Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-9 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 22 қаңтарда № 8336 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 17.11.2021 № 12-74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Зеренді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Зеренді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      3. Осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Зеренді ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Б.Дюсембекова
      Зеренді аудандық
мәслихатының хатшысы
К.Аугалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Зеренді ауданының әкімдігі


  Зеренді аудандық мәслихатының
2021 жылғы 22 қаңтардағы
№ 2-9 шешіміне
1-қосымша

Зеренді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 17.11.2021 № 12-74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Зеренді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1. Зеренді ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы "Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы алаң, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 40.

      2. Алаң, Зеренді ауылы, Юрий Гагарин көшесі, 30.

      3. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Зеренді ауылы, Мұхтар Әуезов көшесі мен Тәуелсіздік көшесінің қиылысынан бастап Юбилейная көшесі мен Чапаев көшесінің қиылысына дейін, одан әрі Чапаев көшесімен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне дейін.

      4. "Дихан Плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі автотұрағының аумағы, Өркен ауылы, Целинная көшесі, 28.

      5. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Өркен ауылы, Школьная, 19 көшесінен Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлерге арналған ескерткішке дейін.

      6. Ауылдық клубтың жанындағы алаң, Ақкөл ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 3.

      7. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ақкөл ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесінен Шоқан Уәлиханов көшесіне дейін.

      8. Спорт стадионы, Шағалалы ауылы, Жеңіс көшесі.

      9. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Шағалалы ауылы, Жеңіс көшесінен Ынтымақ шағын ауданына дейін.

      10. Ауылдық клубтың жанындағы алаң, Бірлестік кенті, Сәкен Сейфуллин көшесі, 22.

      11. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Бірлестік кенті, Сәкен Сейфуллин көшесінен Бірлестік көшесіне дейін.

      12. Ауылдық клубтың жанындағы алаң, Ақан ауылы, Бейбітшілік көшесі, 7.

      13. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ақан ауылы, Бейбітшілік, 7 көшесінен Орталық көшесі арқылы Сарыөзек, 11 көшесіне дейін.

      14. Әкімшілік-мәдени орталығы ғимаратының жанында орналасқан алаң, Бәйтерек ауылы, Орталық көшесі, 1.

      15. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Бәйтерек ауылы, Орталық көшесі, 1 бойынша әкімшілік-мәдени орталық ғимаратынан бастап Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар ескерткішіне дейін.

      16. Ауылдық клубтың жанындағы алаң, Еленовка ауылы, Абылайхан көшесі, 36.

      17. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Еленовка ауылы, Школьная көшесінен Абай Құнанбаев көшесіне дейін.

      18. Ауылдық клубтың аумағы, Мәлік Ғабдуллин ауылы, Зеленая көшесі, 16 а.

      19. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Мәлік Ғабдуллин ауылы, Зеленая, 47 көшесінен Зеленая, 16 көшесі ауылдың орталығына дейін.

      20. Ауылдық клубтың жанындағы алаң, Исаковка ауылы, Жеңіс көшесі, 13.

      21. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Исаковка ауылы, Жеңіс, 13 көшесінен "Қазақстан" дүкеніне дейін.

      22. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіштің жанындағы алаң, Алексеевка кенті, Советская көшесі.

      23. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Алексеевка кенті, Школьная көшесінен Советская көшесі арқылы Ленин көшесіне дейін.

      24. Ауылдық клубтың жанындағы алаң, Приречное ауылы, Орталық көшесі, 19.

      25. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Приречное ауылы, Мектеп, 7 көшесінен Орталық 19 көшесіне дейін.

      26. Ауылдық клубтың жанындағы алаң, Қызылегіс ауылы, Орталық көшесі, 11.

      27. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Қызылегіс ауылы, Абай Құнанбаев, 1 көшесінен Орталық, 11 көшесіне дейін.

      28. Ауылдық клубтың жанындағы алаң, Айдабол ауылы, Карл Маркс көшесі, 2 а.

      29. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Айдабол ауылы, Кооперативная көшесінен Карл Маркс көшесіне дейін.

      30. "Зеренді Астық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы алаң, Троицкое ауылы, Бейбітшілік көшесі, 10.

      31. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Троицкое ауылы, Достық көшесінен Орталық көшесі арқылы, одан әрі Бейбітшілік көшесімен белгісіз солдат ескерткішіне дейін.

      32. "Асхат" дүкені ғимаратының жанындағы алаң, Қонысбай ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 13.

      33. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Қонысбай ауылы, Абай Құнанбаев, 3 көшесінен Абай Құнанбаев, 13 көшесіне дейін.

      34. Ауылдық клубтың жанындағы алаң, Қызылсая ауылы, Орталық көшесі, 16.

      35. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Қызылсая ауылы, Орталық, 18 көшесінен Орталық, 16 көшесіне дейін.

      36. Ауылдық клубтың жанындағы алаң, Викторовка ауылы, Мир көшесі, 71.

      37. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Викторовка ауылы, селолық клубтан Мир көшесі, 71 бойынша "Викторовское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимаратына дейін Мир көшесі, 132.

      38. "Гүлзат" дүкенінің жанында орналасқан алаң, Симферополь ауылы, Школьная көшесі, 9.

      39. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Симферополь ауылы, Школьная, 9 көшесінен Целинная, 10 б көшесіне дейін.

      40. Ауылдық клубтың жанындағы алаң, Ортақ ауылы, Орталық көшесі, 26.

      41. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ортақ ауылы, Орталық, 1 көшесінен Орталық, 51 көшесіне дейін.

      42. Ауылдық әкімдіктің жанындағы алаң, Қарауыл Қанай би ауылы, Қанай би көшесі, 13.

      43. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Қарауыл Қанай би ауылы, Ақтөбе, 1 көшесінен Қанай би, 10 көшесіне дейін.

      44. Ауылдық әкімдіктің жанында орналасқан алаң, Садовое ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 3.

      45. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Садовое ауылы, Мектеп, 1 көшесінен Егемен көшесі арқылы Тәуелсіздік көшесіне дейін.


  Зеренді аудандық мәслихатының
2021 жылғы 22 қаңтардағы
№ 2-9 шешіміне
2-қосымша

Зеренді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 17.11.2021 № 12-74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Зеренді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

      3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      4. Зеренді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      1) Зеренді ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы "Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы алаң, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 40, шекті толу нормасы 150 адам;

      2) Алаң, Зеренді ауылы, Юрий Гагарин көшесі, 30, шекті толу нормасы 100 адам;

      3) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Зеренді ауылы, Мұхтар Әуезов көшесі мен Тәуелсіздік көшесінің қиылысынан бастап Юбилейная көшесі мен Чапаев көшесінің қиылысына дейін, одан әрі Чапаев көшесімен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      4) "Дихан Плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі автотұрағының аумағы, Өркен ауылы, Целинная көшесі, 28, шекті толу нормасы 50 адам;

      5) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Өркен ауылы, Школьная, 19 көшесінен Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлерге арналған ескерткішке дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      6) Ауылдық клубтың жанындағы алаң, Ақкөл ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 3, шекті толу нормасы 50 адам;

      7) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ақкөл ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесінен Шоқан Уәлиханов көшесіне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      8) Спорт стадионы, Шағалалы ауылы, Жеңіс көшесі, шекті толу нормасы 50 адам;

      9) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Шағалалы ауылы, Жеңіс көшесінен Ынтымақ шағын ауданына дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      10) Ауылдық клубтың жанындағы алаң, Бірлестік кенті, Сәкен Сейфуллин көшесі, 22, шекті толу нормасы 50 адам;

      11) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Бірлестік кенті, Сәкен Сейфуллин көшесінен Бірлестік көшесіне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      12) Ауылдық клубтың жанындағы алаң, Ақан ауылы, Бейбітшілік көшесі, 7, шекті толу нормасы 50 адам;

      13) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ақан ауылы, Бейбітшілік, 7 көшесінен Орталық көшесі арқылы Сарыөзек, 11 көшесіне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      14) Әкімшілік-мәдени орталығы ғимаратының жанында орналасқан алаң, Бәйтерек ауылы, Орталық көшесі, 1, шекті толу нормасы 50 адам;

      15) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Бәйтерек ауылы, Орталық көшесі, 1 бойынша әкімшілік-мәдени орталық ғимаратынан бастап Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар ескерткішіне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      16) Ауылдық клубтың жанындағы алаң, Еленовка ауылы, Абылайхан көшесі, 36, шекті толу нормасы 50 адам;

      17) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Еленовка ауылы, Школьная көшесінен Абай Құнанбаев көшесіне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      18) Ауылдық клубтың аумағы Мәлік Ғабдуллин ауылы, Зеленая көшесі, 16 а, шекті толу нормасы 50 адам;

      19) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Мәлік Ғабдуллин ауылы, Зеленая, 47 көшесінен Зеленая, 16 көшесі ауылдың орталығына дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      20) Ауылдық клубтың жанындағы алаң, Исаковка ауылы, Жеңіс көшесі, 13, шекті толу нормасы 50 адам;

      21) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Исаковка ауылы, Жеңіс, 13 көшесінен "Қазақстан" дүкеніне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      22) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіштің жанындағы алаң, Алексеевка кенті, Советская көшесі, шекті толу нормасы 50 адам;

      23) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Алексеевка кенті, Школьная көшесінен Советская көшесі арқылы Ленин көшесіне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      24) Ауылдық клубтың жанындағы алаң, Приречное ауылы, Орталық көшесі, 19, шекті толу нормасы 50 адам;

      25) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Приречное ауылы, Мектеп, 7 көшесінен Орталық 19 көшесіне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      26) Ауылдық клубтың жанындағы алаң, Қызылегіс ауылы, Орталық көшесі, 11, шекті толу нормасы 50 адам;

      27) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Қызылегіс ауылы, Абай Құнанбаев, 1 көшесінен Орталық, 11 көшесіне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      28) Ауылдық клубтың жанындағы алаң, Айдабол ауылы, Карл Маркс көшесі, 2 а, шекті толу нормасы 50 адам;

      29) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Айдабол ауылы, Кооперативная көшесінен Карл Маркс көшесіне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      30) "Зеренді Астық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы алаң, Троицкое ауылы, Бейбітшілік көшесі, 10, шекті толу нормасы 50 адам;

      31) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Троицкое ауылы, Достық көшесінен Орталық көшесі арқылы, одан әрі Бейбітшілік көшесімен белгісіз солдат ескерткішіне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      32) "Асхат" дүкені ғимаратының жанындағы алаң, Қонысбай ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 13, шекті толу нормасы 50 адам;

      33) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Қонысбай ауылы, Абай Құнанбаев, 3 көшесінен Абай Құнанбаев, 13 көшесіне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      34) Ауылдық клубтың жанындағы алаң, Қызылсая ауылы, Орталық көшесі, 16, шекті толу нормасы 50 адам;

      35) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Қызылсая ауылы, Орталық, 18 көшесінен Орталық, 16 көшесіне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      36) Ауылдық клубтың жанындағы алаң, Викторовка ауылы, Мир көшесі, 71, шекті толу нормасы 50 адам;

      37) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Викторовка ауылы, селолық клубтан Мир көшесі, 71 бойынша "Викторовское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимаратына дейін Мир көшесі, 132, шекті толу нормасы 50 адам;

      38) "Гүлзат" дүкенінің жанында орналасқан алаң, Симферополь ауылы, Школьная көшесі, 9, шекті толу нормасы 50 адам;

      39) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Симферополь ауылы, Школьная, 9 көшесінен Целинная, 10 б көшесіне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      40) Ауылдық клубтың жанындағы алаң, Ортақ ауылы, Орталық көшесі, 26, шекті толу нормасы 50 адам;

      41) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ортақ ауылы, Орталық, 1 көшесінен Орталық, 51 көшесіне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      42) Ауылдық әкімдіктің жанындағы алаң, Қарауыл Қанай би ауылы, Қанай би көшесі, 13, шекті толу нормасы 50 адам;

      43) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Қарауыл Қанай би ауылы, Ақтөбе, 1 көшесінен Қанай би, 10 көшесіне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      44) Ауылдық әкімдіктің жанында орналасқан алаң, Садовое ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 3, шекті толу нормасы 50 адам;

      45) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Садовое ауылы, Мектеп, 1 көшесінен Егемен көшесі арқылы Тәуелсіздік көшесіне дейін, шекті толу нормасы 50 адам.

      5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

      8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

      9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Зеренді ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.


  Зеренді аудандық мәслихатының
2021 жылғы 22 қаңтардағы
№ 2-9 шешіміне
3-қосымша

Зеренді ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 17.11.2021 № 12-74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Зеренді ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады