Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 96 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 28 сәуірде № 8448 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 19.09.2022 № А-9/168 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 19.09.2022 № А-9/168 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Алып тасталды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 19.09.2022 № А-9/168 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Астрахан ауданы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға үй-жай беру туралы" 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 107 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7164 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданының әкімі Н.Сеилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Астрахан аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
Б.Рахимов


  Астрахан ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 27 сәуірдегі
№ 96 қаулысына
1 қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 19.09.2022 № А-9/168 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Каменка ауылы

Астрахан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Астрахан аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Каменка ауылдық мәдениет үйі ғимаратының оң жағында

2

Камышенка ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Камышенка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

3

Первомайка ауылы

"Астрахан ауданының Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

4

Первомайка ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Первомайка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

5

Лозовое ауылы

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Астрахан аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Лозовое медициналық пункті ғимаратынан сол жағында

6

Жамбыл ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

7

Өрнек ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өрнек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

8

Петровка ауылы

Астрахан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Астрахан аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Петровка ауылдық мәдениет үйі ғимаратының оң жағында

9

Өндіріс ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

10

Новочеркасск ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

11

Приишимка ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Приишимка ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

12

Степное ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Степное ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

13

Бұлақты ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Бұлақты ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

14

Ұзынкөл ауылы

"Астрахан ауданының Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

15

Шілікті ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Шілікті ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жанында

16

Зеленое ауылы

"Астрахан ауданының Есіл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

17

Зеленое ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Зеленое ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

18

Астрахан ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

19

Астрахан ауылы

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Астрахан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

20

Тобылжан ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Тобылжан ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

21

Бірлік ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Бірлік ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

22

Колутон ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

23

Жалтыр ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

24

Жалтыр ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

25

Жалтыр ауылы

Астрахан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Астрахан аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жалтыр ауылдық мәдениет үйі ғимаратының сол жағында

26

Оксановка ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Оксановка ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

27

Акимовка ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Акимовка ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

28

Жаңа-тұрмыс ауылы

Астрахан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанындағы "Астрахан аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Қызылжар ауылдық клубы ғимаратының оң жағында

29

Жарсуат ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жарсуат ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

30

Жаңа Колутон ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

31

Қаракөл ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Қаракөл ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

32

Старый Колутон ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Старый Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

33

Қоскөл ауылы

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Астрахан аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Қоскөл медициналық пункті ғимаратының сол жағында

34

Ковыленка ауылы

"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Ковыленка ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында


  Астрахан ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 27 сәуірдегі
№ 96 қаулысына
2 қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттықнегізде берілетін үй-жайлар

      Ескерту. 2 - қосымша алып тасталды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 19.09.2022 № А-9/168 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады