"Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 6С-50-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 27 қазандағы № 7С-9-2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 қарашада № 25077 болып тіркелді

      Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақмола облыстық мәслихатының "Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" 2020 жылғы 7 қазандағы № 6С-50-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8073 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
М.Балпан


  Ақмола облыстық мәслихатының
2021 жылғы 27 қазандағы
№ 7С-9-2 шешіміне
1 қосымша
  Ақмола облыстық мәслихатының
2020 жылғы 7 қазандағы
№ 6С-50-7 шешіміне
1 қосымша

Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар

Аурудың атауы

Халықтың санаты

Дәрілік заттарды тағайындау үшін көрсетілімдер (дәрежесі, сатысы, ағын ауыртпалығы)

Дәрілік заттардың, арнайы емдік өнімдердің, медициналық бұйымдардың атауы (шығарылу нысаны)

1

2

3

4

5

1.

Ювенильдік идиопатиялық артрит

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

Белсенді фазада дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін

Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді

Тоцилизумаб, инфузиялықерітінді жасауға арналған концентрат

2.

Көпіршікті эпидермолиз

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Таңу материалдары, медициналық бұйымдар

Декспантенол, сыртқа қолдануға арналған крем, сыртқа қолдануға арналған жақпамай

Арнайы емдік өнімдер

3.

Өкпелікгипертензия

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Риоцигуат, таблетка

4.

Цитомегаловирусты инфекция

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Алдын алу және емдеу, оның ішінде ағзалар мен тіндерді ауыстырып салғаннан кейін

Ганцикловир, таблетка, инъекцияға арналған ерітінді

Валганцикловир, таблетка

Цитомегаловирусқа қарсы иммуноглобулин, вена ішіне енгізуге арналған ерітінді

5

Бехчет ауруы, CAPS синдромы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Дәстүрлі терапияға қарсы көрсетілімдер болған жағдайда

Канакинумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді

6

Эпилепсия

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

Ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Вигабатрин, таблетка

Осполот, таблетка

Клобазам, таблетка

7.

Бауыр циррозының сатысын қоса алғанда, созылмалы С вирустық гепатиті

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

Дәстүрлі терапияға қарсы көрсетілімдер болған жағдайда

Пегинтерферон альфа-2b, тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат еріткішімен бір жиынтықта

8.

Целиакия

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

Белсенді фазада гистологиялық немесе генетикалық расталған тіндік трансглютаминазаға антиденелер бар

Арнайы емдік өнімдер (глютенсіз өнімдер)

9

Орфандық (сирек кездесетін) аурулар

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Дәрігердің тағайындауы бойынша

G иммуноглобулині (адами қалыпты), инфузия үшін ерітінді

10

Шашыранды склероз

Диспансерлік есепте тұрған ересек науқастар

Дәстүрлі терапияға қарсы көрсетілімдер болған немесе тиімділік болмаған жағдайда

Диметилфумарат, капсула

11

Бехчет ауруы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Дәрігердің тағайындауы бойынша

Күзгі тұқым колхикумының сығындысы (Колхицин), таблетка

12

Нейробластома

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

Мультидисциплинарлық консилиумнің шешімі бойынша

Инфузияға арналған ерітіндіні дайындау үшін концентрат, Динутуксимаб бета,инъекцияға арналған ерітінді


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады