Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 396 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 желтоқсанда № 26035 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 24 маусымдағы № 302 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 23242 болып тіркелді) бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу негізінде БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу (бұдан әрі ̶ бөлу) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Экономика және қаржы департаменті (А. Досходжаева) қосымшада көрсетілген бөлуге сәйкес жоғары оқу орындарына тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде төлеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 396 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу

Жоғары оқу орындарының атауы

Саны

1.

"Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесі

5

2.

"Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі

9

3.

"Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі

4

Барлығы:

18


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады