Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 24.06.2022 № 7С-32/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Жарқайың ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған Жарқайың ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау бекітілсін.
3. Жарқайың аудандық мәслихатының "Жарқайың ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" 2017 жылғы 14 шілдедегі № 6С-12/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6050 тіркелген, 2017 жылғы 18 тамызда "Целинное знамя" және "Жарқайың тынысы" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
А.Бейсен |
Жарқайың аудандық мәслихатының хатшысы |
А.Альжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жарқайың ауданының әкімдігі |
Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 ақпандағы № 7С-3/2 шешімімен бекітілген |
Жарқайың ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жарқайың ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3 бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Жарқайың ауданының елді мекендері аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2-тарау. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шақырады. Жарқайың ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауданның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің әкімімен ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жарқайың аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.
Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 ақпандағы № 7С-3/2 шешімімен бекітілген |
Жарқайың ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
Р/с № | Жарқайың ауданының елді мекенінің атауы | Жарқайың ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
1. | Державин қаласы | 17 |
2. | Далабай ауылы | 4 |
3. | Тассуат ауылы | 3 |
4. | Тасөткел ауылы | 3 |
5. | Бірсуат ауылы | 6 |
6. | Құмсуат ауылы | 4 |
7. | Львов ауылы | 4 |
8. | Пятигор ауылы | 5 |
9. | Гастелло ауылы | 8 |
10. | Үшқарасу ауылы | 3 |
11. | Шойындыкөл ауылы | 3 |
12. | Пригород ауылы | 6 |
Отрадный ауылдық округі | ||
13. | Отрадный ауылы | 5 |
14. | Кен ауылы | 3 |
Жаңадала ауылдық округі | ||
15. | Тасты-Талды ауылы | 8 |
16. | Зерноград ауылы | 3 |
17. | Жаңадала ауылы | 3 |
Костычево ауылдық округі | ||
18. | Донское ауылы | 3 |
19. | Костычево ауылы | 4 |
Уәлихан ауылдық округі | ||
20. | Уәлихан ауылы | 7 |
21. | Достық ауылы | 3 |
Нахимов ауылдық округі | ||
22. | Нахимов ауылы | 4 |
23. | Баранкөл ауылы | 3 |