Шектеу іс-шараларын алу және Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қаласы әкімінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 189 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қаласы әкімінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 5 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 қаңтарда № 7985 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 2-6-3/176 ұсынысы негізінде, Алға қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі-қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, Алға қаласының Комсомольская және Сарыжайлау көшелерінің аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қаласы әкімінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 189 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7318 тіркелген, 2020 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды қала әкімінің орынбасары Б.А.Досымовқа жүктелсін.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алға ауданы
Алға қаласының әкімі
Н. Сурбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады