрсетiледi.
9. Коды 23-жолда валюталық заңнаманы бұза отырып жүргiзiлген валюталық операция бойынша валюта кодының ҚР ҰС 07 ISO 4217 "Валюталарды және қорларды белгiлеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес әріппен берілген белгісі көрсетiледi.
10. Коды 31-жолда мәтіндік және (немесе) сандық форматтағы бұзушылықтың түрi көрсетiледi.
11. Коды 32-жолда бұзушылықтың қысқаша сипаты мәтiндiк форматта келтiрiледi.
12. Коды 34, 35 және 36-жолдар валюталық заңнаманы бұза отырып жүргiзiлген валюталық операция бойынша валюталық шарт болған кезде толтырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 113 Қаулысына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Валюталық операция туралы мәліметтер
Уәкілетті банктің коды _____________
Төлем құжатының нөмірі _____________
Күні __________________
Жолдың коды | Ақпарат түрі | Ақпарат |
01 | Валюталық операцияның коды | |
02 | Төлем (ақша аударымы) белгісі ("1" – ішкі корпоративтік ақша аударымы; "0" – өзге төлем (ақша аударымы) | |
10 | Төлем құжатында көрсетілген төлем және (немесе) ақша аударымының жөнелтушісі және бенефициары туралы ақпарат | |
11 | Жөнелтушінің резиденттік елінің коды | |
12 | Бенефициардың резиденттік елінің коды | |
20 | Валюталық шарт туралы ақпарат: | |
21 | Шарттың нөмірі (атауы, бар болса) | |
22 | Шарттың күні | |
23 | Шарттың есептік нөмірі (бар болса) | |
24 | Валюталық шарт бойынша өзге ақпарат (бар болса) | |
30 | Валюталық шарт бойынша ақша жөнелтуші туралы ақпарат (төлем құжатында көрсетілген ақша жөнелтушімен сәйкес келмеген жағдайда толтырылады) | |
31 | Резиденттік белгісі | |
32 | Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Заңды тұлғаның, оның филиалының (өкілдігінің) атауы | |
33 | ЖСН немесе БСН (бар болса) | |
34 | Экономика секторының коды | |
35 | Резиденттік елінің коды | |
40 | Валюталық шарт бойынша ақша алушы туралы ақпарат (төлем құжатында көрсетілген бенефициармен сәйкес келмеген жағдайда толтырылады) | |
41 | Резиденттік белгісі | |
42 | Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Заңды тұлғаның, оның филиалының (өкілдігінің) атауы | |
43 | ЖСН немесе БСН (бар болса) | |
44 | Экономика секторының коды | |
45 | Резиденттік елінің коды |
"Валюталық операция туралы мәліметтер" нысанына қосымша |
"Валюталық операция туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Валюталық операция туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді.
3. Нысан тиісті төлем құжатына қосымша ретінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру
4. Резидент-клиенттер мен бейрезиденттер 01, 02, 11 және 12-жолдарды толтырады. 21, 22, 23, 24, 31, 32, 33, 34, 35, 41, 42, 43, 44 және 45-жолдарды тек резиденттер толтырады.
5. 01-жол Түсіндірмеге қосымша болып табылатын валюталық операциялар кодының кестесіне сәйкес толтырылады.
6. 11, 12, 35 және 45-жолдарда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" 06 ISO 3166-1 ҚР ҰС Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес резиденттік елінің екі мәнді коды көрсетіледі.
Резиденттік елі – заңды тұлғаны, заңы тұлғаның құрылымдық бөлімшесін тіркеу елі немесе жеке тұлғаның тұрақты тұратын елі (азаматтығы немесе Қазақтан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес ұсынылған құқық негізінде).
7. 31, 34, 41 және 44-жолдар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес толтырылады.
"Валюталық операция туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге қосымша |
|
Кесте |
Валюталық операциялардың кодтары
Валюталық операциялар кодтары | Операциялардың атауы |
1. Банктік шоттарды қолдана отырып жүргізілетін операциялар | |
11. Сыртқы сауда-саттық операциялары (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер), оның ішінде комиссия және электрондық ақшаны сатып алу/өтеу шарттары бойынша | |
11.1 тауарлар үшін төлемдер: | |
1111 | Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар үшін төлемдер; |
1112 | Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарлар үшін төлемдер; |
1113 | Қазақстан Республикасының аумағында және оларды Қазақстан Республикасынан тыс әкетпей сатып алынған немесе сатылған тауарлар үшін төлемдер; |
1114 | Қазақстан Республикасынан тыс және оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелмей сатып алынған немесе сатылған тауарлар үшін төлемдер; |
11.2 жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін төлемдер: | |
1121 | бейрезиденттің резидентке орындаған жұмыстары немесе көрсеткен қызметтері үшін төлемдер; |
1122 | резиденттің бейрезидентке орындаған жұмыстары немесе көрсеткен қызметтері үшін төлемдер; |
1123 | резиденттің резидентке орындаған жұмыстары немесе көрсеткен қызметтері үшін төлемдер; |
1124 | бейрезиденттің бейрезидентке орындаған жұмыстары немесе көрсеткен қызметтері үшін төлемдер |
11.3 электрондық ақшалармен операциялар | |
1131 | эмитенті резидент болып табылатын электрондық ақшаларды қолдана отырып жүргізілетін операциялар |
1132 | эмитенті бейрезидент болып табылатын электрондық ақшаларды қолдана отырып жүргізілетін операциялар |
11.4 өзге төлемдер: | |
1141 | тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттары бойынша ілеспе төлемдер |
1142 | қате аударылған сомаларды, ұсынылмаған тауарлар, көрсетілмеген қызметтер, орындалмаған жұмыстар үшін төлемдерді қайтару |
1143 | тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге шарттар бойынша өзге төлемдер |
12. Жылжымайтын мүлікпен, басқа жабдықпен және көлік құралдарымен (сатып алу және сатудан басқа), өндірілмеген қаржылық емес активтермен, зияткерлік меншік нысандарымен, материалдық емес активтермен жүргізілген операциялар | |
12.1. тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды, зияткерлік меншік нысандарына толығымен айырықша құқықты қоса алғанда, меншік құқығын иелену | |
1211 | жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүлікті, өндірілмеген қаржылық емес активтерді (жер, оның қойнауы) қоспағанда, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын иелену |
1212 | жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүлікке меншік құқығын иелену |
1213 | зияткерлік меншік нысандарына толығымен айырықша құқықты иелену |
1214 | өзге материалдық емес активтерге меншік құқығын иелену |
12.2. ағымдағы жалдау (жер қойнауын пайдалану құқығын қоса алғанда), айырықша құқықты ішінара иелену | |
1221 | жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүлікті, өндірілмеген қаржылық емес активтерді (жер, оның қойнауы) қоспағанда, жылжымайтын мүлікті жалдау |
1222 | жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүлікті жалдау |
1223 | жабдықты және көлік құралдарын жалдау |
1224 | зияткерлік меншік нысандарына ішінара айырықша құқықты иелену |
1225 | өзге материалдық емесе активтерді пайдаланғаны үшін лицензиялық және өзге төлемдер |
12.3. қаржы лизингі немесе кейіннен сатып алумен жалдау | |
1231 | жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүлікті қоспағанда, кейіннен сатып алумен жылжымайтын мүлікті жалдау |
1232 | жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүліктің қаржылық лизингі |
1233 | жабдықтың және көлік құралдарының қаржылық лизингі |
12.4. өзге төлемдер | |
1241 | өзге төлемдер: ілеспе төлемдер (айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы, комиссиялар), қате аударылған сомаларды қайтару және жылжымайтын мүлікпен, басқа жабдықпен және көлік құралдарымен (сатып алу және сатудан басқа), өндірілмеген қаржылық емес активтермен, зияткерлік меншік нысандарымен, материалдық емес активтермен жүргізілген операциялар бойынша басқа да төлемдер |
13. Қаржы құралдарымен операциялар | |
13.1. қарыздар, капиталға қатысу құралдары, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары | |
1311 | қаржы құралдары бойынша төлемдер: қарыздар (беру және өтеу), капиталға қатысу құралдары (жарғылық капиталды қалыптастыру, сатып алу, сату), бағалы қағаздар (сатып алу, сату, өтеу) және олар бойынша кірістерді төлеу (сыйақы, дивидендтер, бөлінген пайда) |
1312 | туынды қаржы құралдары бойынша төлемдер және олар бойынша кірістерді төлеу |
13.2. брокерлік қызмет көрсету, портфельді инвестициялық басқару (егер қаржы құралын анықтау мүмкіндігі болмаса) шарттарының шеңберінде | |
1321 | брокермен, резидент басқарушы компаниямен жасалған шарттар бойынша операциялар |
1322 | брокермен, басқарушы компаниямен, бейрезидент инвестициялық банкпен жасалған шарттар бойынша операциялар |
13.3. мүлікті сенімгерлік басқару, трасттар | |
1331 | резидент сенімгерлік басқарушымен жасалған шарттар бойынша операциялар |
1332 | бейрезидент сенімгерлік басқарушымен жасалған шарттар бойынша операциялар |
13.4. бірлескен қызмет қатысушысының міндеттемелерін орындау (1, 2-бөлімдерге енгізілген операцияларды қоспағанда) | |
1341 | Қазақстан Республикасының аумағында бірлескен қызметті жүзеге асыруды көздейтін шарттар бойынша операциялар |
1342 | Қазақстан Республикасынан тыс бірлескен қызметті жүзеге асыруды көздейтін шарттар бойынша операциялар |
13.5. өзге төлемдер | |
1351 | өзге төлемдер: ілеспе төлемдер (айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы, комиссиялар), қате аударылған сомаларды қайтару және қаржы құралдарымен, электрондық ақшамен операциялар бойынша, брокерлік қызмет көрсету, портфельді инвестициялық басқару, сенімгерлік басқару, траст, бірлескен қызмет шарттары бойынша басқа да төлемдер |
14. Меншік шоттары және сауда-саттық емес операциялар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары | |
14.1. меншік шоттар бойынша | |
1411 | басқа резидент-банктегі меншік шотқа (меншік шоттан) ақша аудару |
1412 | шетелдік банктегі меншік шоттан (меншік шотқа) ақша аудару |
1413 | резидент-банктегі шоттан қолма-қол шетел валютасын алу |
1414 | резидент-банктегі шотты толтыру үшін қолма-қол шетел валютасын салу |
1415 | 1419 кодында көзделген операцияны қоспағанда, банктің клиенттен ұлттық валютаға шетел валютасын сатып алуы |
1416 | банктің клиентке ұлттық валютаға шетел валютасын сатуы |
1417 | банктің клиенттен (клиентке) шетел валютасын басқа шетел валютасына сатып алуы (сатуы) |
1418 | өзге валюталық құндылықтарды сатып алу/сату |
1419 | клиенттің бұрын сатып алған және белгіленген мерзімде пайдаланбаған шетел валютасын сатуы |
14.2. үшінші тұлғалардың (мемлекеттік органдардың, басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардың) пайдасына төлемдер және (немесе) ақша аударымдары | |
1421 | өтеусіз аударымдар, өтеусіз қаржылай көмек, мүшелік жарналар және үшінші тұлғалардың пайдасына басқа да төлемдер және (немесе) ақша аударымдары |
1422 | резидент-банкте үшінші тұлғаның шотын толтыру үшін қолма-қол шетел валютасын салу |
1423 | төлем карталарын қолдана отырып жүргізілген төлемдер (егер операция басқаша сыныпталмаса) |
1424 | баждар, салықтар, айыппұлдар, сот шешімдерін және басқаларды төлеу |
1425 | зейнетақы, жалақы, іссапар шығындарын төлеу |
1426 | банктік шоттар бойынша сыйақы және комиссиялар |
14.3. ілеспе төлемдер | |
1431 | өзге төлемдер: ілеспе төлемдер (айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы, комиссиялар), қате аударылған сомаларды қайтару және 14.1, 14.2-бөлімдерге енгізілмеген басқа да операциялар |
2. Банктік шоттарды қолданбай жүргізілген операциялар | |
21. Клиенттерден валюталық құндылықтарды сатып алу (қолма-қол шетел валютасын қоспағанда) | |
2101 | чектер, вексельдер және басқа төлем құжаттарын сатып алу |
2102 | аффинирленген алтыннан жасалған өлшеуіш құймаларды және басқа да валюталық құндылықтарды сатып алу |
22. Клиенттерге валюталық құндылықтарды сату (қолма-қол шетел валютасын қоспағанда) | |
2201 | чектер, вексельдер және басқа төлем құжаттарын сату |
2202 | аффинирленген алтыннан жасалған өлшеуіш құймаларды және басқа да валюталық құндылықтарды сату |
23. Шот ашпай жүргізілетін төлемдер және (немесе) ақша аударымдары | |
2301 | Қазақстан Республикасының аумағындағы төлем және (немесе) ақша аударымы |
2302 | Қазақстан Республикасынан тыс жіберілген немесе шетелден алынған төлем және (немесе) ақша аударымы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 113 Қаулысына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.09.2023 № 79 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 113 Қаулысына 4-қосымша |
Ескерту. 4-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.09.2023 № 79 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 113 Қаулысына 5-қосымша |
Ескерту. 5-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.09.2023 № 79 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 113 Қаулысына 6-қосымша |
Ескерту. 6-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.09.2023 № 79 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 113 Қаулысына 7-қосымша |
Ескерту. 7-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.09.2023 № 79 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 113 Қаулысына 8-қосымша |
Ескерту. 8-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.09.2023 № 79 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 113 Қаулысына 9-қосымша |
Ескерту. 9-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.09.2023 № 79 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 113 Қаулысына 10-қосымша |
Ескерту. 10-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.09.2023 № 79 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.