БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жеке сот орындаушыларының қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10308 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушыларының қызметі үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 1139 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығымен бекітілді |
Жеке сот орындаушыларының қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
№ | Талаптары | Құжат |
р/с | 1 | 2 |
1 | Қазақстан Республикасының азаматы | жеке басын куәландыратын құжат |
2 |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына сәйкес жоғары білімінің болуы. | диплом |
3 |
Мына талаптардың біріне сәйкес келуі: |
1) жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға аттестат |
4 | "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағында белгіленген шектеулер жоқ | ақпараттық жүйеден алынған электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мәліметтер нысаны |
* Ескертпе: Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің дерекқоры құжаттар тізбесінде көзделген материалдар бойынша алынатын ақпарат көзі болып табылады.