Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 679 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 қаңтарда № 26399 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

 
  Қазақстан Республикасының
  Индустрия және
  инфрақұрылымдық
  даму министрінің
  2021 жылғы 31 желтоқсандағы
  № 679 бұйрығымен
  бекітілді

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11540 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларында:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Ұзақ мерзімді субсидиялауға тиісті деңгейдегі бекітілген бюджет шегінде мынадай шығыстардың түрлері жатады:

      1) магистральды теміржол желісінде көрсетілетін қызметтер шығыстарын, оның ішінде басқа тасымалдаушылардың поездарының құрамындағы тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың жүріс шығыстары;

      2) жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартым қызметтеріне босату бағасы бойынша шығыстар;

      3) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдау кезінде тартылған вагондарды күтіп-ұстауға, олардың вагон бойынша жөндеудің жоспарлы түрлерін, ағымдағы техникалық жөндеу және техникалық қызмет көрсету, амортизациялық бөлектеуді қоса алғандағы шығыстары;

      4) жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша тасымалдауында тартылған вагондарды жалға алу шығыстары;

      5) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 497 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14002 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына сәйкес әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау кезінде тартылған вагондарды республикалық бюджеттен субсидиялау жағдайын қоспағанда (негізгі борыштарды өтеу және қарызға қызмет көрсетуге шығындар) қарыздар бойынша қаржылық шығыстарды енгізе отырып сатып алуға арналған шығыстар;

      6) анықтама бюросының ақпарат беруі бойынша және вокзалдың жалпыға ортақ пайдаланылатын үй-жайларына жолаушылардың кіруіне рұқсат беру бойынша теміржол вокзалдары мен станциялардың көрсетілетін қызметтеріне шығыстары;

      7) поездарды тартуға жанармай және электроэнергияны қоса алғанда, тарту жылжымалы құрамын пайдалануға байланысты шығыстары;".

      2. "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 167 бұйрығында өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 316 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20778 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесінде:

      11-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-1. Облысаралық қатынастар бойынша тасымалдаушының шығыстарын есептеу кезінде босату бағасы бойынша көрсетілген локомотивтік тартым қызметтеріне арналған шығыстар ескеріледі.".

      3. "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 218 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20468 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесінде:

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жолаушылар қозғалысында локомотивтік тартым ұсыну қызметтері үшін шығыстарды есептеу 2-кезең формулалары бойынша айқындалады:

      1-кезең: пойыз бойынша қызметтердің құны:

      Rлок = Vтеп.лок.сағат * (Ртеп.лок.сағ.пред. - Ртеп.лок.сағ.отпуск.) + Vэлек . лок.сағат * (Рэлек.лок.сағ.пред. – Рэлек.лок.сағ.отпуск.)

      онда:

      Rлок-поезд бойынша локомотивтік тартым қызметтері үшін шығыстар;

      Vтеп.лок.сағат-тепловоз тартымының жоспарланған Локомотив-сағаттарының саны;

      Ртеп.лок.сағ.пред. - тепловоз тартымы қызметі үшін шекті баға бойынша тариф, теңге;

      Ртеп.лок.сағ.отпуск. - жолаушылар қозғалысындағы тасымалдаушы мен локомотивтік тартқыш операторы арасындағы Шарттың талаптарында айқындалған босату бағасы бойынша тепловоз тартымы қызметтері үшін тариф, теңге;

      Vэлек.лок.сағат-электровоз тартымының жоспарланған Локомотив-сағаттарының саны;

      Рэлек.лок.сағ.пред. - шекті баға бойынша Электровозды тартым қызметі үшін тариф, теңге;

      Рэлек.лок.сағ.отпуск. - жолаушылар қозғалысындағы тасымалдаушы мен локомотивтік тартқыш операторы арасындағы Шарттың талаптарында айқындалған босату бағасы бойынша Электровозды тартым қызметтері үшін тариф, теңге;

      2-кезең: вагон түрлері бойынша қызметтердің құны:



      онда:

      Rлок.ваг. - поезд құрамында жүретін вагондардың I-типі немесе тобы бойынша қызметтердің құны, теңге;

      Rлок-поезд бойынша қызметтердің құны, теңге;

      Vqiваг-км. поезд-поездың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жоспарланатын кезеңге жүрісі, ваг / км;

      VQiваг-км. ваг. - Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жоспарланған кезеңге поезд құрамында жүретін тиісті вагонның жүрісі, ваг / км.

      6. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемі осы Әдістеменің 5-тармағына сәйкес қызметтерге есептелген шығыстарды негізге ала отырып айқындалады.";

      7-тармақ алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады