"Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
м.а Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Ш. Каринова |
м.а Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 24 маусымдағы № 302 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу
№ | Мемлекеттік орган | Стипендия | |
студенттерге | магистранттарға | ||
1. | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі | 919 | 7 |
2. | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі | 18 | - |
3. | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі | 96 | - |
4. | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі | 47 | 1 |
Барлығы | 1080 | 8 |