"Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 525 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 437/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 қаңтарда № 26345 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 525 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12090 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларында:

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңынының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) тәртібін айқындайды.";

      3 және 4-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

      "3. Ғарыш жүйелерін құруға және пайдалануға (қолдануға) қатысатын ұйымдар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (бұдан әрі – Экологиялық кодекс), "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (бұдан әрі – Денсаулық сақтау туралы кодекс), Заңына және Қазақстан Республикасының "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы", "Техникалық реттеу туралы" Заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

      4. Әскери (қосарлы) мақсаттағы ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) процесін ұйымдастыру "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";

      9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "9. Ғылыми зерттеулер "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Заңның 14-бабына сәйкес жүзеге асырылады.";

      15-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "15. Құрылыс "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.";

      31-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "31. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жобаның орындалуын бақылауды жүзеге асырады.";

      34-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "34. Ғарыш жүйелерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін Экологиялық кодекстің, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, Денсаулық сақтау туралы кодекстің талаптарын басшылыққа алу қажет.".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады