Әкімдіктің кейбір қаулыларының күштері жойылды деп тану туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 505-812 қаулысы. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 наурызда № 1310 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 37-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы 1-бабы 31-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Нұр-Cұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 102-1961 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 975 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 желтоқсанда № 145 (3350) "Астана ақшамы", № 145 (3368) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды);

      2) "Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қазандағы "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 102-1961 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 102-1581 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1130 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 қазанда № 117 (3622) "Астана ақшамы", № 117 (3640) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды) күштері жойылды деп танылсын.

      2. "Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Қ. Солтамбековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Кульгинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады