Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 6С-5-3 "Ақмола облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 7С-2-7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 наурызда № 8384 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облыстық мәслихатының "Ақмола облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 6С-5-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5579 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 қазанда "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақмола облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларында:

      3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "тұтынушы – электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;

      жылумен жабдықтау жүйесі – жылу өндіретін, жылу беретін және жылу тұтынатын қондырғылардан тұратын кешен;

      сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      энергия беруші ұйым – шарттар негізінде электр немесе жылу энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін ұйым;

      энергиямен жабдықтаушы ұйым – сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым;

      энергия өндіруші ұйым – электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр және (немесе) жылу энергиясының жеке тұтынушылары мен электр энергиясының нетто-тұтынушылары болып табылатын осындай тұтынушыларды қоспағанда, көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алушыларға, жылу энергиясын тұтынушыларға өткізу үшін өндіруді жүзеге асыратын ұйым;

      кондоминиум объектісін басқару – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қауіпсіз және жайлы тұруына (болуына) жағдайлар жасауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін тиісінше күтіп-ұстауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалану мәселелерін шешуге және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға бағытталған іс-шаралар кешені";

      26 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "26. Электр станциясы, жылу тораптары мен электр энергетикалық кәсіпорындардың электр желілерінің қысқы кезеңде жұмысқа дайындығын бағалау Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 тіркелген) аясында айқындалады.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының төрағасы
Ж.Амиржанов
      Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы М.Балпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады