Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 17 мамырдағы № 39 "Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8305 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Ақтөбе облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы";
шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін берілсін.";
көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың төрағасы | Г. Суентаева |
2023 жылғы 9 маусымдағы № 29 шешіміне қосымша |
|
Облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 17 мамырдағы № 39 шешіміне 1-қосымша |
Ақтөбе облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы тізбесі
№ | Аурулар атауы | Халықтың санаты | Дәрілік заттарды, арнайы емдеу өнімдерді және медициналық бұйымдарды тағайындау үшін көрсетілімдер (дәрежесі, сатысы, ағын ауыртпалығы) | Дәрілік заттардың (шығару нысаны), арнайы емдеу өнімдердің және медициналық бұйымдардың атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар | ||||
1. | Өкпе артериясының гипертензиясы | Диспансерлік есепте тұрған, барлық санаттар | Ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері |
Силденафил, |
Риоцигуат, пленкалық қабықпен жабылған таблетка | ||||
Көпсалалы консилиумның шешімі бойынша | Мацитентан, таблетка | |||
Селексипаг, таблетка | ||||
Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта (дәрілік заттардың айналысы саласындағы уәкілетті орган бекіткен) балаларға қолдануға қарсы көрсетілімдері туралы нұсқамасы бар дәрілік затты бірыңғай дистрибьютор сатып алған жағдайда, дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде пациенттің жеке өзіне жақпаған жағдайда | Бозентан, таблетка, қабықпен жабылған | |||
2. | Жүйелі беріштену (жүйелі склеродермия) | Ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері | Метилпреднизолон, таблетка | |
Пеницилламин, таблетка, капсула | ||||
3. | Крон ауруы, спецификалық емес ойықжара колиті | Инфликсимаб, көктамыр ішіне енгізугеарналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ | ||
4. | Бехчет ауруы | Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді, тері астына енгізуге арналған ерітінді | ||
5. | Аяқталмағаностеогенез | Ибандрон қышқылы, қабықпен жабылған таблетка | ||
6. | Кистоздық фиброз (муковисцидоз) | Ацетилцистеин, ішуге арналған ерітінді дайындауға арналған көпіретін таблетка, ішуге арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, ингаляцияға арналған ұнтақ | ||
7. | Бехтерев ауруы, анкилоздаушы спондилит | Метотрексат, инъекцияға арналған ерітінді | ||
8. | Миелодисплатикалық синдромдарды, апластикалық анемия, имунды тромбоцитопения қоса алғанда, лимфалық, қан өндіру және солар тектес тіндердің қатерлі ісіктері | Третиноин, капсула | ||
9. | Амиотрофиялық бүйірлік беріштену | Рилузол, таблетка | ||
10. | Оптиконевромиелит (Девик ауруы) | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша | Ритуксимаб, көк тамыр ішілік инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат | |
11. | Көптеген миелома | Иксазомиб, таблетка | ||
12. | Жүйелік қызыл жегі | Белимумаб, инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат | ||
13. | Шашыраңқы беріш | Көпсалалы консилиумның шешімі бойынша | Кладрибин, таблетка | |
14. | Өкпе обыры | Алектиниб, таблетка | ||
15. | Емшектің обыры | Рибоциклиб, таблетка | ||
16. | Ювенилдіқ идиопатикалық артрит | Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар | Ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері | Тоцилизумаб, инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат |
Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітіндісі, тері астына енгізуге арналған ерітінді | ||||
Канакинумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді | ||||
17. | Гематологиялық аурулар, гемабластоздар, апластикалық анемия, имунды тромбоцитопения қоса алғанда | Урсодезоксихол қышқылы, капсула | ||
18. | Туабіткен гиперинсулинизм | Диазоксид, капсула | ||
19. | Буллезді эпидермолиз | Декспантенол, крем, жақпамай | ||
Судокрем, мырыш оксиді негізіндегі гипоаллергенді крем | ||||
Аргосульфан (Күміс сульфатиазол), крем | ||||
20. | Көмейдің стенозы | Будесонид, ингаляцияға арналған дозаланған суспензия | ||
Фенотерол + Ипратропия бромиді, ингаляцияға арналған | ||||
21. | Бастапқы иммун тапшылықтары | Интерферон гамма (Ингарон), ерітінді дайындауға лиофилизаты | ||
Итраконазол, таблетка | ||||
Сульфаметоксазол және Триметоприм, ішуге арналған суспензия, таблетка | ||||
22. | Туа біткен ихтиоз | Декспантенол, крем, жақпамайы | ||
23. | Бронх өкпенің дисплазиясы | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша | Паливизумаб, бұлшықет ішіне арналған ерітінді | |
24. | Жүйке жүйесінің аурулары | Ұлы Отан соғысының ардагерлері: 1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi; 2) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылыс жайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілер. Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері: 1) бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда); 2) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер; 3) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; 4) бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; 5) Ауғанстан дағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер; 6) 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан –Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері; 7) 2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезенде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері; 8) 1986-1991 жылдар аралығындағы кезенде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары. Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 6-бабына сәйкес жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар. | Ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері | Бетагистина дигидрохлориді, таблетка |
Пентоксифиллин, таблетка | ||||
Зопиклон, таблетка | ||||
25. | Ас қорыту органдарының аурулары | Мультиферменттер (липаза, протеаза), таблетка | ||
Лактулоза, шәрбат | ||||
Урсодезоксихол қышқылы, капсула | ||||
26. | Тынысалу жүйесі аурулары | Амброксол, шәрбат | ||
Хлоропирамин, таблетка | ||||
Карбоцистеин, шәрбат | ||||
27. | Несеп-жыныс жүйесі аурулары | Финастерид, қабықпенжабылған таблетка | ||
Тамсулозин,босап шығуы бақыланатын, босап шығуы ұзартылған таблетка, босап шығуы модификацияланған капсулалар | ||||
28. | Омыртқа бағаны мен қозғалыс органдары аурулары | Кетопрофен, крем, гель | ||
29. | Көз ағзасы аурулары | Дексаметазон, көзтамшылары, көз майы | ||
Дексаметазон + тобрамицин, көз тамшылары | ||||
Тетрациклин, көз майы | ||||
Ацикловир, көз майы | ||||
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық бұйымдар | ||||
30. | Буллезді эпидермолиз | Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар | Ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері | Күмісі бар майланған таңғыш; Фарм препаратсыз таңғыш; Стерильді таңғыш; Абсорбциялайтын стерильді таңғыш; Абсорбциялайтын таңғыш; Бұласыр; Гидротюль, гидроактивті майланған таңғыш; Перуан бальзамы бар майланған таңғыш; Стерильді майлықтар; Бекітетін созылмалы бинт; Бекітетін бинт; Торлы құбырлы бинт; Жұмсақ стерильді емес мақталы бинт; Хлорамфеникол негізіндегі стерильді таңғыш |
31. | Туа біткен ихтиоз | Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар | Ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері | Тері күтімі эмоленттері |