Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Сандықтау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Сандықтау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.
3. Осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Сандықтау ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ш.Докаев |
Сандықтау аудандық мәслихатының хатшысы |
Г.Кадырова |
Сандықтау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2/1 шешіміне 1- қосымша |
Сандықтау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1) Балкашино ауылы, Абылай-Хан көшесі, "Сандықтау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жанындағы орталық алаң;
2) Балкашино ауылы, Абылай-Хан көшесі, Сандықтау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы "Балкашино аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының алдындағы алаң.
2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруттар:
1) Балкашино ауылы, Абылай-Хан көшесі бойынша № 102 үйінен бастап "Сандықтау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы орталық алаңға дейін;
2) Балкашино ауылы, Абылай-Хан көшесі бойынша № 170 үйінен бастап Сандықтау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы "Балкашино аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты алдындағы алаңға дейін.
Сандықтау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2/1 шешіміне 2- қосымша |
Сандықтау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Сандықтау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
3. Сандықтау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:
1) Балкашино ауылы, Абылай-Хан көшесі, "Сандықтау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы орталық алаң, шекті толу нормасы - 100 адам;
2) Балкашино ауылы, Абылай-Хан көшесі, Сандықтау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы "Балкашино аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының алдындағы алаң, шекті толу нормасы - 50 адам;
3) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруттар:
Балкашино ауылы, Абылай-Хан көшесі бойынша № 102 үйінен бастап "Сандықтау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы орталық алаңға дейін, шекті толу нормасы - 100 адам;
Балкашино ауылы, Абылай-Хан көшесі бойынша № 170 үйінен бастап Сандықтау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы "Балкашино аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты алдындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы - 50 адам.
4. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыс жайлар орнатуға жол берілмейді.
Сандықтау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2/1 шешіміне 3- қосымша |
Сандықтау ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Сандықтау ауданында Заңының 9-бабының 5-тармағында көрсетілген объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекараларынан 200 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге жол берілмейді.