Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 427 "Ақтөбе облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атауларын және индекстерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 431 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 қаңтарда № 26415 болып тіркелді

      Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 427 "Ақтөбе облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атауларын және индекстерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5951 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақтөбе облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары және индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігінің Автомобиль
жолдары комитеті" республикалық
мемлекеттік мекемесі

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 431 қаулысына қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 427 қаулысына қосымша

Ақтөбе облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары және индекстері

Автомобиль жолының индексі

Автомобиль жолының атауы

Жалпы ұзындығы (шақырым)

1

2

3

4

1

KD-1

"Ақтөбе - Родниковка - Мәртөк", 05-93 шақырым"

88

2

KD-2

"Дөң - Бадамша - "Ақтөбе - Орск", 7-75 шақырым"

68

3

KD-3

"Шұбарқұдық - Ойыл - Қобда - Соль-Илецк", 0-373 шақырым"

373

4

KD-4

"Покровка - Темір - Кеңқияқ - Ембі", 0-179 шақырым"

179

5

KD-5

"Ақтөбе - Болгарка - Шұбарқұдық", 16,5-191 шақырым"

174,5

6

KD-6

"Қобда - Мәртөк", 0-82,565 шақырым"

82,565

7

KD-7

"Ақтөбе - Орск" - Петропавловка - Хазретовка", 0-36 шақырым"

36

8

KD-8

"Шалқар - Бозой - Өзбекстан Республикасы шекарасы (Нүкіске)", 0-242 шақырым"

242

9

KD-9

"Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы", 21,5-35,3 шақырым"

13,8

10

KD-10

"Ақтөбе - Орск", 8-16 шақырым"

8



Барлығы:

1264,865


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады