"Бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2019 жылғы 7 тамыздағы № 4 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 47 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 желтоқсанда № 26115 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2019 жылғы 7 тамыздағы № 4 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19215 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесінде:

      оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрлігінің
  Статистика комитеті төрағасының
  2019 жылғы "7" тамыздағы
  № 4 бұйрығымен бекітілді";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Бюро) халықаралық стандарттарға сәйкес бақыланбайтын экономиканы бағалауда және Ұлттық шоттар жүйесінің (бұдан әрі – ҰШЖ) мақсаттары үшін қолданады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бақыланбайтын экономиканы бағалау үшін Бюроның, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің деректері, сонымен бірге бақыланбайтын экономиканы тура немесе жанама бағалауға мүмкіндік беретін және анық есептеулерге негіз болатын әкімшілік деректер пайдаланылады.";

      13-тармақтың 4-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бақыланбайтын экономиканың N4 және N5 типі бойынша есептеулерді Бюро қолданбайды, өйткені статистикалық бизнес-тіркелім және деректерді жинау мен өндеу процестері автоматтандырылған және уақтылы өзектілендіріледі.";

      14-тармақтың 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "N1 типінің кезеңділігі – жылдық.";

      14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 34 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 8 қыркүйекте № 21183 болып тіркелген) Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасының (бұдан әрі – Сауалнама) деректері.";

      15-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) толық жұмыс аптасында жұмыс істейтін бір жұмыспен қамтылғанға келетін ЖҚҚ есептеледі:



      мұндағы:

      ЖҚКжi – экономикалық қызмет түрлері бойынша толық жұмыс аптасында жұмыс істейтін бір жұмыспен қамтылғанға келетін ЖҚҚ (мың теңге);

      ЖҚКбарлығы – ЖҚҚ барлығы (ұлттық шоттар деректері) (миллион теңге);

      qтолық – толық жұмыс аптасында жұмыс істейтін жұмыспен қамтылғандардың саны (адам).

      Сауалнама деректерінің негізінде тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыс істейтін, негізгі және қосымша жұмыста жұмыспен қамтылған халықтың саны анықталады. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзатын еңбек қызметінің белгілерін сипаттайтын сұрақтар осы Әдістемеге 2-қосымшада берілген.";

      16-тармақтың 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "N3 типінің кезеңділігі – жылдық.";

      16-тармақтың 2-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Есептеу жүргізу үшін ақпарат көзі бейресми сектор кәсіпорындары (үй шаруашылықтары) бойынша Бюро ұсынатын келесі деректер болып табылады:"

      19-тармақтың 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "N6 типінің кезеңділігі – жылдық.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Осы Әдістеменің 20-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген деректерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – МКК) Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 10 маусымына дейін жолдайды.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Ішкі типтің кезеңділігі – жылдық.

      Есептеу жүргізу үшін ақпарат көзі экономикалық қызмет түрлері бойынша Бюро қалыптастыратын кәсіпорындардың жалпы шығарылымы болып табылады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. N7а-ға толық емес, жиналмаған немесе алғашқы дереккөздерден тікелей жиналған өндірушілер шығарылымының көлемі жатады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. N7а ішкі типі бойынша бақыланбайтын экономикаға жете есептеулер қызметтің әр түрі бойынша жалпы шығарылым үшін ең кіші деңгейде келесі формула бойынша жүргізіледі:



      мұндағы:


– статистикалық себептер бойынша жасырылған тиісті қызмет түрі бойынша жалпы шығарылым (i);

      Oij – тиісті қызмет түрі (i) мен мөлшерліліктегі (j) бір кәсіпорынға келетін жалпы шығарылымның орташа шамасы (миллион тенге);

      Nij – тиісті қызмет түрі (i) мен мөлшерліліктегі (j) есеп ұсынбаған кәсіпорындар саны.".

      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлттық шоттар департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Басшы Н. Айдапкелов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады