Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 29.04.2021 № 7С-7/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 3-1 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 1 наурыздағы № 6С-25/9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6477 болып тіркелген, 2018 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
"2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және Щучинск қаласы, Бурабай кенті, Атамекен ауылдық округі, Абылайхан, Зеленобор, Златополье, Қатаркөл, Кенесары, Ұрымқай ауылдық округтері үшін 2018 жылғы 1 қаңтардан және Успеноюрьев, Веденов ауылдық округтері үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай аудандық мәслихаттың LІІІ сессиясының төрағасы |
Р.Кайдаулов |
Бурабай аудандық мәслихат хатшысы |
У.Бейсенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бурабай ауданының әкімдігі |