Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 13.02.2023 № 30 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2023 бастап туындаған қатынастарға таралады).
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабының 2-тармағының 8-4) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы бойынша балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | О. Уразалин |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 352 қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысы бойынша балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Үйірме атауы | Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің саны | Бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) |
Ғылыми - техникалық бағыт - 525 | |||
Оның ішінде: | |||
1 | Компьютерлік графика | 50 | 14245 |
2 | Жас радиотехник | 25 | 14245 |
3 | Қызықты электротехника | 25 | 14245 |
4 | Судомодельдеу | 25 | 14245 |
5 | Авиамодельдеу | 25 | 14245 |
6 | Автомодельдеу | 25 | 14245 |
7 | Робототехника | 50 | 14245 |
8 | Веб - бағдарламалау (Java Script, HTML, CSS) | 50 | 14245 |
9 | Бағдарламалау (Python, Java, C) | 50 | 14245 |
10 | SMM және блогерлік | 50 | 14245 |
11 |
Мобильді қосымшаларды | 50 | 14245 |
12 | Жасанды интеллект | 50 | 14245 |
13 | Бизнес негіздері | 50 | 9680 |
Көркем - эстетикалық бағыт - 1685 | |||
Оның ішінде: | |||
1 | Жетіген | 100 | 9680 |
2 | Вокал | 75 | 9680 |
3 | Ұлттық би | 200 | 9680 |
4 | Спорттық бал биі | 50 | 9680 |
5 | Заманауи (эстрадалық) би | 150 | 9680 |
6 | Домбыра | 100 | 9680 |
7 | Модель мектебі | 120 | 9680 |
8 | Керамика және мүсін | 30 | 14245 |
9 | Бейнелеу өнері | 100 | 14245 |
10 | Ментальды арифметика | 100 | 9680 |
11 | Жас полиглот | 400 | 9680 |
12 | Шешендік өнер | 100 | 11378 |
13 | Актерлік шеберлік | 160 | 12377 |
Көркем - эстетикалық бағыт (ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін) - 60 | |||
1 | Бейнелеу өнері | 30 | 22766 |
2 | Керамика және мүсін | 30 | 23766 |
Дене тәрбиесі - спорттық бағыт - 2380 | |||
Оның ішінде: | |||
1 | Үлкен теннис | 100 | 13449 |
2 | Ат спорты | 60 | 17733 |
3 | Дойбы | 100 | 9680 |
4 | Шахмат | 100 | 9680 |
5 | Көркем гимнастика | 20 | 14520 |
6 | Каратэ | 150 | 13449 |
7 | Самбо | 150 | 13449 |
8 | Тоғызқұмалақ | 120 | 9680 |
9 | Қазақша күрес | 50 | 13449 |
10 | Бокс | 20 | 14520 |
11 | Ұлттық ойындар | 10 | 13449 |
12 | Жүзу | 1500 | 17733 |
Дене тәрбиесі - спорттық бағыт (ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін) - 330 | |||
1 | Көркем гимнастика | 30 | 24755 |
2 | Жүзу | 200 | 27968 |
3 | Дойбы | 50 | 13745 |
4 | Шахмат | 50 | 13745 |
Тарихи - өлкетану бағыты - 20 | |||
1 | Туризм | 10 | 113778 |
2 | Жас тарихшы | 10 | 9680 |