Бурабай аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 7С-7/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 4 мамырда № 8466 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бурабай аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай аудандық мәслихаттың
VІІ (кезектен тыс) сессиясының төрағасы
Ш.Оразалин
      Бурабай аудандық мәслихаттың хатшысы М.Нурпанова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бурабай ауданының әкімдігі

  Бурабай аудандық мәслихаттың
2021 жылғы 29 сәуірдегі
№ 7С-7/2 шешіміне
қосымша

Бурабай аудандық мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Бурабай аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 12 мамырдағы № 6С-15/2 "Бурабай ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6002 болып тіркелген) шешімі;

      2. Бурабай аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-53/4 "Бурабай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 мамырдағы № 6С-15/2 "Бурабай ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7613 болып тіркелген) шешімі;

      3. Бурабай аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 1 наурыздағы № 6С-25/9 "Бурабай ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6477 болып тіркелген) шешімі;

      4. Бурабай аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-53/3 "Бурабай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 наурыздағы № 6С-25/9 "Бурабай ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7609 болып тіркелген) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады