Бурабай ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 мамырдағы № 6С-15/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 маусымда № 6002 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 7С-7/2 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 29.04.2021 № 7С-7/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Бурабай ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.

      2. Қоса беріліп отырған Бурабай ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау бекітілсін.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
ХV сессиясының
төрайымы
Н.Базаева
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ө.Бейсенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бурабай ауданының әкімі Т.Ташмағамбетов

      12 мамыр 2017 жыл

  Бурабай аудандық мәслихатының
2017 жылғы 12 мамырдағы
№ 6С-15/2 шешімімен
бекітілген

Бурабай ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бурабай ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Бурабай ауданының елді мекендері аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі шақырады.

      Бурабай ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауданның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Бурабай аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

  Бурабай аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 12 мамырдағы
№ 6С-15/2 шешімімен
бекітілген

Бурабай ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

      Ескерту. Айқындау жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 25.12.2019 № 6С-53/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

р/с

Бурабай ауданының елді мекенінің атауы

Бурабай ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Щучинск қаласы

1.

Щучинск қаласы

55

Бурабай кенті

2.

Бурабай кенті

15

Абылайхан ауылдық округі

3.

Қызылағаш ауылы

5

4.

Ақылбай ауылы

4

5.

Қарабауыр ауылы

2

6.

Озерное ауылы

2

Атамекен ауылдық округі

7.

Атамекен ауылы

5

8.

Жасыл ауылы

4

9.

Қаражар ауылы

3

10.

Шиелі ауылы

2

11.

Жаңажол ауылы

2

12.

Жарқайың ауылы

1

Веденов ауылдық округі

13.

Веденов ауылы

5

14.

Қарабұлақ ауылы

4

Зеленобор ауылдық округі

15.

Зеленый Бор ауылы

10

16.

Наурызбай батыр ауылы

5

17.

Мәдениет ауылы

4

18.

Қымызынай ауылы

3

19.

Молбаза ауылы

2

20.

Жаңаталап ауылы

2

Златополье ауылдық округі

21.

Златополье ауылы

5

22.

Обалы ауылы

4

23.

Савинка ауылы

3

24.

Түлкілі ауылы

2

25.

Лесной хутор ауылы

1

26.

Сотниковка ауылы

1

27.

Новоандреевка ауылы

1

Қатаркөл ауылдық округі

28.

Қатаркөл ауылы

5

29.

Сосновка ауылы

2

30.

Ключевое ауылы

1

31.

Вишневое ауылы

1

Кенесары ауылдық округі

32.

Кенесары ауылы

5

33.

Баянбай ауылы

4

34.

Брусиловка ауылы

2

Успеноюрьев ауылдық округі

35.

Успеноюрьевка ауылы

5

36.

Николаевка ауылы

3

37.

Райгородок ауылы

2

38.

Үлгіалған ауылы

1

39.

Қарағай ауылы

1

40.

Клинцы ауылы

1

Ұрымқай ауылдық округі

41.

Ұрымқай ауылы

5

42.

Қарашілік ауылы

4

43.

Дмитриевка ауылы

4

44.

Көрнекті ауылы

2

45.

Кіндікқарағай ауылы

2

46.

Красный Кордон ауылы

2

47.

Күлстан ауылы

1

48.

Ынталы ауылы

1



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады