Алға ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 89 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 1 наурызда № 8068 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 24 тамыздағы № 212 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 24.08.2022 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27 баптарына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алға ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Алға ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 261 "Алға ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5626 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 тамызда "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Алға аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің орынбасары Г.Ж. Ахметоваға жүктелсін

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алға ауданының әкімі М. Аккагазов

  Алға ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 89 қаулысына қосымша

Алға ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Елді-мекеннің атауы

Көшпелі сауданы жүзеге асыратын орындар

Алға қаласы

1

Алға қаласы

Байтұрсынов көшесі бойындағы № 15А үйдің сол жағы

Ақай ауылдық округі

2

Ақай ауылы

В.Фоменко көшесі бойындағы № 41А үйдің сол жағы

Бесқоспа ауылдық округі

3

Бесқоспа ауылы

Ш.Уалиханов көшесі бойындағы № 27 үйдің оң жағы

Бестамақ ауылдық округі

4

Бестамақ ауылы

Есет батыр көшесі бойындағы № 110 үйдің сол жағы

Карабұлақ ауылдық округі

5

Қарабұлақ ауылы

Әйтеке би көшесі бойындағы № 131 үйдің сол жағы

Қарағаш ауылдық округі

6

Қарағаш ауылы

Ақсарай көшесі бойындағы № 12 үйдің оң жағы

Қарақұдық ауылдық округі

7

Қарақұдық ауылы

Федорченко көшесі бойындағы № 49 орналасқан Мәдениет үйінің оң жағы

Қарахобда ауылдық округі

8

Қарахобда ауылы

Ағниязов көшесі бойындағы № 1 үйдің оң жағы

Маржанбұлақ ауылдық округі

9

Маржанбұлақ ауылы

А.Кұнанбаев көшесі бойындағы № 19/а үйдің сол жағы

Сарыхобда ауылдық округі

10

Сарыхобда ауылы

Жастар көшесі бойында орналасқан, Сарыхобда орта мектебінің сол жағы

Тамды ауылдық округі

11

Тамды ауылы

Есет батыр көшесі бойындағы № 40 үйдің сол жағы

Тоқмансай ауылдық округі

12

Токмансай ауылы

Жаманбаев көшесі бойындағы № 25 үйдің оң жағы

Үшқұдық ауылдық округі

13

Үшқұдық ауылы

Мерей көшесі бойындағы № 21 А үйдің сол жағы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады