Шортанды ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № А-3/31 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 10 наурызда № 8377 болып тіркелді.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шортанды ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      Шортанды ауданы әкімдігінің "Шортанды ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" 2018 жылғы 28 маусымдағы № А-15/141 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6725 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;

      Шортанды ауданы әкімдігінің "Шортанды ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № А-15/141 "Шортанды ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы" 2020 жылғы 21 сәуірдегі № А-4/70 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7831 болып тіркелген, 2020 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндеттерін
уақытша атқарушы
К.Урынбасаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады