Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 7ВС-2-1 "Жақсы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 қазандағы № 7ВС-13-1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 қарашада № 25123 болып тіркелді

      Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жақсы аудандық мәслихатының "Жақсы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 7ВС-2-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8334 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы";

      көрсетілген шешімнің 1, 2, 3 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы аудандық мәслихатының хатшысы Д.Пшембаева

  Жақсы аудандық мәслихатының
2021 жылғы 29 қазандағы
№ 7ВС-13-1 шешіміне
1-қосымша
  Жақсы аудандық мәслихатының
2021 жылғы 19 қаңтардағы
№ 7ВС-2-1 шешіміне
1-қосымша

Жақсы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      Жақсы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1. Алаң, Жақсы ауылы, Мира көшесі, 73 А.

      2. Жақсы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту жанындағы "Аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Жақсы ауылы, Дружбы көшесі, 14 А.

      3. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жақсы ауылы, Тәуелсіздік көшесі бойымен Дружбы көшесінің қиылысына дейін.

      4. Алаң, Белағаш ауылы, Береке көшесі, 16 А.

      5. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Белағаш ауылы, Береке көшесі бойымен Сарыарқа көшесінің қиылысына дейін.

      6. Алаң, Беловод ауылы, Ленин көшесі, 2.

      7. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Беловод ауылы, Чкалов көшесі бойымен Ленин көшесінің қиылысына дейін.

      8. Стадион, Жаңа Қийма ауылы, Панфилов көшесі.

      9. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жаңа Қийма ауылы, М.Маметова көшесі бойымен 30 лет Победы көшесінің қиылысына дейін.

      10. "Аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны жанындағы ауылдық мәдениет Үйі ғимаратының жанында орналасқан алаң, Запорожье ауылы, Мира көшесі, 96 А.

      11. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Запорожье ауылы, Ленин көшесі бойымен Мира көшесінің қиылысына дейін.

      12. Стадион, Ешім ауылы, Баубек батыр көшесі.

      13. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ешім ауылы, Баубек батыр көшесі бойымен Бірәлі Нұртазин көшесінің қиылысына дейін.

      14. Алаң, Калинин ауылы, Ленин көшесі, 23.

      15. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Калинин ауылы, Ленин көшесі бойымен Зеленая көшесінің қиылысына дейін.

      16. Алаң, Киев ауылы, Ленин көшесі, 174.

      17. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Киев ауылы, Целинная және Парковая көшелерінің қиылысынан Ленин көшесі бойынша орналасқан алаңға дейін.

      18. Алаң, Кировское ауылы, Киров көшесі, 7.

      19. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Кировское ауылы, Сәкен Сейфуллин көшесі бойымен Киров көшесінің қиылысына дейін.

      20. "Аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны жанындағы Новокиенка ауылдық клубы ғимаратының жанында орналасқан алаң, Новокиенка ауылы, Октябрьская көшесі, 32.

      21. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Новокиенка ауылы, Экономический тұйық көшесінен Октябрьская көшесінің қиылысына дейін.

      22. Стадион, Подгорное ауылы, Бәйтерек көшесі.

      23. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Подгорное ауылы, Набережная көшесінің басынан Школьная көшесінің қиылысына дейін.

      24. Н.Островский және Зеленая көшелерінің бұрышында орналасқан алаң, Тарасовка ауылы.

      25. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Тарасовка ауылы, Н.Островский көшесі бойымен 25 лет Целины көшесінің қиылысына дейін.

      26. Алаң, Терісаққан ауылы, Майкөтов көшесі, 10.

      27. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Терісаққан ауылы, Майкөтов көшесінің басынан Майкөтов көшесі, 10 бойынша орналасқан алаңға дейін.

      28. Алаң, Чапай ауылы, Горький көшесі.

      29. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Чапай ауылы, Ленин көшесі бойымен Горький көшесінің қиылысына дейін.

 
  Жақсы аудандық мәслихатының
2021 жылғы 29 қазандағы
№ 7ВС-13-1 шешіміне
2-қосымша
  Жақсы аудандық мәслихатының
2021 жылғы 19 қаңтардағы
№ 7ВС-2-1 шешіміне
2-қосымша

Жақсы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Жақсы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

      3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      4. Жақсы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      1) алаң, Жақсы ауылы, Мира көшесі, 73 А, шекті толу нормасы 100 адам;

      2) Жақсы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту жанындағы "Аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Жақсы ауылы, Дружбы көшесі, 14 А, шекті толу нормасы 150 адам;

      3) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жақсы ауылы, Тәуелсіздік көшесі бойымен Дружбы көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 100 адам;

      4) алаң, Белағаш ауылы, Береке көшесі, 16 А, шекті толу нормасы 60 адам;

      5) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Белағаш ауылы, Береке көшесі бойымен Сарыарқа көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 60 адам;

      6) алаң, Беловод ауылы, Ленин көшесі, 2, шекті толу нормасы 60 адам;

      7) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Беловод ауылы, Чкалов көшесі бойымен Ленин көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 60 адам;

      8) стадион, Жаңа Қийма ауылы, Панфилов көшесі, шекті толу нормасы 80 адам;

      9) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жаңа Қийма ауылы, М.Маметова көшесі бойымен 30 лет Победы көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 80 адам;

      10) "Аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны жанындағы ауылдық мәдениет Үйі ғимаратының жанында орналасқан алаң, Запорожье ауылы, Мира көшесі, 96 А, шекті толу нормасы 70 адам;

      11) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Запорожье ауылы, Ленин көшесі бойымен Мира көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 70 адам;

      12) стадион, Ешім ауылы, Баубек батыр көшесі, шекті толу нормасы 60 адам;

      13) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ешім ауылы, Баубек батыр көшесі бойымен Бірәлі Нұртазин көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 60 адам;

      14) алаң, Калинин ауылы, Ленин көшесі, 23, шекті толу нормасы 70 адам;

      15) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Калинин ауылы, Ленин көшесі бойымен Зеленая көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 70 адам;

      16) алаң, Киев ауылы, Ленин көшесі, 174, шекті толу нормасы 70 адам;

      17) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Киев ауылы, Целинная және Парковая көшелерінің қиылысынан Ленин көшесі бойынша орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 70 адам;

      18) алаң, Кировское ауылы, Киров көшесі, 7, шекті толу нормасы 70 адам;

      19) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Кировское ауылы, Сәкен Сейфуллин көшесі бойымен Киров көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 70 адам;

      20) "Аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны жанындағы Новокиенка ауылдық клубы ғимаратының жанында орналасқан алаң, Новокиенка ауылы, Октябрьская көшесі, 32, шекті толу нормасы 70 адам;

      21) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Новокиенка ауылы, Экономический тұйық көшесінен Октябрьская көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 70 адам;

      22) стадион, Подгорное ауылы, Бәйтерек көшесі, шекті толу нормасы 60 адам;

      23) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Подгорное ауылы, Набережная көшесінің басынан Школьная көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 60 адам;

      24) Н.Островский және Зеленая көшелерінің бұрышында орналасқан алаң, Тарасовка ауылы, шекті толу нормасы 50 адам;

      25) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Тарасовка ауылы, Н.Островский көшесі бойымен 25 лет Целины көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      26) алаң, Терісаққан ауылы, Майкөтов көшесі, 10, шекті толу нормасы 50 адам;

      27) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Терісаққан ауылы, Майкөтов көшесінің басынан Майкөтов көшесі, 10 бойынша орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      28) алаң, Чапай ауылы, Горький көшесі, шекті толу нормасы 50 адам;

      29) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Чапай ауылы, Ленин көшесі бойымен Горький көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 50 адам.

      5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

      8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

      9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Жақсы ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

 
  Жақсы аудандық мәслихатының
2021 жылғы 29 қазандағы
№ 7ВС-13-1 шешіміне
3-қосымша
  Жақсы аудандық мәслихатының
2021 жылғы 19 қаңтардағы
№ 7ВС-2-1 шешіміне
3-қосымша

Жақсы ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары

      Жақсы ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады