Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 мамырдағы № 502-1712 қаулысы. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2021 жылғы 21 мамырда № 1325 болып тіркелді

      "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 тіркелген) бұйрығына және Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту жөніндегі комиссия отырысының 2021 жылғы 18 наурыздағы № 1 хаттамасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері бекітілсін.

      2. "Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде әділет органына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Бектұроваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Кульгинов

  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 17 мамырдағы
№ 502-1712 қаулысына
қосымша

Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері

Р/с №

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының атауы

Өлшем бірлігі

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері

Әрекет ету мерзімі

1.

Тауық жұмыртқасы
1 санат

ондық

469 теңге

90 күнтізбелік күн

2.

Күнбағыс майы

литр

647 теңге

күнтізбелік күн


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады