"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 2-тармағындағы 8) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021-2022 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржикпаев |
Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қазандағы № А-10/519 қаулысымен бекітілген |
2021-2022 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Білім беру саласының коды және атауы | Даярлау бағытының коды және атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі | Оқу жылы ішінде бір білім алушыны (маманды) оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (мың теңге) | |
2021жылғы | 2022 жылғы 8 айға | |||
Бакалавриат | ||||
6B01 Педагогикалық ғылымдар | 6В012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы | 15 грант | 294,7 | 589,5 |
6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау | 20 грант | 294,7 | 589,5 | |
6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау | 15 грант | 294,7 | 589,5 | |
6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау | 20 грант | 294,7 | 589,5 | |
6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау | 15 грант | 294,7 | 589,5 | |
6В019 Арнайы педагогика | 15 грант | 294,7 | 589,5 | |
Жиыны: | 100 грант | |||
6B10 Денсаулық сақтау | 6B101 Денсаулық сақтау | 50 грант | 333,7 | 667,3 |
Жиыны: | 50 грант | |||
Резидентура | ||||
7R01 Денсаулық сақтау (медицина) | 7R011 Денсаулық сақтау | 35 грант | 332,3 | 664,5 |
Жиыны: | 35 грант | |||
Барлығы: | 185 грант |