Кейбір қаулылардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 511-280 қаулысы. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2021 жылғы 2 ақпанда № 1305 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 37-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы 1-бабы 31-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде әділет органдарына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Кульгинов

  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 29 қаңтардағы
№ 511-280 қаулысына
қосымша

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Мұрағаттық анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 193-1100 қаулысының (Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 тамызда № 827 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 тамыздағы № 87 (3144) "Астана ақшамы" және 2014 жылғы 7 тамыздағы № 86 (3162) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған);

      2. "Мұрағат анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 193-1034 қаулысының (Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 шілдеде № 927 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдедегі № 83 (3288) "Астана ақшамы" және 2015 жылғы 30 шілдедегі № 83 (3306) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған);

      3. "Мұрағат анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 193-1034 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 105-1471 қаулысының (Астана қаласының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 қыркүйекте № 1062 болып тіркелген) 2016 жылғы 1 қазанда № 114 (3466) "Астана ақшамы" және 2016 жылғы 1 қазанда № 114 "Вечерняя Астана" (3484) газеттерінде жарияланған).

      ________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады