Жақсы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № а-4/100 "Жақсы ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № а-9/218 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 желтоқсанда № 25737 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жақсы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № а-4/100 "Жақсы ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5990 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жақсы ауданы әкімінің орынбасары Л. Сейдахметоваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы ауданы әкімі А.Кадралина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады